32
II Тарау. Психиатриядағы негізгі даму бағыттары
берді, олардың ойынша, санадан тыс сфераның құрылуында бұл үлкен рөл
атқарады.
Авторлар өздерінің концепциясын психодинамикалық деп атай отырып,
психикалық дамудың динамикалық принципін, сонымен қатар, эмоциялық
принципті де теріске шығарды. Олар неліктен балалық шақта қалыптасқан
эмоциялық реакцияның немесе күйзелістердің қандай да бір түрі уақыт өте
түзелмейтіндігіне қандай да болмасын түсініктеме бермеді. Авторлар эмоциялық
көріністерді тұлғаның психикалық қасиеттерінің жалпы жиынтығынан тыс
қарастырды. Қорқыныш, үрей, мазасыздық, сенімсіздік сияқты эмоционалды
күйзелістердің патогенді рөліне баса назар аудару арқылы психодинамикалық
концепцияның, инстинктивті өмір сүру саналы өмір сүруден басым деп нақты
айтқан фрейдизммен әдіснамалық бірлігін дәлелдеді. Психикалық аурулар,
жүріс-тұрыс аувижулары тұлғаның өмірлік ситуациялармен күресу мүмкіндігінің
болмауы деп түсіндірілді, ал тұлға әлсіздіктерінің тамыры эмоционалдық
тәжірибеде жатыр делінді. Психодинамикалық психиатрия фрейдизммен
әдіснамалық жағынан ортақ болып табылады, тек комплекстердің құрылу си-
паты және шарты бойынша ғана ажыратылады. Ол көптеген шетелдерде, әсіресе
батыста кең қолданыс тапты.
Материалистік психология және патопсихология дамуында маңызды мәселе
психикалық ж әне соматикалық өзара қатынастың механизмін ашу болды.
И.М. Сеченов пен И.П. Павловтың құрған рефлекс концепциясы психикалық
ж әне соматикалық арақатынасты, сонымен қатар ми қызметінің бейнелеу
қызметін түсіндіруде және зерттеуде жаңа ғылыми-әдіснамалық тәсіл ашты.
С.Л. Рубинштейннің ойынша (1957) психикалық қызметті рефлекторлы сипат-
та түсіну — психикалық қызметті ми қызметімен байланыстырушы міндетті
құрал болып табылады. Ми қызметін рефлекстік сипатта қарастыруда екі іргелі
(психика және ми қызметі) қызмет бірге алынады.
Психиатрияда клиникалық және патопсихологиялық профильдегі қарқынды
зерттеулермен қатар, психикалық бұзылыстарға тән мидағы, науқас ағзасындағы
нақты материалдық өзгерістерді анықтауда үнемі әр түрлі әдістер қолданылып
отырды. Бұл бағыт биологиялық психиатрия деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: