Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби



бет143/190
Дата06.02.2022
өлшемі5,51 Mb.
#28486
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   190
Есімдіктің синтаксистік қызметі
Есімдіктер басқа да свз таптарының орнына жүретіндіктен, ол сөйлемнің барлық мүшелері ретінде қызмет атқарады.
Есімдіктің бастауыш қызметінде жұмсалуы. Есімдіктердің барлығына жуығы бастауыш қызметін атқара алады. Мәселен, Мен қазақ қыздарына қайран қалам, жанары жаны жаздай жайраңдаған (И.Сапарбаев). Өзге емес, өзім айтам өз жайымды.(Қ. Аманжолов). Қарағым-ай, еліктер осылай жосады екен, жолыңнан сені кім тосады екен (Ш.Сариев). Сен сияқты мені ешкім еркелетіп, сен сияқты мені ешкім түсінбеген (М.Шаханов).
Есімдіктің баяндауыш қызметінде жұмсалуы, көбінесе жіктеу есімдіктер сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Есімдіктердің кейбір түрлері дара, күрделі бастауыш қызметінде жұмсалады. Сондай-ақ бұл қызметте сілтеу, сұрау есімдіктері де кездеседі. Мысалы, Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі - осы (М.Әуезов). Сіз халықтың кімі едіңіз? (Бұл да).
Есімдіктің толықтауыш кызметінде жұмсалуы. Есімдіктердің бәрі сөйлемде толықтауыш мүше қызметін атқара береді. Есімдіктер қимыл-әрекеттің тура және жанама объектісін білдіріп, тура және жанама толықтауыш болады. Мысалы, Өзін сыйлай білмеу - бақытсыздық, өзіне шексіз риза болу - ақымақтық (Г.Мопоссан). Соның қайсысын хикмет көресің (Абай).
Есімдікгің анықтауыш қызметінде жұмсалуы. Анықтауыш болатын есімдіктерге сілтеу, сұрау, жіктеу, жалпылау есімдіктері жатады. Мәселен, Мына қыз мені сүріндірді, енді айтпасыңа болмас, деді (Ә.Сәрсенбаев). Сіңілім, мына қағазды ал да, біздің үйге бар (Ә.Әбішов).
Есімдіктің пысықтауыш қызметінде жұмсалуы. Пысықтауыш қызметін осы, сол деген сілтеу есімдіктері, қашан? қалай? неліктпен? сұрау есімдіктері атқара алады. Мысалы, Сендермен қашаннан аға-інілі болғанмын (Жамбыл). Бұлжақта жерден астық алу аптын алудан қиын (Ғ.Мұстафин).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   190




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет