Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет168/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Этиологиясы, патогенезі және патоморфологиялық өзгерістер
Үдемелі салданудың мерездік этиологиясының дәлелі клиникалык және 
зертханалык мәліметтер болып табылады. Х. Ногуши 1913 ж. үдемелі салда- 
нумен ауыратын наукастың миынан бозғылт спирохеталарды тапкан. Бірак 
жоғарыда айтылғандай бұл дертпен мерезге шалдыккандардың 1-1,5 пайызы 
ғана ауырады. Үдемелі салдану пайда болуы үшін организмде бозғылт 
спирохеталардың болуымен катар мәні әлі күнге дейін аныкталмаған біркатар 
косымша патогендік факторлар кажет. Қолайсыз сырткы факторлар ішінде 
ағзаның инфекцияға төзімділігін төмендететін алкоголь, бас-ми жаракаттарына 
және баска да факторларға үлкен рөл беріледі. Алайда, бұл болжамдар дәлел- 
денбеген.
Үдемелі салдану кезінде эктодермальды тін (жүйке паренхимасы) ж әне 
сондай-ак мезодерманың да (жұмсак ми кабығы мен кантамырларындағы 
кабыну үрдістері) алғашкы ретті закымдалуы байкалады. Осылайша үдемелі 
салдану тек мезодерма закымдалуымен жүретін ми мерезінен ерекшеленеді.
Үдемелі салданудың өзіне тән морфологиялык белгілеріне ми салмағының 
азаюы, ми иірімдерінің айкын атрофиясы, ми кабығының калыңдауы мен 
фиброздануы (лептоменингит), мидың ішкі және сырткы шемені, мидың IV ка- 
рыншасының эпендимиті жатады.


298
ХХ Тарау. Ми мерезі және үдемелі салдану кезіндегі психикалық бүзылыстар
Бас миының маңдай бөлімі қыртысының зақымдануы тән.
Жүйке жасушаларының айқын дистрофиялық өзгерістері (бүрісуі, атрофи- 
ясы, архитектоникасының өзгеруімен қыртыстың босауы) байқалады. Арнайы 
бояумен бояғанда ми затынан спирохеталарды көруге болады. Ауыр ағымды 
формасында немесе үрдістің өршуі кезеңінде спирохеталар колониясы, күрт 
өзгерген миелин талшықтары кездеседі. Қабыну ошақтары, гиалинді жасуша- 
лардан тұратын глиозды түйіндер түзіледі.
Сонымен, үдемелі салдануды морфологиялық өзгерістеріне қарап лептоме- 
нингоэнцефалит деп қарастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет