Өзіңізді тексеріңіз


Кабинет объектілерінің модельдері



бет12/14
Дата07.02.2022
өлшемі7,68 Mb.
#84612
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
12 ТОО 3а3к «Сабақты аяқтау тәсілдері» таныстырылымы

Кабинет объектілерінің модельдері
  • Әрбір топ қораптағы заттарды пайдалана отырып, өздеріне берілген сұлбаны/жүйені/картаны дыбыстауы қажет (қажетсізін алып тастаңыз).
  • Ескерілуі тиіс:
  • ·Сұлба қандай нысанда болуы тиіс?
  • ·Бұл нысанды дыбыстау үшін нені пайдалана аламыз?
  • ·Негізгі объектілерді қалай ұсына аламыз?
  • Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.
  • Сұрақтары бар қорап
  • Мысалы–
  • · Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді?
  • · Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау.
  • · Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін/ түсінбеген салаңызды көрсету.
  • Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не?» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру.
  • Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы балалар барлығы бірдей бір бағытта және жылдам ойламайды – күту оқушыларға өз ойларын жинақтауға және қойылған сұрақ төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді.
  • Күту уақытының 2 үлгісі:
  • Мұғалім айтады, одан кейін оқушылар өз жауаптарын бергенге дейін кідіріс жасайды.
  • Оқушы жауап беруді аяқтайды және мұғалім оның жауабына ықпал еткенге дейін кідіріс жасайды. Бұл тәсіл оқушының толықтыруына және жалғастыруына немесе басқа оқушыға жауап беруге мүмкіндік береді.
  • Күту уақыты
  • Бағдаршам
  • Түсінгенін көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.
  • Мысалы:
  • ·Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті).
  • ·Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады.
  • ·Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.
  • Оқушыларға жауап бергенге дейін өз ойларын жинақтауға мүмкіндік беріңіз–
  • · жауап алдында 30 секунд үнсіз ойлану;
  • ·жұптағы 2-3 минуттық миға шабуыл;
  • · жауап бермес бұрын бірнеше ойларыңды жаз;
  • · өз көршіңмен болжамды жауапты талқыла.
  • Көршіңе әңгімелеп бер
  • «Көршіңе әңгімелеп бер» әдістемесі оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.
  • · сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз;
  • · одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз;
  • ·оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.
  • Бас бармақ
  • Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
  • Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
  • Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.
  • Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
  • Идея туралы ойлар
  • Сұраққа жауап алған кезде, бұл идея туралы өзгелердің ойларын сұрау жолымен ойлау логикасын ашыңыз.
  • Мысалы: “_________идея туралы қалғандары не ойлайды?”
  • А Ә Б В
  • Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет