«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары
Мектеп: № 2 мектеп - балабақша кешені
Күні: 07.12.2015ж Тақырып: Отбасы жарастығы
Құндылық: Сүйіспеншілік,ішкі тыныштық,дұрыс әрекет.
Қасиеттер: Балаларға отбасы туралы толық түсіндіріп,отбасына сүйіспеншілікпен, махаббатпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: музыка әуені,дәйексөз, бейнефильм «Ана монологы»,ән: «Әкелер» Мұғалім: Абдыгаппарова Данагүл Төлеутайқызы. Сынып: 5"в" Оқушы саны-26
Сабақ мақсаты: Әңгіменің мазмұнын талдау ,жақсы тілектер айтудың маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік, ішті тыныштықты сақтау , дұрыс әрекет жасау, құндылықтарын дамыту. Міндеттері: - Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;
- Отбасыны қадірлей білу, адам өмірінде отбасының алатын орны туралы мағлұмат беру; - Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
- Өз отбасына деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру
- Топтық жұмыстар жасату арқылы ізеттілікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) классикалық музыка жазылған таспа.
Әннің сөзі мен музыкасы жазылған таспа.
|
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңi. (5Т еске түсіру)
1. Тәртіп
2. Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
ІІ. Тыныштық сәті. (Әуенді қосу)
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Мұғалім: Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды.Күнннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап- жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді – ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады.
Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді? Сұрақтар:
1. Тыныштық сәті ұнады ма?
2. Балалар, қандай әсерде болдыңдар?
3. Көз алдарыңызға не елестеді?
4. Неге олай деп ойлайсыңдар?
Түйін: Сонымен, балалар, жаттығу барысында нұрға бөленген кездегі мейірімділігіңізді және ішкі тыныштықты жүректеріңізде үнемі сақтаңыздар. Үнемі жақсылық жасаңыздар, аман болыңыздар.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Үй тапсырмасын "Өрмекші торы" арқылы сұраймын. Балалар бір -біріне сұрақтар қояды. « Отбасы татулығы» Аңыз әңгіме. Сұрақтар:
- Отбасы әңгіменің мәні неде?
- Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырады?
- Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?
- Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
- Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді
-“Отбасы жарастығы”, “Отбасы бақыты”, “Отбасы қуанышы” деген ойларды қалай түсінесің?
-Адамдар отбасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізе алады?
-Өзіңіз шеше алмаған жағдайдың дұрыс шешімін табу үшін ата – анаңызбен еркін сыр бөлісе, ақылдаса аласыз ба?
-Ата - анаңызды қуанышқа бөлеген кездеріңізді айтып беріңіз.
Түйін: Отбасы татулығы біріншіден бірлікке,сүйіспеншілікке,шыдамдылыққа қол жеткізеді.Әрқашан жақсы сөз естігенде көңіл күйдің көтерілетіндігін, дұрыс ой ойлауға шақыратынын, ізгілікке, , ашық жүректілікке, кеңпейілділікке әкелетінін көрдіңдер.
|
Сабақ барысын талдау:
Оқушылар жаңа сабақты бастамастан бұрын, тыныштық сәті арқылы серігіп алады.
Оқушылар аңыз әңгімені талдап, өз ойларын ортаға салады және әрбір оқушы қорытынды жасайды.
|
ІҮ. Дәйексөз. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің» Халық мақалы
Мақалдың мағынасын сұрай отырып, түсіндіру,хормен айтқызу арқылы жаттату.
Сұрақ: - Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер? - Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді? - Отбасы татулығы біріншіден бірлікке, сүйіспеншілікке, шыдамдылыққа қол жеткізеді. Сіздер қандай тағы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер отбасы туралы білесіздер?
1. Ата- асқар тау,
Ана- бауырындағы бұлақ,
Бала –жағасындағы құрақ.
2. Ата-бәйтерек,
Бала-жапырақ.
3. Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да,
Қарызыңнан құтыла алмайсың.
4. Отан отбасынан басталады.
Түйін: Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік болады.
Бір -біріне жақсы тілек білдіргенде сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау, мейірімділік, ізеттілік, махаббат, бір -біріне деген қамқорлықты көреміз.
-Жақсы ой,жылы лебіз,жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді.
|
Оқушылар ұлағат сөздер мағынасын ашып, өз ойларын ортаға салады.
|
Ү. Әңгiмелеу. (Мұғалім сыйы). Бейнефильмнен көрсету. Ана монологы.
Сұрақтар:
1. Монологтың мәні неде?
2.Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Аялау, қадірлеу деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
4.Қолында сиқырлы таяқша болса, аналарыңызға не сыйлар едіңіз?
Түйін: Адамға өмірде ең қымбаты- отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдылық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре , түсіне білгенде отбасы берік болады. Мұғалім.
Отбасы - адам тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы – ата – ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата – бабамыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата – анаға баладан жақын ешкім жоқ, сондықтан қай ата – ана болсын баласының білімді,әдепті болуын армандайды.
Адамзаттық дегеніміз – жеке адам санасының жетілуінің ең жоғарғы сатысы, жаныңның шалқар шабыты,қиялыңның қия шыңға самғауы. Ал өте қарапайым нәрседен туған: шаңырағыңды сыйлаудан, анаңның алғашқы әлдиінен, отбасынан басталады.
Отбасы – біздің қоғамымыздың алтын қазығы деген екен В.А.Сухомлинский.
|
|
ҮІ. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Балаларды 3 топқа бөліп алып, әр топ өзінің тапсырмасын орындайды.
1-топ « Отбасына» байланысты 5 жолды өлең шығару.
2- топ «Отбасына » байланысты эссе жазады.
3- топ «Отбасы » туралы тірек сызбасы.
Түйін.
«Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер күнделігін» арнап күн сайын өзіңнің өзгеге, айналаңа жасаған жақсы істерің мен олардың жақсылықтары мен айтқан жылы сөздерін, тілектерін жазып жүріңдер.
|
Оқушылар образға еніп, рольдік сахналық көрініс көрсетеді.
|
ҮІІ. Топпен ән айту.
"Әкелер" әнінің әуенімен.
Отқа түстін суға түстін мен үшін
Енді міне бағын берді жемісін
Бала қыран шыңға шықса бұл күнде
Мұның бәрі әке сенің жемісін
Анашымды отырғызып жаныма
Той берейін салып алаканыма
Ей адамда шүкіршілік етіңдер
Мына өмірде әкелерің барына
Тек әкелер сендер ғана лайықсын
Хан сарайы патша тағына
Тек әкелер сендер ғана лайықсын
Хан сарайы патша тағына
Алатаудай қадірін білесін бе?
Арманаң мен ұлдарын өсуде
Алтын шапан кигізсем де аз саған
Айтшы әке не істей алам сен үшін
Анашымды отырғызып жаныма
Той берейін салып алаканыма
Ей адамда шүкіршілік етіңдер
Мына өмірде әкелерің барына
Тек әкелер сендер ғана лайықсын
Хан сарайы патша тағына
Тек әкелер сендер ғана лайықсын
Хан сарайы патша тағына
Ана жұмақ әке жұмақ қақпасы
Бұлар жаққа бұрсандаршы ат басын
Бір күндері жұмақ іздеп барғанда
Қапа болып қақпа ашылмай жатпасын
Анашымды отырғызып жаныма
Той берейін салып алаканыма
Ей адамда шүкіршілік етіңдер
Мына өмірде әкелерің барына
Тек әкелер сендер ғана лайықсын
Хан сарайы патша тағына
Тек әкелер сендер ғана лайықсын
Хан сарайы патша тағына. Күн сәулесінің нұрының өзі кең пейілді, мейірімді, жақсылықты, ата-анаға деген махабатты білдіретінің көріп отырмыз.
|
Оқушылар топпен бірігіп, орындарынан тұрып, әсем әуеннің сүймелдеуімен ән шырқайды.
|
Үй тапсырмасы.
«Адам өмірінде ең қымбатты - отбасы» тақырыбында эссе жазу. бет 45-46. әңгімелеу
|
Оқушылар өз отбасы, ата-анасы туралы өз эсселерін жазады.
|
Соңғы тыныштық сәтi.
Сабақ соңындағы тыныштық сәті (2мин)
Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстапе, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жай дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
|
Оқушылар сабаққа қатысуға келген қонақтарға өз анасындай етіп тілек жазып тапсырады.
|
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Тақырып: Отбасы жарастығы
Сынып:5
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Балаларға отбасы туралы толық түсіндіріп,отбасына сүйіспеншілікпен, махаббатпен қарауға тәрбиелеу
Көрнекілік: музыка әуені,дәйексөз, бейнефильм «Шексіз өмір»,ән: «Әкем әнім»
Мұғалім-Бекманов Салауат Амангелдиевич,Сынып 5- сынып,оқушылар саны-13
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
оқушыларға отбасы жарастығы,татулығы туралы түсінік қалыптастыру;
отбасындағы жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
өзара сыйластыққа тәрбиелеу;
Ресурстар: (құралдар,мәліметтер) оқулық,самопазнание КZ.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар санын тексеру, әр оқушыға 50 балл беру.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»
Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіздер:Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөзбен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек ізгі,сәулелі ой келеді.Нұр бірте – бірте қарқын және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан – жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен нұрмын»
Осындай нұр,махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалпында сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Үй тапсырмасын тексеру:
«Бәрінің бастауы -Махаббат» эссе жазып келу.
Сабақ барысын талқылау:
Музыкалық әуенмен мәтінді тыңдап,елестетіп тыңдау.
Эссені жекелеп оқу.
4. Әңгімелесу (сұхбат): « Отбасы татулығы»
аңыз әңгіме
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті.Отбасындағы адамдар мсаны өте көп екен,бір қауым ел болып,бірге тұрыпты.Ол отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде,татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады.Оларда ұрыс-керіс,дау-жанжал деген атымен болмайды екен.Бұл отбасы жайлы патшаның құлағынада жетеді.Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді.Ауылда тап-таза,барлығы да жеткілікті,тыныштық пен береке қонған.Патшаның көңілі толып,ерекше бір шаттыққа бөленеді.Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде,уайым-қайғысыз,балалары бақытты,мәз-мейрам екен.Бұған патша таң-тамаша болды.Отбасының қалайша бақытты,тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келді.Ол ауыл ақсақалына келіп,отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінді.Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып берді.Үш сөзді оқып патша таң қалып осы –ақ па?
-Иә деді ақсақал.Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құралады,-деді де,сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.
Өсиет әңгіменің мәні неде?
Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?
Сыйластық
Ата болып ақыл айтып көріңдер
Әже болып ертегі айтып беріңдер
Әке болып еркелетіп көріңдер
Ана болып мейірімділік төгіңдер
Мәтінді оқу.
Тыңдайды.
.
Сұрақтарға жауап беру
Мұғалім өлеңнің мазмұнын өз тілімен айту қажет
5.Дәйексөз:
«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің»
Отбасының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?
Отбасы татулығы біріншіден бірлікке,сүйіспеншілікке,шыдамдылыққа қол жеткізеді.
6. Жаттығу-ойын
Оқушылар кезекпен шығып,үлкен адамдардың өздерін еркелетіп,жақсы көріп айтатын сөздерін солардың дауыс ырғағына салып айту керек.
Мағынасын түсіну,талдау
Сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту.
Өз ата-аналарының дауыс ырғағын салу керек.
7.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс
«Отбасың бақытты болуы үшін не қажет?»
І топ: 5 сөз жазып жоспар құр.
ІІ топ: 5 сөз жазып жоспар құр.
Жоспарларын оқу,түсіндіру.
8. «Шексіз өмір» бейнефильм көрсету (2 мин)
9. Топпен ән айту. «Әкем-әнім»
Сөзі:О.Сүттібаевтікі
Әні:Ә.Сүлейменовтікі
Бейнефильм көру
10.Үй тапсырмасы:
«Мен қазақ баласымын» Е.Өтетілеуов
«Менің отбасым-менің болашағым»
Мәнерлеп оқу
От басы жайлы эссе жазу
11. Соңғы тыныштық сәті. «Түстер әлемі»
Муз.әуен.демалу
Достарыңызбен бөлісу: |