74
§15.
1.
Термодинамиканың бірінші заңы энергияның
сақталу және айналу
заңының қандай қырларын сипаттайды?
Энергияның жылу процес-
теріндегі өту бағыттары жөнінде не айтады?
2.
Табиғаттағы жылу алмасу процесінің
қайтымсыздығын қандай құбы-
лыстар айғақтайды? Не себептен процестердің қайтымсыздығын Ғалам-
дық құбылыс деп санайды?
3.
Термодинамиканың екінші заңы деп қандай заңдарды айтады?
4.
Клаузиус постулаты қалай тұжырымдалады?
Оның физикалық мағы-
насы нені білдіреді?
5.
Тоңазытқыштың жұмыс істеу принципі қандай физикалық құбылысқа
негізделген? Сұлбасын салып түсіндіріңдер.
6.
Термодинамиканың екінші заңы қысқаша қалай тұжырымдалады?
Бірінші және екінші текті «мәңгі» қозғалтқыштар
деп қандай қоз-
ғалтқыштарды айтады және олар не себепті жұмыс істей алмайды?
Үй тоңазытқышының арт жағындағы
сұйылтқыш конденсатордың
торларына
қолдарыңды абайлап жанастырып,
оның температу-
расы мен бөлме температурасының айырмашылығын сезініңдер.
Қайсысының температурасы жоғары
болғанын дәптерлеріңе жазып
алыңдар.
«
Үй тоңазытқышының мұздатқышындағы
температура қалай ретте-
леді?» деген сұраққа жауап жаза отырып, сұйылтқыш конденсатор мен
бөлме температурасының айырмашылығын түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: