3-тапсырма. Айналаңызда өзіңіз «нағыз адам» деп санайтын
жақындарыңызбен және таныстарыңызбен «Нағыз Адам болудың сыры»
тақырыбында әңгімелесіңіз. Ойыңызды жазбаша түрде түйіндеңіз.
Сара Алпысқызы ... Өмірде әрбір адам ең алдымен өзін-өзі тануы керек.
Өзін-өзі таныған адам өзгенің де жан дүниесін түсінетін
болады. Ешқашан да біреуге жаманшылық ойламайды, жақсы
адам болуға талпынады. Бұл өмірде – әрбір адам, қандай
мамандық иесі болмасын, ең бірінші – адам болып қалу керек.
Адамгершілік жолын ұстанып өту керек. Ізгілікке жақын
болып, жүрегін, жан дүниесін махаббатпен нұрландыруы
керек.
АДАМ ДЕГЕН АРДАҚТЫ АТ