Жұмыстың мақсаты. Әртүрлі алгебралық теңдеулерді және қозғалыс есептерін шешудің геометриялық әдісін іздестіру. Сонымен қатар, геометрия
лық әдісті анықталмаған иррационалдық теңдеулер мен теңдеулер жүйесінің және сызықтық емес программалау есебінің белгілі бір түрлерінің (класының) шешімдерін іздестіруге қолдану мүмкіндігін зерттеу.
Зерттеу әдісі. Геометрия курсынан белгілі негізгі теоремаларды басшылыққа ала отырып теңдеулердің түбірін табу есебін геометриялық салу есептеріне келтіріп, оның шешімдерінің бар болу шартын тексеру. Математикалық программалау және механикалық есептерді шығару әдістерін геометрия курсындағы метрикалық қатынастарға негіздеу болса, теңдеулер шешімінің бар болуы мен біреу ғана болатынын дәлелдеу планиметриядағы бірден-бір жағдайды сипаттайтын теоремаларға негізделген.