Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет140/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   190
Белгісіздік есімдіктері
Белгісіздік есімдіктері деп заттар мен құбылыстарды анық ашып айтпай, белгісіз мәнде айтылатын сөздерді айтамыз. Мысалы, Біреу тойып секіреді, Біреу тоңып секіреді (мақал). Бүгінде ғой кейбіреудің кінәмшіл, кекшіл, «шыбық тимес шыңқ етер» болып, үлкен сөйлесе де, кіші сөйлесе де бастарына қаны тепшіп шыға келетіні (Ш.Жиенқұлова).
Белгісіздік есімдіктері көбінесе бір, әр, әлде сөздерінің басқа есімдіктермен бірігуі арқылы жасалады. Белгісіздік есімдіктеріне біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, әрбір, бірнеше, әркім, әрқайсы, әрқалай, әлдекім, әлдеқайдан, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдене т.б.
Белгісіздік есімдіктерінің ездеріне тән морфологиялық түрлену жүйесі жоқ. Сол сияқты олардың өздеріне ғана тән синтаксистік қызметтері де жоқ. Олардың шығу тегі жағынан қандай сөздер екеніне, қандай сөз табымен тіркесуіне, қолданылуына орай әр түрлі сөз таптарына бейім келеді. Сондықтан олардың морфологиялық түрлену жүйесі мен сөйлемдегі қызметтері де соларға сәйкес болып отырады. Мысалы, Біреулер жайраңдап кіріп жабыңқы, біреулер жабыңқы кіріп, жайраңдап шығып жатыр (Ғ.Мұстафин). Алынған сөйлемде біреулер есімдігі зат есімнің орнына қолданылған, сондықтан ол зат есім сияқты көптеліп, сөйлемде бастауыш қызметінде жұмсалып тұр. Белгісіздік есімдіктері жіктік жалғауларын қабылдамайды. Белгісіздік есімдіктерінің бәрі бірдей көптелмейді. Көптік жалғаулары тек біреу, бірнәрсе, бірдеңе, әлдене, әлдекім, әркім, кейбіреу сияқты есімдіктерге ғана жалғанады. Мысалы, Көзіме әлденелер елестеді (Б.Майлин). Атырау мен Алтай, Қаратау мен Қостанай даласына дейін созылып жатқан ұлан – байтақ жерді жылына бір рет аралап шығу, әлдекімдер айтып жүргендей, бой жазып, сейіл құру емес (Д.Қонаев). Мен ешнәрсе істей алмаймын дегенді әлдекімдер жиі айта береді. Бұл мүлдем қате (С.М.Киров). Шамам келгенінше ешкіммен ренжіспеуге тырысатынмын, бірақ мені кейбіреулер, аяқтан шалды, өсек-аяң таратты (Ш.Жиенқұлова).
Тәуелдік жалғауы белгісіздік есімдіктерінің бәріне бірдей жалғана бермейді. Мәселен, әлде, әр, әлдекім, әлдеқай, әлдеқашан, әлдеқалай, әркім деген есімдіктерге тәуелдік жалғау жалғанбайды.
Белгісіздік есімдіктерінің басқа түрлері оңаша және ортақ тәуелдік жалғауларын қабылдай береді. Мысалы, біреуім, біреуің, кейбіреуің т.б.
Белгісіздік есімдіктері - тілде бертін пайда болған сөздер.
Бір есімдігі бір сан есімінен пайда болса, біреу сөзі бір сөзі мен -еу қосымшасынан жасалған.
Әлде сөзі араб тілінен ауысқан дейтін пікірлер бар. Есімдіктер тарихы туралы еңбек жазған А.Ибатов әлде есімдігінің шығу тегі жөнінде былай дейді: «Әлде есімдігі араб тіліндегі іллә сөзінің алғы і дыбысының ә дыбысына және екінші л дыбысының д дыбысына алмасып қолданылуы негізінде пайда болған. Әлде араб тілінде «если не, исключая, кроме» деген мағыналарда қолданылады» .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет