136
VIII Тарау. Психикалық бүзылыстар симптомдары
сатысына) тән, маниакальды-депрессивті психоздың маниакальды фазасында
бақыланады.
Ертеден келе жатқан жіктеу бойынша ілкі ж әне салдарлық сандырақты
бөлеміз.
Ілкі сандырацта
психиканың патологиялық өнімдері сандырақтық
түрде дамиды.
Салдарлыц сандырацта
ой түйіндеу өзгерген фонда дамиды,
мысалы, ауруда қауіп төндіруші есту вербальды галлюцинациялары және оған
сәйкес соңына түсу сандырақтық идеялары бар; ес бұзылысымен егде жастағы
науқастар киімін, ақшасын қайда қойғанын есінде сақтай алмайды, бұл екіншілік
сандырақ түзілуіне негіз болып табылады.
Сандырақ сонымен қатар,
жүйеленген және жүйеленбеген
болып бөлінеді.
Жедел психикалық жағдайда науқас санасында сандырақ өте үлкен жылдамдықта
өзгереді, науқас мәнін түсініп үлгермейді. Бұл жағдайда сандырақ жүйеленбеген
сипатта болады. Сандырақ көзқарастар жүйесіне еніп, қандай да бір байла-
ныстылыққа ие болуы үшін уақыт керек. Сондықтан, ауру жүйеленген санды-
рақпен көрініс берсе, дерт үрдісінің ұзақ мерзімділігі жөнінде айтуға болады.
Үдемелі ауруларда (шизофренияда) психикалық ақау дамуына байланысты
сандырақ жүйесі ыдырайды, сандырақ орынсыз, оғаш сипат алады.
Қазіргі кезде интерпретативті, сезімдік және бейнелік сандырақ түсініктері
кеңінен қолданылады. Интерпретативті немесе талдау сандырағы — бұл
жүйеленген ілкі сандырақ, паранойялы синдромға тән. Жедел сезімдік сандырақ
ерекшелігі қоршаған ортаны сандырақтық қабылдау болып табылады. Бұл
жағдай алдында күдікшілдік, сандырақтық көңіл-күй бақыланады, соның
әсерінен барлық қабылданған ақпарат сандырақтық сипат алады. Идеаторлы
талдау болмайды, сөздері интерметаморфоза сандырағына сәйкес келеді; гал
люцинация болуы міндетті емес, сезімдік сандыраққа жиі иллюзиялар тән.
Патологиялық күйзелістер мен науқастың пассивті позициясы арасындағы
диссоциация, абдырау жағдайының жиілігі сезімдік сандырақ жағдайын оней-
роидты жағдайға жақындата түседі. Сандырақ жедел экзогенді психозда, ш и
зофренияда кездеседі. Егер сезімдік сандырақ сыртқа бағытталып, шын мәнінде
бар заттар мен құбылыстарды сол мезетте қабылдаумен негізделсе бейнелік
сандырақ науқаста қалыптасып қалған пікірлерге негізделіп түзіледі, былайша
айтқанда, ол осы шаққа емес, өткен ш ақ қабылдауларына сүйенеді. Бейнелі
сандырақ мағынасы бойынша қиял сандырағы, кейде тізгінсіз фантазияға ұқсас
болады. Бұған жалған естеліктерге негізделген
Достарыңызбен бөлісу: