Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым


СОМАТИКАЛЫҚ АУРУЛАР КЕЗІНД ЕГІ



Pdf көрінісі
бет170/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

СОМАТИКАЛЫҚ АУРУЛАР КЕЗІНД ЕГІ 
ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫ ЛЫ СТАР
Психикалык бұзылыстар жиі кездесетін соматикалык ауруларға жүрек, бауыр, 
бүйрек аурулары, өкпе кабынуы, ойык жара аурулары, сирек кездесетіндерге — 
пернициозды анемия, алиментарлы дистрофия, авитаминоздар, операциядан 
кейінгі психоздар жатады.


300
ХХІ Тарау. Соматикалық аурулар мен эндокринопатиялар кезіндегі психикалық бүзылыстар
Созылмалы соматикалы қ аурулар кезінде тұлға патологиясы белгілері 
көрінеді, ал жедел және жеделдеу кезеңдерінде психикалық өзгерістер өзіндік 
ерекшеліктері бар тұлғалық реакциялармен шектеледі.
Әр түрлі соматикалық аурулардағы басты психопатологиялық симптомо- 
комлекс 
астениялық синдром
болып табылады. Бұл синдром әлсіздікпен, тез 
шаршаумен, тітіркенгіштікпен және айқын вегетативті бұзылыстармен сипат- 
талады. Кейбір жағдайларда астениялық синдромға фобиялық, ипохондриялық, 
апатиялық, истериялық және басқа да бұзылыстар қосылады. Кейде алдыңғы 
қатарға 
фобиялық синдром
шығады. Мұндай науқастарға тән қорқыныш тұрақты, 
зардапты болып келеді, өз денсаулығы, болашағы үшін, әсіресе, хирургиялық 
операциялар, күрделі құралдық зерттеулер алдында үрей туады. Науқастарда 
кардио немесе канцерофобиялық синдром жиі дамиды. Жүрек-өкпе патоло- 
гиясы бар науқастарда гипоксия жағдайында наркоздан кейін эйф ория 
байқалады. Эйфория адекватсыз жоғары көңіл-күймен, сынның төмендеуімен, 
психикалық қызмет өнімділігінің жоғалуымен байқалады.
Соматогенді психоздар кезіндегі басты синдром 
сана куңгірттенуі
(көбіне 
делириозды, аментивті, сирек қарауытқан күңгірттену жағдайы) болып табы­
лады. Бұл психоздар ешқандай айқын психикалық бұзылыссыз жедел, аяқ 
астынан дамиды немесе астениялық невроз тәрізді, аффективті бұзылыстар 
фонында (делирий, аменция) дамиды. Жедел психоздар 2—3 күнге созылады, 
соматикалық аурулардың жайлы ағымында астениялық жағдайға ауысады. Олар 
сонымен қатар депрессивті, галлюцинаторлы-параноидты синдромдардың, 
апатиялық ступордың клиникалық көріністері кездесетін созылмалы психозға 
ауысуы мүмкін.
Депрессивті, депрессивті-параноидты синдромдар
өкпенің ауыр ауруларын- 
да, созылмалы ағымындағы және қажуға алып келетін ішкі мүшелердің қатерлі 
ісіктері мен басқа да ауруларында кейде галлюцинаторлы синдроммен бірге 
(жиі тектильді галлюцинациялар) кездеседі.
Соматогенді психоздардан кейін 
психоорганикалық синдром
дамуы мүмкін. 
Бұл симптомокемен көріністері уақыт өте басылады. П сихоорганикалық 
синдромның клиникалық көрінісі интеллектінің қарқындылық дәрежесінің 
әр түрлі бұзылыстарымен, өз жағдайына сыни көзқарастың төмендеуімен, 
аффективті лабильділікпен көрінеді. Бұл жағдайдың айқы н дәрежесінде 
аспонтандылық, өзіне ж әне өзін қоршаған ортаға немқұрайлылық, едәуір 
мнестико-интеллектуальды бұзылыстар байқалады.
Жүрек патологиясы бар науқастар арасында психоздар жиі миокард инфар- 
ктымен ауыратын науқастарда кездеседі. Бұл психоздардың хабаршы белгілеріне 
үрей, өлімнен қорқу сезімімен жүретін аффективті бұзылыстар, қозғалыстық 
қозу элементтері, вегетативті ж әне цереброваскулярлы бұзылыстар жатады. 
Психоз хабаршыларының ішінде эйфория, ұйқы бұзылысы, гипногогиялық 
галлюцинацияларға сипаттама берілген. Бұндай науқастардың жүріс-тұрысы 
мен режимінің бұзылысы олардың соматикалық жағдайларын нашарлатады 
және қайғылы жағдайға әкеп соқтырады. Психоздар миокард инфарктының 
бірінші аптасында жиі пайда болады.


Соматикалық аурулар кезіндегі психикалық бұзылыстар
301
М иокард инфарктісі кезінде пайда болатын психоздардың негізгі пато- 
генетикалык факторлары инфарктінің ыдырау өнімдерімен интоксикация, 
гемодинамика бұзылысы, соның ішінде, церебральды гемодинамика бұзы- 
лысы, жүрек кы зметінің бұзылысы нәтижесіндегі гипоксия болып табы- 
лады.
Миокард инфарктісі кезіндегі психоз синдромдарының жиі кездесетіні 
сана
бузылысы,
оның делириозды тип бойынша бұзылуы болып табылады. Наукастар 
коркыныш үрей, сезінеді, орын және уакыт бойынша бағдарлары бұзылған, 
галлюцинациялар (көру және есту) пайда болады. Наукастар козған жағдайда, 
бір жакка талпынып тұрады, сын жок. Бұл психоздың ұзактығы бірнеше күннен 
аспайды.
Әдетте үрей сезімі бар 
депрессия
жағдайы: наукастар жабыркаулы, өзінің 
емделіп шығатынына сенбейді, интеллектуалды ж әне козғалыстык тежелу, 
ипохондриялык күйзелістерге бейімділік, түнгі уакыттағы коркыныштар, ерте 
оянулар және үрей байкалады.
Миокард инфарктісі кезіндегі үрдіспен тығыз байланысты жедел кезеңнің 
психикалык бұзылыстары жоғалғаннан кейін, кардиофобия типі бойынша 
невроздык реакциялар,
тұракты астениялык жағдайлар пайда болады. Осыларға 
байланысты миокард инфаркгімен ауыратын наукастардың еңбекке кабілетсіздігі 
аныкталады.
Соматогенді психоз диагностикасында оны шизофрениядан ж әне баска 
эндоформды психоздардан (маниакальды-депрессивті, инвалюционды) ажы­
рату кажет болады. Д иагностиканы ң негізгі критерийлері: соматикалы к 
аурулар мен соматогенді психоздар арасы ндағы тығыз байланы с, ауру 
дамуы ны ң өзіне тән стереотипі (синдром дарды ң астен и ялы ктан сана 
бұзылуына ауысуы), айкын астениялык фон ж әне соматогенді патология 
кезіндегі психоздан тұлға үшін жайлы шығу болып табылады. Бұл ж еке 
алынған критерийлер дифференциалды диагностикада айтарлыктай накты 
мәлімет бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет