Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


III Тарау  ПСИХИАТРИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ



Pdf көрінісі
бет18/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

III Тарау 
ПСИХИАТРИЯЛЫҚ КӨМЕКТІҢ 
ЖӘНЕ ПСИХИАТРИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ДАМУЫ
ҚЫСҚА ТАРИХИ МАҒЛҰМАТ
Жан ауруларына алғашқы түсініктер беру әдетте, Гиппократ есімімен бай­
ланысты. Оның берген түсініктемелері қарапайым материалистік сипатта бол­
ды. Атақты ежелгі грек дәрігері былай деп санады: «Адам денесіндегі барлық 
аурулар басты төрт сұйықтың: қанның, сілекейдің, қара және сары өттің тепе- 
теңдігінің ауытқуынан болады». Гиппократ еңбектерінен жан ауруларының 
тұқым қуалап берілуі туралы мағлұматтарды табуға болады.
Адамның психикалық қызметінің нормасы және патологиясын анықтауға 
бағытталған әрекеттерді философтардың еңбектерінен де көруге болады.
Платон «Адамның барлық психикалық қызметі адамның басында болады» 
деп тұжырымдады. Аристотель «О памяти и воспоминаниях» кітабында мынадай 
жағдайларды баяндады: «Адамдар жалған бейнелерді «шындық ретінде 
қабылдады», дертгі қорқыныштар жағдайларын «патологиялық адам жегіштікке» 
санады». Келесі ғасырлар жан аурулары туралы ешқандай жаңалықтар әкелмеді. 
Тек 300 жылдан кейін Рим азаматы Авл Корнелий Цельс психикалық аурулар 
жөнінде қысқаша, жүйелі ілім ашты. Цельс дәрігер де, философ та болған емес, 
ол тек өзінің өмір сүру кезеңінде барлық бағытта барынша толық энциклопеди- 
яны жасауымен белгілі болды. Медицина бөлімінде Цельс психикалық аувижулар 
классификациясын жүргізді. Ақылдан адасу 3 түрге бөлінді: френит — психикалық 
жеңіл қозудан бастап күшті тітіркенгіштік жағдайына жететін жедел басталатын 
қызба; меланхолия — жай басталатын бірінші жағдаймен салыстырғанда, ұзақ 
жүретін, қайғымен көрінетін және қара өттің жайылуына байланысты туындай- 
тын жағдай; бұл жағдайда адамды ақыл ойы мен қабылдау сезімі алдайды.
Цельс бұл ауруларды емдеуде құстыратын дәрілер, аштық, ауруды ұрып- 
соғуды, байлауда ұстауды ұсынды. Рим и м периясы ны ң күйреуі ж әне 
феодализмнің дамуы кезінде ғылым мен философияның дамуы өте баяулап 
қалды, тіпті тоқтап қалды. Ғылымда дін мен сенімнің ықпалы ауқымды болды 
және психиатрия да оның ықпалынан тыс қалмады.
Егер, орта ғасырлар психиатрияның салыстырмалы түрде дамуымен бейне- 
ленсе, ал XIV ғасырдың аяғынан бастап XVII ғасырдың басына дейін діннің 
күшіне енген қатігездік кезеңі болды.
¥лы географиялық ашылулар кезеңі басталғаннан кейін шіркеудің беделі 
бірден төмендеп кетті. Психиатриялық көмек алғашында психикалық аурулар- 
ды қоғамнан бөлектеумен ғана шектелді. XVIII ғасырда психикалық ауруларға


Қысқа тарихи мағлүмат
39
арналған мемлекеттік пансионат құр^ілды. Пансионаттарды аурухана деп атауға 
болмайтын еді. Ол өте қатаң, тіпті түрме тәртібін сақтаған ерекше орын еді. 
Науқастар ешқандай ем қабылдаған жоқ, нашар тамақ берілді, лас және салқын 
жерде отырды, оның үстіне бақылаушылардан жүйелі түрде таяқ жеп отырды. 
Психиатрия ғылым ретінде дамығанымен, іс жүзінде жаны күйзелгендерге 
ешқандай көмек көрсетілген жоқ. Кейбір дәрігерлер мен оқымыстылардың 
психикалық ауруларға арналған пансионаттардағы патшалық құрған тәртіпті 
әшкерелегенімен, ¥лы француз көтерілісіне дейін іс жүзінде жағдай өзгерген жоқ.
Францияның бірінші үкіметінің нұсқауымен 1891 ж. психикалық аурулармен 
айналысатын комиссия құрылды. 1792 ж. комиссияның ұсынысымен Бисетр 
ауруханасына (сол кезеңдегі Франциядағы аса ірі ерлерге арналған психиатриялық 
аурухана) бас дәрігер болып Филипп Пинель тағайындалды. Бисетрде Пинель 
жаны күйзелгендерге тұтқындар есебінде емес, емдеу орнының пациенттері 
ретінде қарауға тырысты. Оның бұйрығымен әуелі Бисетрде, артынан Сальпе- 
триерде (әйелдер психиатриялық ауруханасы) аурулардан шынжыр алынып 
тасталды. Пинель жаны ауыратындарды емдеудің тұтас әдістемесін жасап 
шығарды. Осы әдістемелер және басқа да медицинаның теориялық мәселелері 
Пинельдің атақты «Трактат о душевных болезнях» деген кітабында жарық көрді.
Англияда жаны ауыратындардың жағдайында айтарлықтай өзгерістер 
XIX ғасырдың 40—50 жылдарында ғана болды. Аурулар жағдайының жақ- 
саруының инициаторы Джон Конолли болды және кей тұстарда ол Пинельден 
де асып түсті. Пиннель бұғауды алып тастады, бірақ көнбіс көйлектерді (сми­
рительные рубашки) қалдырды, ал Конолли оларды доғарды, ешқандай 
ығыстырмау принципін қойды.
Психиатрияны оқыту мәселесі медицинаның басқа пәндерімен салыс- 
тырғанда, үлкен кедергілермен шешілді. Психиатрияның университеттерде 
міндетті пән ретінде оқытылуына қол жеткізуге бір ғасырға жуық уақыт кетті. 
Психиатрияны міндетті пән ретінде елемей келген бұл ұзақ жылдар сол кезде 
психиатрияны арнайы оқыту болмады дегенді білдірмейді.
Мыстандарды аулау және оларды отқа жағумен (олардың арасында жан дертімен 
ауыратындар көп болды) есте қалған орта ғасыр кезеңінде дәрігерлердің психиа- 
триямен таныс болуға мүмкіндіктері болды. Ол кезде Салерн мектебі (Италия) 
атақты болды. Салерн мектебінде психиатрияны «Меланхолия туралы» трактаттың 
авторы, атақты Константин Африканский оқытты. Бірақ психиатрияны оқытудың 
арнайы жүйелі бастамасы деп XVIII ғасырдың соңын айтуға болады.
Психиатрияны арнайы және жүйелі оқытудың мұндай алғашқы тәжірибесі 
Солтүстік Бонифация госпиталінің директоры, медицина академиясының про- 
фессоры флоренциялық Винченцо Киаруджи есімімен байланысты. Ол өзінің 
психикалы қ ауруларға арналған ауруханасында науқастарға ф изикалы қ 
ығыстыру тәсілін қолданбады, бұл сол уақыттағы алға басқан қадам болатын. 
Ол психикалық аурулар туралы дәрістер оқыды және ол дәрігерлер мен кіші 
және орта медицина қызметкерлерін оқытуға үлкен көңіл бөлді.
Ш амамен осы кезеңге ағылшын психиатры, Глазго профессоры Уильям 
Келленнің қызмет ету кезеңі сәйкес келді. Оның көптеген ізбасарлары болды. 
Ол психиатрия оқулығын жазып шығарды. Дәрігер-психиатрларды оқытудың


40
III Тарау. Психиатриялық көмектің және психиатрияны оқытудың дамуы
аналогты мектептері Ф ранцияда ашылды. Сальпетриер психиатриялық 
ауруханасының қарамағындағы мектеп Еуропада ерекше танымал болды. 
Мектепті Ф. Пинель ашты. Артынша онда оның шәкірті Ж. Эскираль жұмыс 
істеді. Оның дәрістері және науқастардың демонстрациясы көп ұзамай Фран- 
циядан тыс жерлерге де кеңінен таралды ж әне Сальпетриер ауруханасын 
психиатриялық ойлаудың еуропалық орталығына айналдырды.
Психикалық сауаттылықтың таралуында XIX ғасырдың басында кезең- 
кезеңмен шыға бастаған арнайы ғылыми журналдар, окулықтар мен нұсқаулардың 
маңызы зор болды. Олардың ішінен В. Гризингердің психиатриялық оқулығы 
ерекше аталып көрсетіледі. Психиатриялық тәжірибе кеңейіп, тәжірибелі 
мамандардың қажеттілігіартты. Психиатриялық ауруханалардың жанындағы 
мектептер психиатрлардың қажетті мөлшерін дайындауға жағдайы болмады, 
сол кезде психиатрияны оқытудың ескі әдістері уақыт талабына сай емес деп 
танылып, оны өзгерту туралы мәселе өткір қойылды. Сол кезеңнен психиатрия 
басқа медицина салаларымен бірге университет қабырғасында оқытыла баста- 
ды. Бұл жүйенің алғашқы инициаторларының бірі неміс психиатры Зольбриг 
1861 ж. бастап Баварияда психиатрияның медицина курсының міндетті пәні 
ретінде оқытылуына қол жеткізді. Осылайша психиатрия жоғарғы оқу орнын- 
да басқа пәндермен қатар орын алды. Осындай жолмен психиатрия жүз жыл 
ішінде жеке психиатрлар оқытатын п ән дәрежесінен медициналық оқу 
орнындағы міндетті пән деңгейіне дейін көтерілді.
Психиатрияның дамуында Мюнхен клиникасының қосқан үлесі ерекше. 
Мюнхен клиникасы н 1903 ж. Э. Крепелин ашты. Көрнекті клиницистің 
арқасында клиника Эскироль заманындағы Сальпетриердегідей үлкен атаққа 
ие болды. Мюнхен клиникасында білім жетілдіру курсы ашылды, оған түсу кез 
келген дәрігер-психиатр үшін үлкен абырой болып есептелді. Бұл дипломы бар 
және клиникалық тәжірибесі бар мамандарға білім берудің аса жоғарғы деңгейі 
болды. Бұл курстар қазіргі кездегі дәрігер біліктілігін жетілдіру институты 
сияқты еді.
Ресейдегі психиатриялық көмек дамуының ерте кезеңі батыс елдерінен 
айрықша болды. Психикалық аурулар тәртіп бойынша монастырьларға орнала- 
стырылды. Ресейде Батыс Еуропадағыдай қудалау болған жоқ. Сондықтан пси­
хиатрия тарихының көрнекті зерттеушісі Ю.В. Каннабах Ресейде меланхоликтер, 
шизофрениктер ж әне параноиктер қудаланбағанын, мыстанға теңеліп отқа 
жағылмағанын жазды. XVIII ғасырдың басында Ресейдің бірқатар қалаларында 
психиатриялық ірі ауруханалар салына бастады. Ондай ауруханалардың бірі 
мәскеулік Преображенск әйелдер психиатриялық ауруханасы болды (1809). Бұл 
ауруханалар тек психиатрия зерттеу орталығы ғана емес, сонымен бірге, болашақ 
психиатрларға теория мен тәжірбиені оқыту мектебі болды.
П сихиатрияны ж еке университеттерде оқыту өткен жүз жылдықтың 
30—40 жылдарында басталды.
Мәскеу университетінде психиатрия курсын профессор Х.Г. Бунге оқытты, 
Петербург медико-хирургиялық академиясында профессор П.А. Бутковский 
оқытты. П.А. Бутковский «Душевные болезни» деген бірінші орыс оқулығының 
авторы болды. Дегенмен, психиатрия медицина білімінде міндетгі пән болған жоқ.


Қысқа тарихи мағлүмат
41
Земство реформасынан кейін психиатриялық көмектің дамуының жаңа 
мүмкіндіктері пайда болды. Земстволар ескі психиатриялық ауруханаларды 
жөнге келтірді және жаңаларын салды. Психиатриялық ауруханалар қаладан 
сырт жерлерге салынды және жер көлемі үлкен болды. Земство психиатрлары 
П.И. Якоби, В.И. Яковенко, П.П. Кащенко т.б. психиатриялық көмектің да- 
муына көп үлес қосты.
С.С. Корсаков психикалық ауруларды тәрбиелеуде ж әне оларға рухани 
жақындауды тәжірибеге енгізуде үлкен рөл атқарды. Психиатриялық ауруха­
налар жетіспеді. Сонымен қатар, психиатриялық койкалар ретсіз бөлінді. 
Ресейдің еуропалық бөлігінің ірі қалалары психиатриялық койкалармен жақсы 
жабдықталды, ал орта Азия, Сібір, Закавказье аудандарында психиатриялық 
стационарлар іс жүзінде болған жоқ.
Психиатрияны міндетті п ән ретінде оқыту Ресейде 1867 ж. басталды. 
Петербургтегі әскери-медициналық академияда психикалық ауруларға арналған 
клиника ашылды. Оны орыстың тұңғыш психиатрия профессоры И.М. Балин- 
ский басқарды. Ол клиника қабырғасында емдеу жұмыстарымен қатар, кең 
көлемде оқытушылық қызмет атқарды. 1871 ж. И.М. Балинскийдің орнына 
клиниканы 1893 ж. дейін басқарған И.Г. М ержевский келді. Осы уақыт 
аралығында И.Г. Мержевский 50-ге жуық дәрігер-психиатрды дайындады. 
Олардың 11-і профессор-оқытушы дәрежесіне көтерілді. И.Г. Мержевскийдің 
басшылығымен жиырма алты диссертация және 150 ғылыми еңбек жазылды. 
Бұл орыс психиатриясының жаңа ғана дамып келе жатқан кезі болатын. 
И.Г. Мержевскийдің клиникасы сол кезде орыс ғылымының және тәжірибесінің 
негізгі қайнар көзі болатын. М.Г. Мержевский дүние салғаннан кейін кейін 
кафедраны В.М. Бехтерев басқарды. Ол неврология мен психиатрияның даму- 
ына және өзінің объективті психология жасау туралы идеясының іске асуына 
ғылыми тұрғыдан да, ұйымдастыру тарапынан да көп еңбек сіңірді. Обьективті 
психология кейін рефлексология деген атақ алды. Оның орнын өзінің шәкірті
В.Л. Осипов басты. Ол клиникалық психиатрияны құруға үлкен үлес қосты.
XIX ғасырдың аяғы отанды қ психиатрияны ң қарқы нды дамуымен 
ерекшеленді. Қазан университетінде психиатрияны оқыту 1866 ж ы лы -ақ 
басталған болатын. 1885 ж. В.М. Бехтерев психиатрия профессоры болып 
тағайындалды.
Мәскеу университетінің медицина факультетінің жеке патология және те­
рапия курсынан психиатрия мен невропатология бөлініп шықты, және оларды 
оқыту профессор А.Я. Кожевниковке тапсырылды. Ол соңынан мәскеулік 
неврология мектебінің негізін салушы даңқына ие болды. Бірақ психиатрияны 
оқытудың қиындықтары да болды. Университетте психиатриялық клиника 
болған жоқ, сондықтан да психикалық ауруларды клиникалық демонстраци- 
ялау сирек болатын. Психиатриялық клиника ашылды (3.1-сурет). Психиатрия 
кафедрасын және клиникасын басқару С.С. Корсаковқа тапсырылды.
С.С. Корсаков психикалық ауруларға деген гуманистік көзқарастың белсенді 
күрескері еді. Ол басқарған психиатриялық клиника емдеу практикасының 
үлгісі болды. Ө зінің сөздерінде ж ән е мақалалары нда ол мемлекеттік 
психиатриялық көмек жүйесін құрудың науқастарға қажеттілігін дәлелдеді.


42
III Тарау. Психиатриялық көмектің және психиатрияны оқытудың дамуы

т
Ж 
• *
О Т 7 Ч 11 
I
3.1-сурет. С.С. Корсаков атындағы Мәскеу психиатриялық клиникасы
С.С. Корсаков басқарған клиника қабырғасында көптеген шәкірттер жұмыс 
істеді. Психиатрияның әртүрлі бағыттары солардың есімдеріне байланысты. 
С.С. Корсаковтың қазасынан кейін кафедраны және клиниканы ең жақын 
шәкірттерінің бірі В.П. Сербский басқарды.
Ол сот психиатриясыны ң міндеттерін, психикалық науқастарды сот- 
психиатриялы қ бағалау критерийлерін, қоғамға қауіпті әрекет жасаған 
психикалық ауруларға жүргізілетін медициналық шараларды анықтады.
С.С. Корсаков психиатрияға психологиялық зерттеулерді енгізудің негізін 
салды. С.С. Корсаковтың жақын қызметкері А.А. Токарскийдің еңбегімен 
кафедрада эксперименталды-психологиялық зертхана ашылды. Кейін бұл 
зертхананы А.Н. Бернштейн басқарды. Оның 1907/1908 және 1908/1909 жыл-


Қысқа тарихи мағлүмат
43
дары оқыған дәрістерінде шизофрениямен ауырған науқастарға психологиялық 
мінездеме беруге аса мән берілді және олардың эмоциялық және интеллектуалдық 
қасиеттері туралы баса айтылды. А.Н. Бернш тейн аны қтаған аурудың 
ерекшеліктерін Э. Блейлер аурудың негізгі белгілері деп таныды ж әне сол 
белгілердің арқасында ауру «шизофрения» деген атау алды.
С.С. Корсаковтың психиатриялық клиникасында жасалған ғылыми ең- 
бектерде әр түрлі психикалық ауруларға жүргізілген клинико-психопатология- 
лық, патоморфологиялық зерттеулер және тағы басқа зерттеулердің нәтижелері 
көрініс тапты. Осындай зерттеулердің бірін С.С. Корсаковтың басшылығымен 
С.А. Суханов орындады.
С.С. К орсаков тамаш а лектор ж ән е шебер педагог болатын. Ол 
ты ңдауш ы лары на психи калы қ ауруларды кл и н и кал ы қ зерттеулердің 
ерекшеліктерін, аурудың психопатологиялық сипатының күрделілігін ашып 
көрсете білді. Ол сонымен қатар психиатрияны оқытудың бағдарламасын 
кеңейтуге, оны жалпы медицина мақсаттарына жақындатуға көп еңбек сіңірді.
С.С. Корсаков пен оның ш әкірттері земство психиатрлары еңбектерінің 
арқасында тиімді психиатриялық көмектің ғылыми-әдістемелік ережелері 
жасалды. Бірақ осы барлық алдыңғы қатарлы идеялардың патшалық Ресейде 
іске асырылуына мүмкіндік болмады. ¥ л ы Қазан төңкерісіне дейін Ресейде 
1000 адамға 0,3 психиатриялық койка және 320 адамға 1 психиатрдан келді. 
Қазан төңкерісінен кейін психиатриялық көмек көрсету қызметінде түбегейлі 
өзгерістер болды.
Психиатриялық көмек территориялық қызмет көрсету принципі бойынша 
құрыла бастады. Белгілі бір ауданға психиатр бөлінді. Ол психикалық ауруларға 
емдеу, ауруханаға жолдау, әлеуметтік жәрдем көрсету секілді көмек түрлерін 
қамтамасыз етті.
1918 ж. балалар психологиясы бөлімі ашылды. Ол балаларға психиатриялық 
көмек көрсетуді дамытудың бастамасы болды. 1923 ж. арнайы шешім бойынша 
психоневрологиялық диспансерлер құрылды. Бұл тұрғын халыққа тікелей 
психиатриялық көмек беруге мүмкіндік берді. Одақтас республикаларда 
психиатриялық көмек көрсету жаңадан құрылды. Медициналық жоғарғы оқу 
орындарының желісі жасалды. Жергілікті мамандардың жоқтығынан кафедра 
меңгерушілігіне Мәскеу мен Ленинградтан профессор-психиатрлар жіберілді. 
Орыс психиатриясының алдыңғы қатарлы дәстүрлерін дамыта отырып, олар 
ұлт кадрларын даярлауға үлкен үлес қосты. Жедел психиатриялық көмек көрсету 
қызметі құрылды, сонымен қатар, ауруханадан тыс психиатриялық көмек 
жүйесіне түнгі кезекшілік енгізілді. Мәскеуде Н.В. Склифосовский атындағы 
институтта жедел психиатриялық көмек бөлімшесі құрылды. Кейін жедел 
психиатриялық көмек арнайы аурухана арқылы қамтамасыз етілді.
В.А. Гиляровскийдің ұсынысы бойынша 1930—1933 жылдары психикалық 
ауруларға көмектің жаңа түрі — күндізгі стационарлар құрылды. Күндізгі ста- 
ционарлар күндізгі психоневрологиялық диспансерлер мен психикалық ауру- 
ханаларда болды. Онда аурулар күндіз болып, түнде үйлеріне қайтады. Күндізгі 
стационарлар көптеген психикалық ауруларды ауруханаларға жолдамастан 
емдеуге мүкіндік туғызды.


44
III Тарау. Психиатриялық көмектің және психиатрияны оқытудың дамуы
¥ лы Отан соғысы кезінде психикалық қызметке көптеген зиян келді. Фа- 
шистер басып алған жерлерінде көптеген ауруханалардағы психикалық ауру- 
ларды жойып жіберді. Психикалық көмекті ұйымдастыру үшін күрделі жөндеу 
тәжірибелерін қалпына келтірді.
М едициналық институттар саны ны ң өсуі психиатрларды дайындауға 
мүмкіндік берді. Арнаулы психиатриялық көмек ауруханаішілік және ауруха- 
надан тыс көмек көрсетуден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет