Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет300/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Соматикалъщ жағдай.
Терапиялық тәжірибеде қалыптасқан схема бойынша 
зерттеледі.
Жуйке жуйесі.
Психиатрияда жүйке жүйесін зерттеудің өзіндік маңызы, 
әдістері, ерекшеліктері бар.
1. Ж үйке жүйесінің жағдайын білу кейбір факторлармен анықталады. 
Біріншіден,
барлық психикалық аурулар «ми дерті» болып табылады. 
Олардың көпшілігінің негізінде мидың энцефалопатиялық тип бойынша 
патоморфологиялық өзгерістері жатады. Психикалық аурулардың бір 
бөлігі энцефалиттер мен ми ісіктеріне байланысты пайда болады. Осы- 
лайша, себептері патоморфологиялық өзгерістерге әкеліп соқтыратын 
көптеген психикалық аурулар тобы бар.
Екіншіден,
науқастардың бір бөлігінде осы патоморфологиялық өзгерістер 
психикалық аурумен қатарлас жүреді, яғни негізгі фоны болып табылады. 
Мысалы, алкогольді психоз психикалық ауру дамуына бейімдеуі мүмкін. 
Мысалы, невроз церебральды жеткіліксіздігі бар науқастарда жиі дамиды. 
Органикалық жетіспеушілік аурудың клиникалық көріністеріне екінші 
ретте әсер етуі мүмкін және де оның формасын анықтайды. Мысалы, бұрын 
нейроинфекциямен ауырған нәрестенің дене қызуы жоғары көтерілгенде, 
делирий емес, эпилепсия ұстамасы дамиды. Ал ол өте ауыр өтеді. 
Церебральды жетіспеушілік психикалық аурулардың қолайсыз, созыл­
малы түрде өтуіне әсер етуі мүмкін. Мысалы, жедел алкогольді параноид 
мидың органикалық зақымдалуының қалдық құбылыстары фонында 
пайда болады да, созылмалы, үдемелі ағымға жиі ауысады. Психикалық 
ауруларды емдеуде жүйке жүйесіндегі өзгерістер аса маңызды болып 
табылады. Олар науқастардың терапияға резистенттілігін анықтауы 
мүмкін, инсулинотерапия жүргізгенде тырысулық ұстамалар пайда болу- 
ына ықпал етуі мүмкін.
Осының барлығы психикалық ауруларда жүйке жүйесін мұқият тексеру 
керектігін және оның үлкен маңызы бар екенін дәлелдеп отыр.
2. 
Жүйке жүйесінің жағдайын
тексерудің 4 негізгі кезеңі болады:
1) ауру шағымы;
2) ми анамнезі;
3) жүйке жүйесі жағдайын дәрігердің клиникалық тексеруі;
4) лабораторлық және инструментальды зерттеулер.
Жүйке жүйесінің жағдайы науқастың шағымынан түсінікті болады. Бас 
ауруы, бас айналу, ыстықты көтере алмау, дем жетіспеу, ой еңбек 
қабілетінің төмендеуі, тітіркенгіштік, пароксизмальды көріністер. Жүйке 
жүйесінің жағдайын тексеру тікелей ми анамнезінен басталады. Бұл 
терминді әйгілі психиатр А.Э. Эпштейн ұсынған, ол ми анамнезін анықтау 
әдістемесін жасап шығарған.
Біріншіден
, жүйке жүйесі тарапынан пайда болатын дертті көріністер — 
олар бас ауыруы, айналуы, дамудың артта қалуы, невропатиялар, ақыл-ой 
еңбегіне қабілеттілік, тұлғаның әлеуметтік дамуы және т.б.
Екіншіден,
жүйке жүйесінің жағдайына әсер ететін барлық зияндылықтар: 
соматикалық аурулар, инфекциялар, интоксикациялар. Әсіресе, ошақтық


4-Қосымша
479
инфекция шақыратын, мысалы, баспа, отит, әйелдердің кіші жамбасы 
мүшелерінің қабыну үрдістеріне көп көңіл аударылады. Бұз зияндылықтар 
тек жүйке жүйесіне емес, сонымен қатар, адам ағзасының реактивтілігіне 
теріс әсер ететінін, психикалык аурудың дамуына, оның рецидив беруіне 
ыкпал ететінін ескеру керек.
3. Ми анамнезін зерттегеннен кейін біз жүйке жүйесі жағдайының клини- 
калық зертгеулерін жүргіземіз. Ол неврология клиникасында қалыптасқан 
схема бойынша жүргізіледі. Бірак бұл зерттеуде келесі міндеттерді ескеру 
керек:
Біріншіден,
психиатрияда неврологиялык өзгерістердщ дәрежесі мен 
психикалык өзгерістердің айкындылығы арасында кері катынас заңы 
белгілі, яғни ми қаншалықты жеңіл өзгерістерге ұшыраса, соншалықты 
психикалық өзгерістер дамуының ықтималдылығы жоғары. Бұл науқаста 
жасырын церебральды жетіспеушілікті анықтау қажеттілігін көрсетеді. 
Ол үшін жүйке аурулары клиникасындағы танымал функционалды сы- 
намаларды жүргізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет