8
алмаушылық, күндестік, құр мақтан, кейіс
6
, алдап-арбау бәрі кетер еді,
заман түзу жолға түсер еді. Білімді, ғылым үйренген ерді адалдықпен
басқартса, ел де өзгерер еді, барлық адам таза еңбек жолына түсіп, өнер
үйренер еді, сонда өз тірлігінің нәтижесін өзі көріп, бейбіт, мамыражай,
бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, елдіктің тұғырын биік ұстаған елге
айналар едік. Адалдыққа бастайтын, арлылықты жастайтын, ар білімі
оқылса, жайнаған көңілі бар, қайнаған өмірі бар, берекесі мерекесіне
ұласқан ел-жұрт болар едік, қатарымыздан озық болар едік.
•
Мәтіндегі Шәкәрімнің «Адам болған соң біреуге зорлық-
зомбылықтан, әділетсіз арам пиғылдан, зиянды да кесірлі іс-
әрекеттерден тиылуға бейім, ұстамды болса ғой...» деген ойы
іске асуы үшін адам бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер
болуы қажет?
•
Мәтіндегі «Біліп қана қоймай, білгенін өмірінің өзегі етіп, сол
мақсатпен берік жол ұстанып жүре білсе ғой...» деген ойды
адам берік ұстанса оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
Неліктен?
•
Автор неліктен «Жүрек арлылыққа толса, оның жемісі де игілікті
болмақ» дейді?
•
Мәтіндегі «Адамның ары нәпсіні жеңуі үшін адам көңіл
қалауына шек қоя білуі тиіс. Өйткені нәпсі алған үстіне алсам,
жеңген үстіне жеңсем деген тойымсыз нәрсе, ол адамды күнәһар
іске итермелеуші күш. Оны шектеу ләзім дегенде осы жағын
ойланамын... Нәпсісін арына, ақылына, рақымына, әділетіне
билеткен адам ғана адамшылық қалпын сақтайды, көпке өнеге
болады. Адалдығыңа басшы болған арың нәпсіңді жеңсе
қорлықтан құтыласың, азат боласың, еркіндікке иесің» деген
ойды қалай түсінесіздер?
Достарыңызбен бөлісу: