Психиатрия пәні және мақсаты. Психиатриялық көмекті ұйымдастыру. Зерттеу ерекшеліктері және психикалық ауруды диагностикалау әдістері. Психиатриялық көмектің құрылымы. Сараптама түрлері.
Тексерген: Акназаров С.А
Орындаған : Ахметқалиев Қ.Т
Алматы 2020 ж
Қазақстан-Ресей медицина университеті
Психиатрия (психе – жан, иатрия - емдеу) – психикалық аурулардың көріністерін, этиологиясын және патогенезін, ауру ағымының заңдылықтарын, мүмкін болатын асқынуларын, емдік шараларың және реабилитациясын қарастыратын ғылым.
Психиатрия- жалпы медицина бөлігі болып табылады және
психиатрияның басқа бағыттары: соматикалық аурулардағы психикалық бұзылыстарды (соматопсихиатрия) және соматикалық аурулардың психикалық себептерінің пайда болуын (психосоматика) қарастырады.
психикалық бұзылулардың үш дәрежесі
Психотикалық жағдай (психоз) мінездемеленеді көрсетілген бұзылыстарының біреуімен (сана сезімінің алжасуы, сандырақ идеялары, галлюцинациялар) және өз жағдайын сын ретінде бағаламауымен.
Психотикалық емес (шекаралық) психикалық бұзылулар мінездемеленеді эмоциональды және ерік-қозғалыстық өзгерулері мен, бірақ науқастар сын ретінде бұзылуларды бағалайды.
Дефектілі-органикалық бұзылулар мінездемелінеді интеллектуальдік өзгерістермен, бұл ес, назар және ойлау сфералары.
Кәзіргі замандағы психиатрияның негізгі тараулары
Балалар, жасөспірімдер және гериатриялық психиатрия қарастырады жас шамасына байланысты психикалық бұзылулардың ерекшеліктерін.
Наркология бұл алкоголизм, нашақорлық және токсикоманияның диагностикасын, емін және алдан алуын зерттейтін пән.
Соттық психиатрия сот-психиатриялық сараптаманың және ортаға қауіпті іс-әрекеттердін алдын алуының негізгі қағидаларын іске асырады.
Әлеуметтік психиатрия назар аударады психикалық ауруларға алып келетін түрлі әлеуметтік факторларға.
Психотерапия науқастарды түрлі психотерапиялық әдіс әсерлері мен емдейді.
Сексопатология сексульді бұзылулардын емі мен алдын алуын қарастырады және жүргізеді.
Әскери психиатрия әскедегі адамдарда психикалық бұзылулардың ерекшеліктерін қарайды.
Экологиялық психиатрия экологиялық апаттар кезінде психикалық өзгерістерді қарайды.
Психиатриялық көмекті ұйымдастыру Аурудың алдын алуына, ерте анықталуына, психикалық ауруларды емдеуге, науқастардың жағдайын жүйелік бақылауға, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған ауруханадан тыс және стационарлық психоневрологиялық мекемелер жүйесі құрылды. Ауруханадан тыс психиатриялық көмек психоневрологиялық диспансер, диспансерлік бөлім, психиатриялық кабинет, күндізгі стационар. Психоневрологиялық диспансер орталық психикалық науқастарға көмек көрсететін орын болып табылады.
Психиатриялық ауруханаға жатқызу психоневрологиялық диспансерлердің, жедел психиатриялық көмек, кейде емхана және жалпы соматикалық ауруханаларының дәрігерлерінің бағыттамасы бойынша жүзеге асырылады. Бағыттамада науқастың психикалық жағдайы, анамнездік мәліметтер, болжам диагнозы және госпитализация мақсаты қысқаша жазылу керек.
Психиатриялық көмекті ұйымдастыру
Аурудың алдын алуына, ерте анықталуына, психикалық ауруларды емдеуге, науқастардың жағдайын жүйелік бақылауға, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған ауруханадан тыс және стационарлық психиатриялық мекемелер жүйесі құрылды.
Ауруханадан тыс психиатриялық көмек
психоневрологиялық диспансер,
диспансерлік бөлім,
психиатриялық кабинет,
күндізгі стационар.
Психоневрологиялық диспансер орталық психикалық науқастарға көмек көрсететін орын болып табылады.
Психоневрологиялық диспансер – бұл емдік-профилактикалық мекеме, ол психикалық ауруларды:
ерте анықтауға,
науқастарды бақылауға,
емдік көмек көрсетуге,
науқастардың еңбек-әлеуметтік жағдайын жақсартуға,
сонымен қатар ауруды зерттеп, оның себептерін анықтауға,
аурулардың алдын алуына,
санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге арналған.
Диспансер
психоздармен ауыратын,
шекаралық жағдайлардағы,
бас миы органикалық зақымдалған және
басқа да психикалық бұзылыстары бар науқастарға ауруханадан тыс көмек көрсетеді.
Қалалық психоневрологиялық диспансер құрылымына ересек адамдар мен балаларға арналған бөлек учаскелік психиятриялық кабинеттер қызмет етеді.
Күндізгі стационар – ауруханадан тыс психиатриялық көмек беретін аралық мекеме, ол амбулаториялық еммен бірге ауруханалық стационардағы толық көлемдегі ем.
Күндізгі стационарлар психоневрологиялық диспансерлер мен диспансерлік бөлімдерде ұйымдастырылады.
Міндеттері:
белсенді терапияны қажет ететін психикалық науқастарды емдеу,
стационардан шыққан науқастарды емін жалғастыру,
әлеуметтік-еңбектік реабилитация жүргізу.
Стационарлық көмек
Психиатриялық аурухана бұл психиатриялық көмек көрсететін негізгі медициналық мекеме. Оның міндеттері:
- психикалық науқастардың диагностикасы және тексеруі,
- биологиялық емнің барлық түрлерін қолдану,
- психотерапиялық емді қолдану,
- әлеуметтік-еңбектік реабилитация,
- еңбектік сараптама,
- әскер қатарына жарамдылықты анықтау сараптамасы,
- соттық-психиатриялық сараптама.
Психиатриялық ауруханаға жатқызу
жедел психиатриялық көмек (еріксіз госпитализация – өзі-өзіне және қоршаған ортаға қауіптілік),
кейде жалпы соматикалық ауруханаларының дәрігерлері бағыттама бойынша жатқызады.
Бағыттамада науқастың психикалық жағдайы, анамнездік мәліметтер, болжам диагнозы және госпитализация мақсаты қысқаша жазылу керек.
Психиатриядағы диагностика және ауруларды зерттеу әдістері
Психиатриялық тәжірибеде келесі зерттеу әдістері орын алады:
1) Әнгімелесу;
2) Клиникалық диагностика;
3) Параклиникалық зерттеу.
Әнгімелесу– психиатриялық зерттеудің негізгі әдісі болып табылады.
Әнгімелесу– психиатриялық зерттеудің негізгі әдісі болып табылады.
Субьективті (аурудың өзін);
Обьективті (туыстары мен таныстары арқылы) бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Клиникалық диагностика.
Клиникалық әдіс психикалық аурулардың диагностикасында маңызды орынды алады,
Он сөзді есте сақтау. Бұл нұсқау қысқа мерзімде,ұзақ мерзімде және өндірілген,өндірігмеген есте сақтауға қолданылады.Науқасқа он сөз беріледі, яғни бұл сөздер арасында байланыс болмауы тиіс.(тау, ине, гул, мысық, сағат, шарап, пальто, кітап, терезе, ара, темір).
Содан кейін қайта оқылады.Қалыпты жағдайда 4-5 рет оқығаннан кейін 10 сөз дұрыс болады.
Ассоциативті есте сақтау пробасы. Науқасқа 10-дана жеңіл жатталатын сөздер ұсынылады. Дәрігер бірінші сөзді айтады, науқас екіншісін айтуға тиіс. Мысалы: алма-алмұрт, өзен-көл, кеш-таңертең, аға-іні, кітап-дәптер, көгершін-қарға т.б.
Ассоциативті есте сақтау пробасы. Науқасқа 10-дана жеңіл жатталатын сөздер ұсынылады. Дәрігер бірінші сөзді айтады, науқас екіншісін айтуға тиіс. Мысалы: алма-алмұрт, өзен-көл, кеш-таңертең, аға-іні, кітап-дәптер, көгершін-қарға т.б.
Кейін науқас осы тұжырымдарды суретке бейнелеуі тиіс. 40-60 минут өткеннен кейін сол суреттерін өзіне кайта ұсынып берілген тұжырымдарды есіне түсіреді.
Ұғымдар шығару «артық» сөзді, қалған сөздерді анықтап немесе біріктіріп айтуы керек
Клиникалық және биохимиялық зерттеулер (қан анализі, зәр анализі, қан және зәрдегі амин қышқылдардың және органикалық қышқылдардың дәрежесі)
Цитогенетикалық (кариотиптілік)
Молекулярлы-генетикалық
Психикалық ауруларға әкелетін негізгі факторлар:
Экзогенді:
Жұқпалы аурулар (тұмау, тонзилит, сепсис, сүзек, ревматизм, бруцеллез, энцефалиттер, менингоэнцефалиттер т.б.).
Бас ми жарақаттары (мидың әр түрлі жарақаттары, соғып алу, шайқалу, жаралану мен жарылыс толқынынан зақымдану).
Психикалық жарақаттар (күйзеліс жағдайлары, әлеуметтік факторлар (жанжалдар, тұрмыстық және жанұялық ұайымдар, жақын адамды жоғалту т.б. өте күшті эмоциялар).
Уланулар (алкогольмен улану, нашақорлық, токсикомания, дәрімен улану, өндірістік улар).
Физикалық фактор (температура (гипертермия, гипотермия), радиация, климат, географиялық орналасу, метеорологиялық өзгерістер т.б.).
Психикалық ауруларға әкелетін негізгі факторлар:
Эндогенді :
Тұқымқуалаушылық.
Мидың органикалық аурулары ( бас миы қан айналысының бұзылуымен өтетін аурулар, ісіктер, дегенеративтік аурулар).
Әр түрлі соматикалық аурулар (асқазан-ішек жолы аурулары, өкпе, жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары).
Соттық сараптама дегеніміз сотқа тартылған адамның ақыл-есінің дұрыс немесе дұрыс еместігін дәлелдеу.Сараптама комиссиясында үш психиатрдан кем болмау керек.
Медициналық критерийді 4 топқа бөлеміз:
1-топ.Созылмалы психикалық бұзылыстар.
2-топ.Уақытша психикалық бұзылыстар.
3-топ.Туа біткен және жүре пайда болған ақыл-естің төмендеуімен жүретің психикалық бұзылыстар.
4-топ. Басқа аурудың әсерінен болатын психикалық бұзылыстар.
Еңбек сараптамасы дегеніміз психикалық ауытқулары бар адамдардың еңбекке жарамдылығын бағалау.
1-топқа өзін күте алмайтын және біреудің қарауында болатын науқастарды жатқызамыз.
2-топқа айқын түрде психоорганикалық төмендеумен,анық сандырақпен және галлюцинаторлы бұзылыспен жүретін бірақта терапияға резистентілігі бар науқастарды жатқызамыз.
3-топқа анық емес психикалық бұзылысы бар бірақ мамандығы бойынша жұмыс істей алатын науқастарды жатқызамыз.
Әскери сараптама әскерге жарамдылығын анықтайды. 8 топқа бөлінеді:
Мидың органикалық зақымдалғаннан кейінгі психикалық және психикалық емес психологиялық бұзылыстар.
Эндогендік психоз.
Симптоматикалық психоз және басқа экзогенді психикалық бұзылыстар.
Реактивті психоз және невротикалық бұзылыстар.
Тұлғалық бұзылыстар.
Созылмалы алкоголизм,наркомания және токсикомания.
Ақыл-ойдың қалуы.
Эпилепсия.
Әрбір топ өзіндік топқа бөлінеді:
А- әскерге жарамды.
Б- шамалы шектеулермен әскерге жарамды.
В- шектелген,бірақ әскерге жарамды.
Г- шектелген,бірақ әскерге жарамсыз.
Д- әскерге мүлдем жарамайды.
Психиатриялық аурулар ХАЖ 10 жіктелуі
F00-F09 Органикалық, соның ішінде симптоматикалық, психикалық бұзылыстар
F00 Альцгеймер ауруы кезіндегі деменция
F01 Қантамырлық деменция
F02 басқа аурулар кезіндегі деменция, басқа бөлімдерде жіктелген.
F03 Анықталмаған деменция
F04 Алкогольмен және басқа психоактивті заттардың қатысынсыз шақырылған, органикалық амнестикалық синдром.
F05 Алкогольмен және басқа психоактивті заттардың қатысынсыз шақырылған делирий
F06 Бас миының дисфункциясы немесе соматикалық аурумен байланысты басқа психикалық аурулар.
F07 Бас миының дисфункциясы немесе зақымдалуымен байланысты тұлғалық бұзылыстар.
F09 Анықталмаған органикалық немесе симптоматикалық психикалық бұзылыс
F20-F29 Шизофрения, шизотипті және сандырақтық бұзылыстар