Клаузиус постулаты
деп
аталып кеткен бұл тәжірибелік қорытынды
термодинамиканың
екінші заңын
тұжырымдаудың алғашқы тарихи нұсқасы болатын. Ол
былайша оқылады:
Жалғыз ғана нәтижесі – энергияны салқын денеден жылырақ
денеге өткізе алатын процестің жүзеге асуы мүмкін емес.
Бұл тұжырымдаманың физикалық мағынасы мынаған саяды.
Термодинамиканың екінші заңы энергияның өз бетімен салқын де-
неден жылырақ денеге өтуіне шек қояды. Ал еріксіз мәжбүрлеу жо-
лымен салқын дененің бойындағы энергиясын шым-шымдап алып,
жылырақ денеге өткізуге шек қоймайды. Яғни энергияны салқын
денеден жылырақ денеге өткізудің басқа амалдарының барлығын
аңғартады. Осындай амалдарға, мысалы, суытқыш машиналардың
жұмыс істеу принциптері жатады. Суытқыштар сыртқы күштердің
жұмысы арқылы энергияны салқын денеден алып, жылы ортаға өткізе
алады.
Достарыңызбен бөлісу: |