Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет301/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Екіншіден,
жүйке жүйесінің жағдайын тексере отырып, психикалык ау­
руларды қазіргі емдеу әдістерімен емдеу кезінде (нейротропты препарат­
тар: аминазин және т.б.), паркинсонизм ауруының симптомдары тәрізді 
түрлі асқынулар даму мүмкіндігін есте сақтау керек. Сондықтан науқастан 
осындай өзгерістер көрінсе, бұрын немен емделгені туралы сұраған жөн.
4. Жүйке жүйесін клиникалык зерттеуден кейін зертханалық және аспаптық 
әдістермен терең зерттеу жүргізу қажет. Осы зерттеулерді жүргізген кезде 
мынадай сұрақгарға жауап іздеуіңіз керек: аурудың себебі, закымдану 
ерекшелігі, орналаскан жері немесе косымша симптомдары.
5. Жүйке жүйесін терең зерттеу невропатолог консультациясын қажет етеді. 
К онсультация кеңес болып табылатындықтан, не ж өнінде кеңес 
алатындығыңызды және өзіңізге накты кандай көмек керектігін білуіңіз 
керек.
Психикалык жағдай.
Мына схема бойынша зерттеледі.
• Науқастармен катынас сипаты: жаксы күйдегі наукас әңгімеге жаксы 
ықылас қойып, өзі жайлы толық әңгімелейді; формальды науқас біртекті 
жауаптар береді; кейбір наукастар тұйык болады; жауап беруден бас тар- 
тады ж әне койылған сұрактар оны тітіркендіруі мүмкін; күдікшіл наукас 
катынаска берілмейді.
• Сана жағдайы: тұрған жерін, уақытты, өз тұлғасын бағдарлауы, стацио- 
нарда не үшін жатканы жөнінде түсінігі.
• Түйсік және қабылдау бұзылыстары: анестезия, гипостезия, гиперестезия, 
парестезия, сенестопатия, иллюзиялар (аффективті, вербальді), галлюци­
нациялар (қандай екенін көрсетіңіз), метаморфопсиялар, дене схемасының 
бұзылысы. Уақытты дұрыс қабылдау, сөйлеу бұзылыстары. Дереализация, 
деперсонализация.
• Есте сақгау қабілетінің өзгеруі: Фиксациялык гипомнезия (заттарды қайда 
қойғанын, адам есімдерін, телефон нөмірлерін есінде сақтай алмау), ги- 
пермнезия, амнезия (ретроградты, антероградты, ретроантероградты),


480
4-Қосымша
парамнезиялар — кофабуляция, псевдореминисценция. «Бұрын басынан 
өткен», «бұрын көргендік», «бұрын естігендік» сезімдерінің болуы.
• Зейін бұзылыстары: зейінін жинақтау қабілеті (қойылған сұрақтарға мән 
беру қабілеті), оның әр түрлі бұзылыстары — шашыраңқылығы, зорығуы, 
патологиялық тұрақтылығы.
• Ойлау бұзылыстары: екпіні бойынша — баяу, жылдам, тоқтаған. Байла- 
нысы бойынша — мағыналық, логикалық және грамматикалық. Мақсат- 
тылығы бойынша — патологиялық байымды, персеварация, резонерлік. 
Мазмұны бойынша ойлау бұзылысы — аса бағалы ж әне сандырақтық 
идеялар, олардың мазмұны және логикасы, аргументация сипаты, сенім 
дәрежесі, дәлелдер келтірудегі белсенділігі.
• Сөйлеу бұзылыстары: екпіні, түсініктілігі, кекештену, эхолалия, неологизм, 
мутизм.
• Интеллект жағдайы: Науқастың мектептегі, тұрмыстағы, арнайы білім 
орындарында алған білімі ж әне олардың науқастың білім дәрежесіне, 
өмірлік тәжірибесіне сәйкестігі. Оқуға, білімін толықтыруға қабілеті, 
дағы ларды игеруі. О йлау сипаты : ұғымдарды біріктіру, ажырату 
қабілеті, мақал-мәтелдердің түсінуі, қанатты қағидалардың астарын 
ұға білуі.
• Эмоция бұзылысы: науқастың көңіл-күйі — мазмұны, күші, тұрақтылығы. 
Науқас жағдайы: нашар, қанағаттанарлық, көтеріңкі. Аффективті қоз- 
ғыштығы: тітіркенгіштік, аффективті күй күші мен ұзақтығы, олардың 
вегетативті ж әне психомоторлық көріністері. Эмоциялық лабильділік, 
боскөңілділік. Екі жүзділік (амбиваленттілік) және сезімдердің бұрмалануы. 
Ж оғарғы дәрежелі сезімдер сипаттамасы (этикалы қ, эстетикалық, 
интеллектуальдық). Эмоциялық сфераның жалпы бұзылыстары — апатия, 
эмоциялық дефект.
• Әуестік бұзылысы: тағамдық, жыныстық, өзін сақтауға бағытталған 
әрекеттер, сандық, сапалық өзгерістер.
• Қозғалыстық-еріктік сфера бұзылысы: психомоторлы белсенділіктің қозу 
деңгейіне дейін күшеюі немесе ступор деңгейіне дейін төмендеуі. 
Кататониялы қ симптомдар — эхопраксия, негативизм, балауыздық 
иілгіштік, импульсивті әрекеттер. Еріктің жалпы күшеюі мен төмендеуі 
(абулия деңгейіне дейін). Галлюцинациялармен, сандырақпен, пато- 
логиялы қ әуестікпен, сана бұзылысымен байланысты жүріс-тұрыс 
бұзылысы.
• Дертін мойындау және ол жөніндегі күйзеліс: жеткіліксіз, жоқ, әсіреленген, 
адекватты.
• Мимикасы, пантомимикасы, жүріс-тұрысы: мимикасы жанданған, адек- 
ватты, амимия, парамимия. Күйзелістеріне қозғалысының сәйкес келмеуі. 
Бақылау барысында науқастың тәртібі мен сыртқы әлпеті: кабинетке қалай 
кіргені, амандасқаны, отыру қалпы, киінгені. Нұсқауларды орындауы: 
дәл, тез және т.б.
• Науқастың бөлімшедегі тәртібі: қарым-қатынасқа түсуі, бөлім режимін 
орындауы, еңбек үрдісіне және мәдени шараларға қатысуы.


4-Қосымша
481


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет