Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым



Pdf көрінісі
бет68/343
Дата02.12.2023
өлшемі11,02 Mb.
#194683
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   343
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

Есті зерттеу әдістері
Ес жағдайын зерттеу үшін клиникалық әдістер қолданылады: сұрау, бақылау 
және экспериментальды-психологиялық әдістер.
Сұрау әдістері. 
Ес осы шақ, жақында болған, бұрын өткен оқиғалар жөнінде 
сұрау тәсілі арқылы тексеріледі. Ж еке өмірінің оқиғалары, сонымен қатар, 
кәсіби, қоғамдық өмір оқиғалары жөнінде сұрастырылады.
Бақылау әдісі. 
Амнестикалық дезориентировка жағдайы объективті дәлелдеу 
үшін қолданылады, бұл жағдайда науқастар естің дөрекі бұзылысына байланы­
сты палатасын шатастырады, процедуралық кабинетті, әжетхананы, дәрігер 
кабинетін ж әне т.б. есінде сақтай алмайды.
ОЙЛАУ БҰЗЫ ЛЫ СЫ
Ойлау
— адам санасында объективті шынайылық бейнеленуінің ең жоғарғы 
формасы.
Бұл — шындықты сөз және білімге сүйеніп сипаттайтын құбылыс.
Ойлау әлемді сезімдік тану және адамдардың тәжірибелік қызметімен тығыз 
байланысты. Қабылдау актісінде заттың ж еке қасиеті мен бүтін затты, 
^былыстарды бейнелейтін сезімдік түсінуден ойлау үрдісінің айырмашылығы, 
ол табиғат заңдылықтарына сәйкес түрде заттар мен құбылыстар арасындағы


130
VIII Тарау. Психикалық бұзылыстар симптомдары
ішкі байланысты бейнелейді. Ойлау үрдісінде адам заттың мәнін түсінеді, тікелей 
қабылдаудан тыс орналасқан сыртқы ортаның өзге тарапын ашады. Адам ой 
арқылы қоршаған ортаға белсенді әсер етеді. Адамдар тәжірибелік қызмет 
нәтижесінде жаңа білім қорын игереді, жаңа түсініктер ескі түсініктерді өзгертеді. 
Осылайша, танымдық ортақ үрдіс жалпы заңцылықка бағынады: сезімдік таным 
арқылы адам рационалды ойлауға көшеді, ал одан тәжірибеге және шындыққа 
қол жеткізеді.
Ойлау негізі — түсінік болып табылады. Түсінік — заттардың өзіне тән 
қасиеттері туралы жалпылама білім. Ойлау үрдісі кезінде біз материалды тал- 
даймыз, синтездейміз, салыстырамыз, табамыз, қорытынды жасаймыз. Түсінік 
пікірден туып, тіл, сөз арқылы көрінісін табады.
Көркемдік-әрекеттік, нақты-бейнелі, абстрактылы-логикалық ойлау
ажыра- 
тылады. Адамның өніп-өсуі ж әне оның психикалық үрдістерінің дамуына 
байланысты сөз формасында емес, басым сыртқы әрекеттермен іске асатын 
көркемдік-әрекеттік (қимылдық) ойлау нақты-бейнелік ойлауға орын береді. 
Абстрактылы-логикалық немесе түсініктік ойлау — ересек адамға тән. Ол білім 
мен дағдылардың толық дамуын, сонымен қатар, сөйлеу қабілетін игеруді 
білдіреді. Ойлаудың бұл түрі өте тиімді және терең болып саналады. Оның 
сферасына түсінік, пікір, символика, ой түйіндеу кіреді.
Ойлау сау адамдарда ойлар арасында байланыс түзілуімен жүреді. Қалыпты 
жағдайда да бір ассоциация шекараластығы, ұқсастығы, контрастылығына 
байланысты екінші бір ассоциацияны туындатады. Ш екараластық бойынша 
ассоциация: нақты затпен (ситуациямен) кездескенде адам осы бір затпен не- 
месе жағдаймен орын және уақыты бойынша байланысты басқа заттар немесе 
жағдайлар жөнінде ойға кетеді. Одан да күрделі ұқсастық бойынша ассоциация 
сөздік ойлау негізі болып табылады. Бұл кезде әртүрлі құбылыстарға тән ортақ 
белгілерді табу, олардың арасындағы ұқсастықтарды анықтау, осы белгілер 
бойынша қабылданған және сақталған мәліметтерді біріктіру болып табылады. 
Контрасты бойынша ассоциация: ақ — қара, жақсы — жаман, ақылды — 
ақылсыз т.б. болады.
Ассоциативті үрдіс ассоциациялардың ретпен пайда болуымен, мақсаттылығы 
және белгілі бір жылдамдықта жүруімен сипатталады.
Патологиялық жағдайда ассоциативті үрдіс бұзылуы мүмкін немесе ой 
арасындағы байланыстар бұзылады немесе жоғалады, бұл — ойлаудың форма- 
сы бойынша бұзылуы. Кейбір ауруларда ой тұжырымдау үрдісі бұзылады, ло­
гика зардап шегеді, осыған байланысты ойлау мазмұны бойынша бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   343




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет