Презентация тақырып: эмоция бұзылыстары және ерік бұзылыстар. Орындаған: Аханова. А. Е тексерген: Кулшат Амирова Қарағанды 2020



Дата02.04.2020
өлшемі1,08 Mb.
#61400
түріПрезентация
Байланысты:
АЙДАНА презентация

Қарағанды медицина интер колледжі

Презентация

тақырып:эмоция бұзылыстары және ерік бұзылыстар.

Орындаған:Аханова.А.Е

Тексерген:Кулшат Амирова

Қарағанды 2020

  • Эмоция (лат – қозу, толқу) – бул индивиттің субективті реакциялық турі

Эмоция жане сезімнің бұзылысы Гипертимия – жоғары, қуанышты көңіл-күймен, өйлаудың жылдамдауы және көтеріңкі қызметпен сипатталауы. Эйфория- моттивирменген жағдайда жаның жағымды жағдайда болады. Наркотикалық мастықта, сифелесте, өкпе туберкулезда анықталады. Гипотимия – барлық психикалық процестердің эмоциялық жағдайынің нашарлау. Өзіндік бағалаудың төмендеуі. Деприсиялық және невротикалық синдромға кіреді. Эмоцияның салдануы- сезімнін толық босайды. Айырмашылықсыз, абайсызда болған ауыр психикалық травма алғанда кездеседі. Негізінен қысқа мерзімді корініс Апатия – қоршаған ортамен өзіне айқын немесе толық айырмашылығы жоқ. Іс-әрекетсіз журеді, талаптану мен мақсатының жоғалуы. Интоксикация, бас жарақатынан кейін, жұқпалы аурулар кезінде корінеді. Эмоцианалды топастық(тупость)- турақты және толық айырмашылықсыз, басқа адамдардың азап шегіуінің маңыздылығы.шизофренияның соңғы сатысына сай,бас миының дегенеративты процессы. Жанның әлсіреуі (слабодушие)- тұрақсыз көңіл-күй кезінде әлсіз эмоция пайда болады, эмоция «устамауы», адам өзінің сезімін басқара алатын кезде қабілеттілгі әлсірейді.елжіреу туріндегі реакцияға тән,түсініксіз жағдайда жылау немесе кулу. Бас миының патологиялық (кантамыр) органикалық ауруы кезінде кездеседі.

Эмоцияның тұрақсыздығы(неустойчивость) – котеріңкі коңіл-күйден тез жаман коңілге өтеді. Кез келген уақытта себепсіз аффекті алмасуға отеді. Невротикалық синдром, соматогенды астения, бас миының органикалық потологиясына тән. Жанның әлсіреуімен сәйкес келуә мумкін. Ауыр қозғалуы(сіреспелік, тұтқырлық) бір эмоцияға ұзақ уақыт турып қалу, Эксплозивті (анг.explosive) - аффекты устамау. Дисфория кезінде усталу және куштілігі айқын,адеквантті емес сылтау,эмоционалды, кейде қозғалыс реакциясы Адекватты емес эмоция- ішкі оқиға эмоциналды реакцияға сайкес келмейді, немесе науқастың өзінің аәтуімен. Кобінесе шизофрения ауруында жиі кездеседі. Амбивалентті – Бір объектігі бңр уақытта екі қарама-қарсы сезім пайда болады( мыс махаббатпен өшпенділік). Шизофренияда байқалады. Дисфория – зианды тітіркенштерден жалпы коңіл күйдің бұзылуы, жабырқау. Көбінесе эпилепсия, бас миының органикалық ауруы кезінде жиі кездеседі. Науқас адамдардан алшақ журуынен қиналады. Устамалы аура және өзіндік параксизм турінде көрінеді Дистимия – депрессивті-қобалжу мен ашу, қанағаттанбау кезінде көңіл-күйдің қысқа мерзімді бұзылуы. Эффектырлы-ерік сферасы – бұл күрделі психкалық функция, адамның бағыталған белсенділігі ішкі ортаның талап етуімен қоршаған ортаны қажетсінетін белгілі бір мотивтермен айқындалады. Эффектірлі- ерік белсенділігінің пайда болуын талап етеді: төмен иснтинкті қуштарлық ( тағамдық, жыныстық, өзіндік) және жоғарғы әлеуметтік еңбекті талап етуімен өзінің істей алуы және т.б

Эмоция

  • Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
  • Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.

Қимыл қозғалыстық және еріктік бұзылыстар Ерік – бұл саналы, мақсатты психикалық бенсенділік. Ерік ең алдымен қажеттілікпен байланысты, ешқашан одан тыс пайда болмайды. Адамның ерік қызметі әрқашан сана қызметіне тәуелді. Сана акты, оның мазмұны мен бағыты адам өмір сүретін нақты әлеуметтік – тарихи жағдайлармен детерминирленген, және адамның сеніміне, көзқарастарына, қызығушылықтарына, ойлары мен сезімдеріне тәуелді. Іс-әрекет бір-біріне тікелей байланысты екі фазадан тұрады: 1. әрекет етуге және шешім қабылдауға саналы талпыныстың дамуы; 2. қабылданған шешімді орындау. Бірінші фаза таңдауға қатысты акт – саналы баға беру және талдау. Бұл фазада қанағаттанбаған қажеттілік сәйкес эмоциональдық күйзелістер мен ойлар туындатады, қажеттілікті қанағаттандыруға талпыныс пайда болады. Талпыныс әуестік немесе тілек түрінде көрініс беруі мүмкін.

Әуестік – нақты ой және саналы мақсаттармен байланысы жоқ талпыныс. Тілек – нақты объектке саналы талпыныс. Әуестік ситуацияны ұғыну процесінде тілекке ауысуы мүмкін. Шешім қабылдау жолында тілектер олардың орындалу мүмкіндігіне қарай, таразыға салынып бағаланады. Егер тілектер орындалуына қажетті жағдай жоқ болса, егер олар тұлға ұстанымдарына қарсы немесе басқа себептерге байланысты орындалмаған болса, олар саналы түрде басылады. Әрекет етуге шешім таңдауы мотивтер күресінен өтеді. Мотив тілектерді ой сүзгісінен өткізу нәтижесінде пайда болады. Екінші фаза – қабылданған шешімді орындау – адамның тәжірибелік қызметіне тікелей қатысты. Соңғысы қимыл арқылы іске асырылады. Еріктік әрекетті іске асыру үшін психикалық функция сақталған күйде болуы керек. Сөз, ойлау ыдырауы кезінде еріктік әрекет мүмкін емес, бұл апраксия деп аталады. Патология еріктік үдерістің кез келген звеносына әсерін тигізуі мүмкін: әуестік және тілек сферасы, мативация және қозғалыс, толық жүріс – тұрысқа. Сонымен қатар еріктік бұзылыстарға зейін бұзылыстары да жатады. Кликалық тәжірибеде зейін, әуестік патологиясын, қимылдық бұзылыстарды ажыратады.

Зейін бұзылысы Зейін бұзылуы психикалық ауруларда кездесетін ең жиі симптом болып табылады. Зейін қоршаған орта объектілеріне шоғырлану қабілеті түрінде активті және пассивті болуы мүмкін. Пассивті зейін филогенезі жағынан ежелгі үрдіс, ол шартсыз бағдарлық рефлекске негізделген, дерт әсеріне тұрақты болады. Активті немесе ерікті зейін адамның саналы қызметімен байланысты, бұл адамға тән қызмет түрі; психикалық ауру кезінде тез бұзылысқа ұшырайды. Зейіннің жиі бұзылыстары қажуы, алаңдаушылығы және патологиялық қадалу болып табылады. Зейіннің қажуы астениялық жағдайға тән. Мұндай науқас әңгімелесу және ақылмен жұмыс жасау үрдісінде тез шаршайды, әңгіме арқауы үзіледі, жауап қайтару сапасы төмендейді. Бұзылыс негізінде ішкі тежелудің жетіспеушілігі жатыр. Зейіннің алаңдаушылығы маниакальды ауруларға тән. Науқас зейіні үздіксіз біріншісінен екіншісіне ауысып отырады, аздаған детальдарға фиксацияланып үлгереді, бірақ зейіннің бір объектіге шоғырланып, бір орында отыруы мүмкін болмайды. Зейіннің патологиялық қадалуы депрессивті ауруларда байқалады. Науқас ауыр қайғылы ойлардан арылуға дәрменсіз, барлық уақытта ойында бір ғана тақырып қайталанады- өз күйінен шығар жол жоқтай.

Эффекторлы-ерік сферасының бұзылысы Полифагия(ашқарақ,)- тамаққа аса қатты құмарту шизофрения, ақыл кемістігі, эндокринді бұзылыстарда кездеседі Анорексия- тамаққа тәбетінің төмендеуі немесе болмауы аштықты сезінуді жоғалту Полидипсия- ыстықтаудың басылмауынан көп сұйықтық қолданады. Эндокринді ауруларға тән. Табиғи емес тағамға әуестену(парафагия)- жемитін тамағамдарды жеуге ұмтылу: топырақ, көмір, бор. Мұнымен жүкті әйелдер,шизофриндіктер, ақыл кемістер бақыланады Өзіндік сақталған инстинкттің күшеюі- екі қарама-карсы түрі бірге көрінеді а: пасивті- қорғанышты қауіпті және күрделі ситуациядан және жауапкершілік шешімнен күтім жасауға ұмтылу. Б: активті-қорғанышты Өзіндік сақталған инстинктің әлсіреуі – қызығушылықтың төмендеуінен және суицитті жағдайлардың әсерінен пайда болады. Психогенді ауруларда бақыланады. Өзіндік сақталған инстинктің бұрмалануы – өзін азаптау актісінде пайда болатын, металдық және басқада заттарды жұтынудан өзіне зақым келтіру. Органикалық бас ми зақымдалған,шизофриндер бақыланады.

Импулсивті кұштарлық және әсері. Ойламаған жерде кездесоқ және жеңе алмайтын қозудың әсерімен болатын іс әрекет. Олардың көпшілігін ауыр жағдайда қабылдайды бұған кіретіндер: а) дромомания – мақсатсыз басқа жерге кету немесе орын ауыстыруға ұмтылу. Ол жасөспірімдерге тән. б) клептомания- еріксіз ұрлауға құштарлық. Көбінесе әйелдерде жиі кездеседі. Оларға ұрланған зат емес ұрлау процесі маңызды. в) пиромания- жеңуге болмайтын өртеп жіберуге құмарлық. Ауру адам жауыздықты,зиян келтіруді ойланбай жасайды. д) дипсомания- салынып ішу, маскүнемдікке берілетін, жеңуге болмайтын құштарлық. Гипербулия – ерік активтілігінің күшею талпынысының патологиясы.(жалпы- маниякалды жағдайда, бір жақты- наркомондарда, және парониялық жағдайда) Гипопулия және абулия- қозу белсенділігінің төмендеуі немесе толық жоғалуы. Бұл апатико-абулярлық синдромының айрықша генезімен бақыланады (шизофренияда, ауыр жарақат алғандарда).

Парабулия-қозудағы ерік активтілігінің бұрмалануы. Адекватты емес қимылмен мимиканың өзгерісімен көрінеді.Науқасқа гриммассивті бейне, жүрісі өзгерген, негативизм және импульсивтілік тән. Сонымен қатар бағыныштылықтың жоғарылаған және төмендеген эхо-симптомдары тән. Бұл шизофренияларда кездеседі. Амбитенденттілік- белгілі бір тітіркендіргіштерге қосарланған, қарама-қарсылық реакциясы мен қимыл іс-әрекеттің қосарлануы. Қозғалыстық бұзылыстар - психотикалық жағдайларда жиі кездеседі. Қозғалыстың және толықтай жүріс-тұрыстың бұзылысы қоршаған ортадағы адамдардың назарын өзіне аудартады және олармен психикалық дерт белгісі ретінде дұрыс қабылданады. Қозғалыс бұзылыстары элементарлы түрде бөлінеді -гипо-, -гипер-, және дискинетикалық – яғни қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне, күшеюіне немесе бұрмалануына байланысты бөлінеді.

Эмоциональды бұзылыстар синдромы Депрессивті синдром – көңіл-күйдің нашарлығымен (гипотимия), ойлаудың тежелуімен және қимыл активтілігінің төмендеуімен көрінеді (депрессивті үштік). Гипотимикалық бұзылыстар диапазоны жеңіл басылымнан, қайғыдан, терең сағыныштан яғни, науқас ауырлықты, кеудесінде ауру сезімін сезуден жоғары. Ассоциативті процестердің баяулауы: ойының баяу және аз болуы, жағымсыз жағдайлармен: ауру, өзін-өзі кінәлау ойы байқалады. Сұрақтарға қиналып жауап береді, сұрақ пен жауап арасындағы пауза ұзақ болады. Қимылының аз болуымен және біртектілігімен қимыл әрекетінің баяулауы байқалады. Науқас қимыл үстінде бір қалыпта тоқтап қалуы мүмкін (депрессивті ступор).

Депрессивті синдромға психотикалық варианттағы бұзылыстар: сандырақ ойлар өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі кемсіту (параноидты депрессия) өзін-өзі өлтіруге дейін алып келетін жағдайлар да жатады. Психотикалық депрессия кезінде сомато-вегетативті бұзылыстар: ОЖЖ симпатикалық бөлімнің тонусы жоғарылауы яғни, тахикардия, мидриаз, іш қату (Протопопов үштігі) байқалады. Тәбеті төмендейді, дене салмағы азаяды, анорексия, ұйқысы бұзылады. Маскалы (ларвирлі) депрессия, эмоциональды компанент анық емес және соматовегетативті бұзылыстар болады(депрессия маскасы). «Жасырын депрессияның» диагностикасында келесібелгілер бағаланады: Көбінесе таң ертең субъективті жайсыздық байқалады. Полиморфизм, анық еместілік, сомато-вегетативті шағымдар, белгілі бір шегі жоқ ауру сезімі. Тіршіліктік қызметінің бұзылысы (ұйқының, тәбеттің, етеккірдің, потенцияның, салмақ жоғалту). Бұзылыстың периодтылығы және оның пайда болуы мен жоғалуының өз бетінше болуы. Маусымдылығы-жиі көктем және күз. Әр түрлі зерттеу әдістерінде нақты соматикалық аурулар табылмайды. Соматикалық терапияның эффектісі жоқ. Науқас әр түрлі дәрігерлерде ұзақ уақыт нәтижесіз емделуіне қарамастан, дәрігерлерге барудан жалықпайды. Антидепрессантты терапия жақсы көмектеседі.

Маскалы депрессия МДП-ның депрессивті фазасында, шизофренияда, пресенильді депрессияда кездеседі. Дабыл депрессиясы – инволюциялық депрессияға тән. Дабыл және қорқыныш негізгі аффект болады. Науқастар үнемі катастрофа, қайғы сезімдерінде жүреді. Дабыл қайғысының құрамы жалпы диффузды қасиет құрайды. Қимыл-әрекеттің баяулауы емес, керісінше қимыл-әрекеттің қозуы байқалады яғни, науқастар бір орында отыра алмайды. Мұндай қозу жағдайындағыларды меланхоликалық раптуста: науқастар айқайлап, қайғырады, шыңғырып, ары-бері жүреді,еденде аунайды. Осы жағдайда оларға суицид жағдайына қауіп төнеді. Анестетикалық депрессия- науқастар қандай да бір уайымның толық және қайғылы жоғалуына шағымданады. Жиі сыртқы ортадағы өзгерістерді- әлем өз түсінен айырылып жатыр, дауыстар әлсіз естіледі, уақыт жүрмей қалған сияқты (меланхоликалық дереализация). Маниакальды синдром- маниакальды үштікпен көрінеді: эйфория (көңіл- күйдің адеквантты емес көтерілуі), ассоциативті процестің жылдамдауы және бір әрекетке талпыну мақсатында қимылдық қозу. Науқастар бастаған ісін аяғына дейін жеткізе алмайды яғни, зейіннің тұрақсыздығы. Ассоциация көбінесе беткейлік болады. Бұндай жағдайда науқастар өзінің қабілеті мен мүмкіндіктерін бағалай алады. Жартылай әуестілік жоғарылаған. Маниакальды жағдайдың жеңіл дәрежесін гипомания деп атайды. Бұл жағдай көбінесе МДП және шизофренияда кездеседі.

Қимылдық бұзылыстар синдромы Кататоникалық синдром- қимылдың акинезия формасында (кататоникалық ступор) немесе гиперкинезия формасында (кататоникалық қозу) көрінетін симптомокомплекс. Кататоникалық симптомдарға сонымен қатар, тәуелділіктің жоғарылауы (эхолалия, эхопраксия, эхомимия, каталепсия) және тәуелділіктің төмендеуі (мутизм, стереотипия, негативизм) тән. Люцидті кататония (люцидті ступор) – бұл түрінде науқастың есі сақталған, сыртқы ортадағы жағдайды дұрыс болжайды және күнделікті жағдайды есте сақтайды. Онейроидты кататония – санасының өзгерісімен жүретін жиі онейроид түріндегі пассивті негатизмнің көрінуі. Шизофренияда, инфекциялық және т.б. психоздарда кездеседі. Гебефреникалық синдром –гебефреникалық қозудың көңіл-күйдің жоғарылауы нәтижесінде ойлаудың үзілуі. Мимика мен қимылдың түсініксіз, дөрекі әрекеттері. Бұл да шизофренияда байқалады. Апатика-абуликалық синдром- апатия, қимыл- әрекетке ынтасы төмен немесе жойылған(абулия.). Бұл соматикалық ауруларда,ЧМТ-дан кейін, улануда, шизофренияда кездеседі.

Корсаков синдромы (амнестикалық синдром). Бірінші рет алкоголды энцефалопатияда анықтаған (Корсаков ауруы),тағы басқа да ауруларда кездеседі (ЧМТ, ісіктерде, улануларда, жедел гипоксияда, атрафиялық процестерде). Бұл синдромға фиксационды амнезия,парамнезия тән. Деменциядан айырмашылығы ситуациялық ойлауы сақталған. Олигофрения – туа пайда болған ақылдың кемістігі. Қосымша факторлардың әсерінен (ЧМТ, алкогализм, т.б.) Интелектуалдық жетіспеушіліктен тұлғаның барлық (ерік бұзылысы, эмоциональды, сөйлеу, моторлы) дамымауы болады. Себебі: тұқым қуалайтын аурулар, уланулар, инфекция, эндокринді патология, жарақат, резус-конфликт. Деменция- жүре пайда болған ақылдың аздығы. Олигофрениядан айырмашылығы интелектуалдық төмендеудің соңғы дәрежесінде психикалық әрекеттердің толық төмендеуі, оны психикалық маразм дейді.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет