Қазақ тiлi лексикасының стильдiк топтары
Қазақ тiлi лексикасының стильдiк топтары мыналар: жалпы халықтық лексика, арнаулы сөздер, бейнелi (эмоционалды-экспрессивтi) сөздер, көнерген сөздер (архаизмдер, историзмдер), неологизмдер, кiтаби лексика, диалектизм, варваризмдер, iс-қағазы және ресми документтiк сөздер, публицистикалық сөздер.
Жалпы халықтық лексика. Жалпылама сөздер әр алуан стильде әдебиеттiң барлық жанрында қолданыла беретiн бүкiл жұртқа бiрдей. Жалпы халықтың лексикаға белгiлi бiр тiлде сөйлейтiн халықтың жазу тiлiнде болсын, сөйлеу тiлiнде болсын, барлығында бiрыңғай бiртектес үлгiде қалыптасқан, нормаға түскен сөздер жатады. Жалпы халықтық лексикаға тән қасиет табиғилық, қарапайымдылық, ашық айқындылық және т.б. сөздерге ұйтқы болушылық. Қазақ тiлiнде жалпылама лексикаға да осы айтылған қасиеттер тән. Оны С.Торайғыров шығармаларының мына бiр өлең шумағында да байқауға болады. М:
Жаз жетiп, қар кеттi, сулар ағып,
Күн де тұрар жарқ-жұрқ етiп, нұрын шашып
Құлпырып, жүз құбылып,жердiң жүзi
Қуанбас жан-жануар бұған неғып.
Достарыңызбен бөлісу: |