Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


ІІ-Тармақ ПСИХОГИГИЕНА ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет20/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ІІ-Тармақ
ПСИХОГИГИЕНА ЖӘНЕ 
ПСИХОПРОФИЛАКТИКА
IV Тарау 
ПСИХОГИГИЕНА
ПСИХОГИГИЕНА, МАЗМУНЫ МЕН МІНДЕТІ
Психогигиена
— халықтың психикалық денсаулығын сақтау және нығайту 
шараларын іске асыратын, сонымен бірге, адамның оңтайлы психикалық қызмет 
ету жағдайларын зерттейтін медицинаның бір саласы.
Психогигиена адамның психикалық саулығына сыртқы ортаның әсер етуін 
зерттеумен айналысады. Табиғаттағы, қоғамдағы, сонымен бірге өндірістегі, 
тұрмыстағы психикалық сфераға қолайсыз, зиянды факторларды анықтайды 
және оларды аластату жолдарын ұйымдастырады. Өндірісте ғылыми негізде 
жасалған гигиеналы қ ж ән е психогигиеналы қ нормативтердің сақталу 
қажеттілігін заңды түрде қамтамасыз етеді, жаңа өзгерістерді жетілдіруге, адам- 
зат бақыты үшін ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін толық 
қолдануға бағыттайды. Психикалық бұзылыстар, психикалық дискомфорт — 
адам денінің саулығы түсінігіне қарама-қайшы.
Психогигиена адамның психикалық саулығына сыртқы ортаның тигізетін 
әсерін зерттейді. П сихогигиена өзінің әдіснамасы ж ағы нан әлеуметтік 
гигиенаға жақын. Егер әлеуметтік гигиена әлеуметтік ортаның адам ағзасына 
тигізетін әсерін зерттеп ж әне ағзаға тигізетін зиянды факторлардың алдын 
алумен айналысса, психогигиена тек адамның психикасына байланысты 
бөлігімен айналысады. Сонымен, психогигиенаның негізгі мақсаты психикалық 
патологияның пайда болуында тұқым қуалау, биологиялық факторлардың 
мәнін ескере отырып, әлеуметтік ортаның адамның психикалық саулығына 
әсерін зерттейді ж ән е п сихикалы қ аурулардың алдын алу ш араларын 
қарастырады.


Психогигиена, мазмүны мен міндеті
47
Психогигиена ғылым ж әне іс-шаралар кешені ретінде жеткілікті білім 
жинағына және өзіндік зерттеу әдістеріне әлі де кедей. Психогигиена тарихи 
қалыптасуы бойынша психиатрияның бір бөлігі ретінде дамыды. Психогиги­
ена арқылы психиатрия мен әлеуметтік гигиена арасында байланыс жүзеге аса 
бастады. Психогигиена тұрғысында әлеуметтік гигиена әдістерін меңгеру, 
клиницист-психиатрларға профилактиканы негізгі бағыт ретінде ұстанып, 
психопатологияның әлеуметтік және биологиялық аспектілерін толық және 
дұрыс бағалауға көмектеседі.
П сихогигиенаны ң проф илактикаға бағдары, ш екаралы қ психикалы қ 
патологияға, әлеуметтік-психологиялық дезадаптирлеуші ж әне психикалық 
сфераны компенсирлеуші факторларға жоғары назар аудару, психикалық 
сау тұрғындар арасында ғылыми ж әне тәжірибелік жұмыстарды кеңейту, 
адамның оптималды психикалық қызмет ету жағдайын зерттеу соңғы кезде 
психогигиенаны медициналық психологияның бір бөлігі ретінде бағалауға 
мүмкіндік берді.
Психология
— адамның қалыптағы психикалық қызметін зерттейтін ғылым. 
Медициналық психология
— медицинаның психологиялық аспектін зерттейтін 
және патологиялық жағдайларда психикалық зерттеуді ұйымдастыратын ғылыми 
бағыт.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымының ал- 
дында тұрған нақты міндеттерді анықтауға болады, олар — сау психика мен 
үйлесімді тұлға үшін күрес. Бұл міндеттер психогигиена қызметінің бағытын 
анықтайды және осы кезеңге сәйкес теория мен тәжірибені қолданады. Оның 
бөлімдері: еңбек психогигиенасы, жасқа байланысты психогигиена, тәрбие 
және білім беру психогигиенасы, отбасы мен жыныстық өмір психогигиенасы, 
науқас адам психогигиенасы, зиянды әдеттер ж әне алкоголизммен күрес.
Спорт, әскери, инженерлік, космостық психогигиена аумағында және т.б. 
жұмыстар жүргізілуде:
Психогигиена жетістіктерін тәжирибеге асыру құралдары:
1) мемлекеттік және қоғамдық мекемелерге адамның әр түрлі әлеуметтік 
қызметін қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нормативтер мен 
кепілдемелер жасау;
2) халықтың нақты контингентін үйрету, психогиеналық біліммен алмасу, 
дағдылар үйрету (медицина қызметкерлеріне, педагогтарға, ата-аналарға);
3) тұрғындар арасында кең көлемді психогигиеналық санитарлық-ағарту 
жұмыстарын жүргізу;
4) қоғамдық ұйымдарды қамти отырып, кең көлемде психогигиеналық білімді 
үгіттеу.
Психогигиена пәнінің мәселесі мен мазмұны арасындағы көзқараста бірлік 
жоқ. Батыс елдерінде оның шекарасын кеңейту үрдісі бар. Ол — психогигие- 
наны жалпы мемлекеттік қызмет деңгейіне көтеру, бүкіл қоғамдық іс деп қарау, 
ал денсаулық сақтау саласында тек психопрофилактиканы есепке алу. Екінші 
жағынан, психогигиена ^зіреттілігі күрт тарылады және емдеу әдісімен, соның 
ішінде психотерапиямен теңеседі. Психотерапияның негізін салушылардың 
бірі З. Фрейд болып табылады. Психоанализді жақтаушылар дертке шалдыққан


48
IV Тарау. Психогигиена
капиталистік қоғамды жеке және топтық психотерапияны кең қолдана отырып 
«емдеу» мүмкін деп санайды. Кей жағдайда психогигиена және медициналық 
психогигиена, психогигиена ж ән е әлеуметтік психогигиена түсініктері 
біріктіріледі.
Ш етел медицинасында психогигиенаның шығу тегіне көзқарастардың 
әр түрлі болуы идеялық алауыздықты бейнелейді. Психиканы материалдық 
негізінен бөле отырып, психикалық үрдістерді идеяның, жан дүниенің өзіндік 
дамуының нәтижесі ретінде қарап, идеалистер медицинадан, психиатриядағы 
нозологиялық принциптен бас тартты, олар психология мен психопатология 
арасында айқын айырмашылық жоқ деген ой айтты.
Олардың айтуы бойынша, психикалық бұзылыстар стресс нәтижесінде 
дамиды — адамның конфликтіге жауап беру формасы. Олардың пікірінше, 
мемлекеттік құрылым мен капиталистік жүйелер ақаулары конфликтілі 
жағдайларды туындатып, психикалық ауру дамытпайды, ал техникалық про­
гресс адам өміріне қауіп төндіреді. Осылайша шынайы себеп-салдарлық 
қатынастар бұлыңғырланады, патологияның көзі болып адамның өзі, оның туа 
біткен әлсіздіктері, цивилизациялық ортаға қарсы тұру мүмкін еместігі болып 
табылады.
Шетел психогигиенасы назарында әлеуметтік зиянды факторларды анықтау 
және оларды зерттеу емес, адам тұлғасы, оның дұрыс түзілуі, оның коррекци- 
ясы және терапиясы болды. Бұл жағдайда тұлға идеалистік, яғни, қоғамдық 
қатынастарды тасымалдаушы емес, тұлғаның әлеуметтік табиғатынан бөлек 
сипатта қарастырылады, олар жеке бастың әлеуметтік ж әне биологиялық 
бірлігін теріске шығарады.
Жалпы психогигиенаның буржуазиялық идеологиясына мыналар тән:
• жүйкелік-психикалық аурулар себептерінің топтық сипатын антиурбанизм, 
антииндустриализм, антитехницизм тәрізді ұсақ буржуазиялық концеп- 
циялармен бүркемелеуге тырысу;
• тұлға проблемасына жоғары қызығушылық таныту, әлеуметтік ортамен 
арадағы конфликтіге кінә арту;
• буржуазия және оның әкімшілігіне ыңғайлы нәтиже алуға бағытталған 
тұлғаны тәрбиелеу және қалыптастыру бағдарламасын құру;
• адам тұлғасына әсер ету формаларын жасауда дінге сүйену.
Бүкіл әлемде психогигиена мәселесіне деген оң қы зығуш ылы қты 
мойындамауға болмайды. П сихогигиена медицинаның, педагогиканың, 
өндіріске, әлеуметтік қызметке қажет болып табылатын ажырамас бөлігі болып 
танылды. Көптеген елдерде қоғамдық мекемелермен қатар денсаулық сақтау 
органдарында психогигиенаның мемлекеттік бөлімдері қызмет етеді.
1949 ж. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында (ДД¥) психогигиена бөлімі 
құрылды, онда 38 елден 100 кеңесші мамандар біріктірілді.
Жыл сайын өткізілетін 7 сәуір Денсаулық сақтау күні 1959 ж. «Заманауи 
әлемдегі психикалық аурулар мен психикалық саулық» тақырыбында өткізілді. 
Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне арналған материалдарда психикалық 
аурулар «денсаулық сақтау үшін ең үлкен мәселе» болып көрсетілген. 1960 ж. 
Психикалық денсаулық жылы деп жарияланды және адамның саулығы үшін


Енбек психогигиенасы
49
күрес ұранымен өтті. Соңғы жылдары психогигиена мәселелерін шешу үшін 
бүкіл әлемде көптеген конгрестер, съездер, симпозиумдар өткізіледі. 
Психогигиеналық қызметтің халықаралық бағдарламасы жасалды. Қазіргі 
кезде психогигиенаның алдында мынадай міндеттері бар: нәсілшілдік пен 
панасыздықты, дамушы елдердегі кедейліктің тамырын жою.
Біздің елімізде психогигиена дамуына қолайлы жағдай ¥ л ы Октябрь 
Социалистік Революциясы жеңісімен байланысты болды. Мемлекеттік құрылым, 
әлеуметтік-өңдірістік қатынас, адам қабілеті дамуының шектелмеуі үшін 
еңбекшілердің материалды сәттілігі мәдениетті жоғарылатуға негіз салды.
1920—1930 жылдары психодиспансерлер ашылып, кең көлемде көмек 
көрсетілді. Өндіріс орындарында психогигиеналық кабинеттер пайда болды. 
Ж алпы м әдениеттің өсуі, санитарлы қ-ағарту ж ұм ы стары ны ң дамуы, 
тұрғындардың медициналық білімді игеруі және психикалық аурулар жөніндегі 
тұрғындардың хабардарлығы психоневрологиялық диспансерлерге тек ауыр 
жағдайларда ғана емес, сонымен бірге, ш екаралық жүйкелік-психикалық 
бұзылыстармен көм екке келу жағдайларын жоғарылатты. Ш екаралы қ 
психикалық патологияны кең зерттеу, балалар психотерапиясының дамуы, 
еңбек, сот психиатриясының, әскери сараптар ж әне науқастарды оңалту, 
әлеуметтік факторлар мен психоздардың биологиялы қ негізін зерттеу 
психикалық бұзылыстардың алдын алуға ықпал етті.
Психогигиена мен психопрофилактиканың дамуы үшін ғылыми платформа 
психиатрия, психоневрология, психопрофилактика ж әне гигиена ғылыми- 
зерттеу институттарында, сонымен бірге, жоғарғы оқу орындарында психиатрия 
кафедраларының және психология мәселелерін және еңбек этикасын зерттейтін 
арнайы зертханалардың ғылыми жұмыстарымен қаланады. Бұл зерттеулер 
тұрғындарды емдеудің мемлекеттік бағдарламасының бір бөлігі және психикалық 
ауруларды қайтаруға бастама болып табылады. Олар диалектикалық материа­
лизм теориясымен негізделген ортақ әдіснамалық позициямен орындалады.
Біздің елімізде қол жеткізілген психогигиеналық білім дәрежесі жүйке- 
психикалық аурулармен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Еліміздің психо- 
гигиенасының ғылыми негізі — И.М. Сеченов, И.П. Павлов, Н.Е. Введенский, 
А.А. Ухтомский, П.К. Анохиннің физиологиялық ілімі, теориялық негізі — 
диалектикалық және тарихи материализм жағдайлары болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет