Ойлау бүзылысы
137
бейнелік сандырақ, науқас жүріс-тұрысына айтарлықтай әсерін тигізбейді.
Резидуалды сандырақтың динамикалық үрдісі қолайлы: ол трансфармацияға,
күрделенуге ұшырамайды және науқаста сыни көзқарас пайда болғанда (кри-
тикасы) кенеттен жоғалады.
Индуцирленген сандырацта
психикасы сау
адамдардағы қате пікірлердің пайда болуы сандырақтан зардап шегетін науқас
адамдармен байланысты болады; примитивті,
ситуацияны сыни көзқараспен,
дұрыс түйіндей алмайтын тұлғаларда дамиды.
Аса бағалы идеялар
— ш ынайы факторлар базасында пайда болатын,
науқастың шамадан тыс эмоционалды жауабына байланысты санада басымдық
көрсететін пікірлер. Психопатияларда, шизофренияда, аффективті психоздар
да кездеседі. Тематикасына байланысты шығармашылдық, ипохондриялық
және т.б. идеялар болып бөлінеді.
Жабысцацтыцтар (обсессиялар)
— еріктен тыс пайда болатын, науқас ойын
жаулап алатын және науқас үшін бөтен, дертті жағдай ретінде қабылданатын
ойлар мен күйзелістер, науқас оларды өз ерік-күшімен жеңе алмайды. Жабысқақ
ойлар, елестетулер, естеліктер, күдіктенулер, қорқыныш, әуестіктер, қимылдар
мен әрекеттер болады. Жабысқақтықтарды 2 топқа бөлеміз:
1) бейтарап, яғни, науқас үшін индифферентті, айқын эмоциялық реакци-
ялармен жүрмейді;
2) бейнелік, науқас үшін ауыр ж әне айқын аффективті жауап арқылы
көрінеді.
Бірінші топқа жабысқақ ақылгөйсу, жабысқақ санау, терминдерді, есімдерді,
күндерді т.б. жабысқақ еске түсіруді жатқызуға болады. Жабысқақтықпен науқас
бейтарап тақырыпта ұзақ ойланады, мысалы, неге әлем шексіз, егер ол аяқталса
не болады, аяқталғаннан кейін не болады және т.с.с. Жабысқақтықпен науқас
оқығанын немесе естіген сөздерін талдайды,
бөліктерге, буындарға бөледі не-
месе қадамын санайды, баспалдақ сатыларын, терезелерді, сөздегі әріптерді
санайды, ойша шексіз санау операцияларын жүргізеді.
Екінші топқа өткен өмірдің қандай да бір оқиғасы жөніндегі жабысқақ
естеліктерді жатқызады, ол
ұят сезімімен, өкіну ж әне басқа да эмоциялық
реакциялармен бірге жүреді. Елестетулер бүкіл санасын жаулап алғанда оқиғалар
науқаста ауыр күйзелістер тудырады, ол адамның жүріс-тұрысында бейнеленеді
(ол бұл күйзелістің жоқ екендігіне көз жеткізгісі келгенде). Науқас өз туыс-
тарының үйінен келіп, олар науқастың ваннада тастап кеткен каустикалық
содасымен уланып қалуы мүмкін деп ойлай бастады. Ж ақындарының өлім
алдындағы қиналғандарын көз алдына келтіріп, оларға ұзақ уақыт бойы жаз-
бады, себебі, олардың өлімі жөнінде нашар хабар аламын деп қорықты; мере-
ке қарсаңында олардан құттықтау қағазын алғаннан
кейін ғана ол жөнінде
ойлауын доғарды.
Жабысцац цорцыныштар — фобиялар
әрқилы болып келеді, аффективті
қанықтылығымен ерекшеленеді. Жиі кездесетіндері: канцерофобия — қатерлі
ісікке шалдығудан; сифилофобия — мерезге шалдығудан; кардиофобия —
жүректің ауыр дертіне шалдығудан; танатофобия — өлімнен қорқу; мизофо-
бия —
ластанудан қорқу; клаустрофобия — жабық кеңістіктерден қорқу;
агорофобия — ашық кеңістіктерден, көшелерден, алаңдардан қорқу; эритро-
138
VIII Тарау. Психикалық бүзылыстар симптомдары
фобия — өзге адамдар алдында қызарып кетуден қорқу; фобофобия — фобия
пайда болуынан қорқу.
Бейнелік жабысқақтықтарға
жабысцац күдіктенулерді
(есік жабылды ма,
жарық өшті ме, кран жабылды ма),
жабысцац тілектер, әуестіктер, цимылдар,
әрекеттерді
қосуға болады. Кейбір науқастарда
жасауға болмайтын қылық
жасауға жанын қинайтын тілек пайда болады: жерлеу рәсімінде күлуге, жақсы
көретін баласының көздерін шаныш қымен шұқып алу. Бұл
контрастылы
жабысцацтыц
деп аталады. Егер сандырақ жөнінде емес, жабысқақ ой тура-
лы әңгіме болса, ауру өзінің тілегін еш қаш ан іске асырмайды. Психоз
жағдайында контрастылы құбылыстар сырттай жабысқақтық тәрізді болуы
мүмкін, шынтуайтқа келгенде, ол баяу түзіліп келе жатқан сандырақ сатысы
болуы мүмкін. Мұндай жағдайда науқастар қоғамға қауіпті әрекет жасауы
мүмкін.
Ритуалдар
— орындағанда қысқа уақытқа науқас жағдайының жақсаруымен
көрінетін ж абы сқақ қимыл-әрекеттер; ритуалдық
әрекеттер дұға тәрізді,
қорғанысты білдіреді. Жабысқақтықтар нервоз жағдайына тән; нервотикалық
деңгейде өтіп жатқан барлық психикалық ауруларда көрінуі мүмкін мүмкін.
Жабысқақтықтар сау адамда да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда олар тұрақсыз
болады, сананы жайламайды, эпизодты түрде пайда болады және адамның
әлеуметтік ортада бейімделуіне әсерін тигізбейді.
Сандырақ пен жабысқақтықтың патофизиологиялық мәні И.П . Павлов
еңбектерінде ашылған. Параноик сандырағын талдай келе, ол осы науқастарда
орталық жүйке жүйесінің мықты үрдісіне көңіл бөлген. Мида фазалық күйлердің
дамуына байланысты сандырақ түзуші тұрақталған қозу ошағы өз айналасын-
да күшті тежелу зонасын түзеді (теріс индукция заңы бойынша). Критикаға
сәйкес келетін ешқандай қозу осы тежелу жиынтығынан өтіп, доминантты
ошақты басуға қабілетсіз. Осы жағдай сандырақтаған науқастарда критиканың
болмайтынын түсіндіреді. Жабысқақ жағдайлар неврозы кезінде,
керісінше,
жоғары жүйке қызметінің әлсіздігі бақыланады. Бас миының әлсіз қыртысы
күшті доминантты қозу ошағын түзуге қабілетсіз, ал доминантты ошақ күшті
тежелу қабатымен өзін қорғай алмайды. Жабысқақтықтар ерекшелігі осылай-
ша түсіндіріледі: жеке жабысқақтық болады (тұрақталған қозу ошағы) және
оған деген сыни көзқарас болады (қосымша қозу ошақтары), бірақ бұл сынға
сәйкес қозу негізгі ошақты басуға қабілетсіз. Тұрақты қозу ошағы қалыпты күш
қатынасына бағынуы мүмкін немесе сергектік және ұйқы арасындағы жағдайда
болуы мүмкін.
Инвертті сандырац
деген түсінік бар, бұл кезде науқас сөздері шынай^ілыққа
тікелей қарама-қайшы болып келеді: адал қызмет етіп келген кассир әйел өзін
ақш а ұрлады деп айыптап отырғанын, кейіннен бүкіл өмірінде ұрлықпен
айналы сқанын ж әне адамдарды алдағанын айта бастайды. Бұл жағдайды
И.П. Павлов тұрақты қозу ошағының ультрапарадоксальды фазасы деп түсіндірді
(тежелуі қажет нәрсе реакция туғызады немесе керісінше). Ультропарадоксаль-
ды фаза заңы бойынша реакция жабысқақтықта да (мысалы, контрастты
жабысқақтықтар) болады.