Оқушының аты-жөні:________________________________________________ Cынып:10 «Химия» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1-нұсқа 1 тапсырма: Гомогенді катализ механизмі туралы тұжырымдар берілген:
1) Әрекеттесуші заттар катализатордың бетінде адсорбцияланады;
2) Әрекеттесуші заттардың біреуі катализатормен әрекеттесіп аралық активті кешен түзеді;
3) Әрекеттесуші заттар, өнім және катализатор бір фазалық күйде болады;
А) тек 1 B) тек 1 ,2 C) тек 2,3 D) тек 3 (1балл) 2тапсырма: Реакция жылдамдығына әсер ету механизмін көрсететін дұрыс тұжырымды көрсетіңіз:
1. Катализатор реакцияның активтендіру энергиясын төмендетеді
2. Катализатор реакцияның жылдамдығын арттырады
3. Катализатор реакцияның активтендіру энергиясын арттырады
4. Катализатор рекцияның жылдамдығын төмендетеді
A)1 және 4 B) 2 және 1 C) 3 және 2 D) 1 және 3 (1балл) 3 тапсырма:Температураны 200-қа төмендеткенде , реакция жылдамдығы 16 есе кемісе , реакцияның температуралық коэффициенті нешеге тең (3балл)
4 тапсырма:CO2(г) +C(қ) ↔2CO(г) ΔH˂ 0 қайтымды процесс үшін тепе-теңдікте тұрған жүйе күйіне келесі факторлардың әсерін түсіндіріңіз:
А) қысымды арттыру
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________ 2балл)_В)'>(2балл) В) әрекеттесуші заттардың концентрациясын арттыру
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________ (2балл) С) температураны төмендету
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________ (2балл)