Психиатриялық көмек
45
К еңес өкім етінің алғаш қы ж ы лдары нда п си хи атри ялы қ көм екті
орталықтандыру және оны тұрғындарға жақындату психоневрологиялық дис
пансер ұйымы ретінде жүзеге асты. Бұрынғы Кеңес Одағындағы диспансерлік
психиатриялық көмек психиатриялық көмек жүйесі бойынша алдыңғы қатарда
болып отыр. Диспансерлік психиатриялық көмек
арқасында психиатриялық
ауруханаларда стационарлы науқастар саны азайды.
Диспансерлер науқастарға емдік және әлеуметтік көмек көрсетеді. Ауылдық
жерлерде ауруханаларда психиатриялық кабинеттер жүйесі ж әне орталық
аудандық ауруханаларда психоневрологиялық бөлімшелер бар. Осындай каби-
неттерде немесе бөлімшелерде жалпы учаскелік дәрігер және орта медқызметкер
психиатр кеңесі арқылы бекітілген учаскелеріндегі аурулармен күнделікті емдік
және профилактикалық жұмыс жүргізеді.
О рталық аудандық аурухананың диспансерлік бөлімінің құрамында
психиатриялық, неврологиялық, балалар, психоневрологиялық, наркологиялық
кабинеттер бар. Психоневрологиялық диспансер бөлімшесінің қызметкерлері
осы контингент науқастарын, әсіресе алғаш
дерттің белгісі бақыланған
науқастарды анықтауға байланысты қомақты жұмыс жүргізеді. Бұл қызметте
негізгі көмекті ауылдық учаскелік дәрігерлер, фельдшерлер, акушерлер, ауыл
тұрғындарын жақсы білетін адамдар көрсетеді.
Соңғы 10 жылда науқасты қоғамдық ортадан аластатпай емдеу түрі дамып,
етек алып келеді.
Ауруханадан тыс психиатриялық көмек жалпы емханамен тығыз байланы-
ста жұмыс жасайды. П сихоневрологиялық
диспансер мен жалпы емхана
арасындағы интеграция бұрыннан қалыптасқан, яғни, осы диспансерлерде
қызмет ететін дәрігерлер мен жалпы емхана қызметкерлері бір аймақта және
бір әкімшіліктік ауданда тұратын науқастарды еммен қамтамасыз етеді. Бұл
диспансерлік және емханалық жұмыстарды жеңілдетеді, яғни, оларға уақытылы
кеңес беру, тұрақты бақылау жасау, барлық ауруларға уақытында психиатриялық
көмек көрсету, аурулардың уақытылы дәрігерге көрінуі тәрізді жағдайлар жа-
салуда. Осы қиындықтарды жеңу үшін емханаларда психотерапия бөлмелерін
ашу туралы шешім қабылданды.
Психотерапевт бөлмесін жалпы емхана құрамына қосу үшін
ауруларға
психиатриялық және жалпы дәрігерлік көмекті бірдей көрсету қажет.
1975 ж. жалпы психиатриялық көмек жүйесінен бөлек қызмет болып нарко-
логиялық көмек бөлініп шықты. Наркологиялық көмек арнайы жабдықталған
аурухана және алкоголизмнен зардап шегетін науқастарды емдеуге арналған
наркологиялық диспансер түрінде болады. Наркологиялық диспансерлер
маскүнемдіктен, нашақорлықтан, токсикоманиядан зардап шегетін науқастарды
ерте анықтау
ж әне осы аурулардың алдын алу, емдеу, есепке тіркеу, осы
ауруларға қажет әлеуметтік көмек көрсетуді іске асырады. Кейбір мекемелерде
наркологиялық кабинеттер және фельдшерлік наркологиялық пункттер бар.