Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


ЭТИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ПАТОГЕНЕЗІ



Pdf көрінісі
бет120/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ЭТИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ПАТОГЕНЕЗІ
Невроздың пайда болуы психикалык жаракаттың болуына байланысты. 
Невроздардың жеке нұскаларының түзілуінщ өзіндік ерекшеліктері бар: 
психикалык жаракаттың сипаты мен тұлға типіне тәуелді патогенетикалык 
механизмдері. Невроздың түзілуі психогенді зияндылыктар мен тұлғаның өзара 
әсерлесуі нәтижесінде болады. Психикалык тұрғыдан адам каншалыкты төзімді 
болса, невроз тудыратын психогенді зияндылык соғұрлым интенсивті және


222
XII Тарау. Невроздар
ұзак әсер етуі керек және керісінше. Сонымен катар, тұлға невроздың жеке 
түрлерінің дамуына себепкер болады, сондай-ак, психикалык жаракат сипаты 
пайда болатын невроз түрін аныктайды. Мысалы, жоғары эмоционалды козу 
ерекшелігі бар тұлға неврастенияға бейім келеді, психастениялык мінез-қүлықгы 
тұлға — жабыскак жағдайлар неврозына бейім. Жоғары эмоционалды бакылауды 
талап ететін психикалык жаракат жағдайы неврастенияға жиі әкеледі, сәттілікке 
және өмірге кауіп төндіретін психикалык жаракат истериялык немесе фобиялык 
неврозға алып келеді.
Невроздардың психопатологиялык симптоматикасы әр түрлі соматове- 
гетативті және биохимиялык көріністермен бірге жүреді. Көптеген батыс пси- 
хологтары мен психиатрлары невроздарды З. Фрейд теориясы тарапынан 
түсіндіруге тырысады, яғни, олардың психопатологиялык көріністерін ерте 
балалык шакта орын алған психикалык жаракаттармен, мысалы, баланы ана 
кеудесінен ажырату және т.б. байланыстырады.
ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОСТИКАСЫ
Невроздарды психоздардың психотикалык формасынан ажырату жеңіл. 
Невроздарға мынадай психикалык бұзылыстар тән емес: галлюцинация, 
сандырак, интелектуалды-мнестикалык, кататониялык және ауыр аффективті 
бұзылыстар. Әр түрлі невроздардың симптоматикасы өзіндік сезім ж әне өз 
жағдайының дертті өзгеруін бейнелейді. Наукас өз жағдайына сын көзбен карап, 
өзінің наукас екендігін түсінеді.
Дерт психикалык жаракатпен байланысты екенін кейде наукастардың өздері 
де айтады. Олардың интеллектуалды кызмет сапасы төмендемеген. Аса 
шаршағыштык байкалады, бірак оларға жұмыс алдында демалуға жеткілікті 
уакыт берілсе, олар жұмысты дұрыс орындайды. Наукастарда туыстарына деген 
жылы катынас сакталады.
Невроздарды невроз тәрізді жағдайлардан ажырата білу керек, олар көптеген 
ауруларда, соның ішінде психоз кезінде де кездеседі. Соңғы аталған жағдайларда 
невроздык бұзылыстардан бөлек негізгі ауруға тән тұлғалык өзгерістер болады. 
Сондай-ак, невроз тәрізді симптоматиканың өзіндік біркатар ерекшеліктері 
бар, олар сәйкес бөлімдерде келтіріледі.
ЕМІ
Невроздар емі кешенді болуы керек ж әне ол тек жүйкелік-психикалык 
бұзылыстарды ж әне оның себептерін жоюға бағытталып коймай, сонымен 
катар, наукастың жалпы жағдайын күшейтуге бағытталуы керек. Ең алдымен, 
эмоционалды кернеліс пен үрейді басу керек. Бұл транквилизаторлар көмегімен 
іске асырылады. Терең невроздык бұзылыстар кезінде кейбір нейролептиктерді 
де колданады. Депрессивті көріністер орын алғанда, антидепрессанттар 
тағайындалады. Неврозбен ауыратын наукастарда үнемі ұйкы бұзылысы бола- 
ды, ол транквилизатор мен калпына келтіріледі; егер транквилизаторлар 
көмектеспесе, онда, косымша, ұйыктар алдында ұйыктататын дәрі беру кажет.


Невроз профилактикасы мен сараптамасы
223
Мұндай жағдайда гипнотикалык касиеті бар дәрілер колданылады, мысалы, 
радедорм, эуноктин, феназепан, хлорпротиксен. Үйкыға кету (киындағанда) 
уакыты ұзарған жағдайда димедрол, пипольфен сиякты дәрілер жаксы әсер 
етеді, сондай-ак, транквилизатордың жеңіл гипнотикалык әсері бар түрлері — 
элениум рудотель және т.б. жаксы нәтиже береді. Физиотерапиялык емдеу 
тәсілдері де жаксы нәтиже береді: гидропроцедура, электроұйкы, ионофорез.
Невроздарды емдеуде психотерапияға үлкен рөл беріледі. Психотерапияның 
алдындағы міндет әр түрлі, бірінш іден, неврозды к жағдайға әкелген 
жаракаттаушы ситуацияның наукас үшін маңыздылығын басу керек. Бірінші 
міндетті ұтымды орындағанда, келесі міндеттерді шешуге, соның ішінде, стрестік 
жағдайларға адамның бейімделу дәрежесін жоғарылату жолдарын карастыруға 
көшу кажет. Егер психогения көзі бұрыс жанұялык катынас болып табылса, 
онда дәрігер оны калыптастыруға көмектесуі кажет.
Невроз кезіндегі психотерапия мен оның міндеттері психопатияларды емдеу 
кезіндегі максат пен принциптерге ұксас (14-тарау караңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет