Күні: №: 2 Сыныбы: 10 Оқушылардың саны: Тақырыбы



Дата15.11.2019
өлшемі68,84 Kb.
#51834
Байланысты:
10- сынып 2- с

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: _______________

Күні: _______________

: 2



Сыныбы: 10

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Адам деген ардақты ат

Құндылығы: Ақиқат.

Қасиеттері: Әділеттілік, саналылық, арлылық

Мақсаты: Оқушыларға адам адам деген ардақты атқа лайық болу керектігін түсіндіре отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларды әділеттілікке үйрету

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы арлылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды парасаттылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.http://oilar.kz




Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:

  1. Тәртіп.

  2. Талап.

  3. Тыныштық.

  4. Тазалық.

  5. Татулық.
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Амандасамыз»

Жаттығу барысы: қазір біз өте тез қимылдайтын ойын ойнаймыз.

Ең алдымен барлығымыз бөлме ішінде үнсіз қалыпта қозғалысқа түсеміз. Мен шапалақ соғу арқылы белгі берген кезде өте шапшаң қимылмен бір-бірлеріңізбен амандасуларыңыз қажет. Қалай амандасу керек екенін мен айтып тұрамын. Әр кезде әр түрлі адаммен амандасу қажет. Ендеше бастайық, көзбен амандасу, қолмен…, иықпен…, құлақпен…, тіземен…, маңдаймен…, өкшемен…, арқамен.



2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №1 – сабақ. 1 – тапсырманы орындау.



2. Келесі сабақ. №2, «Адамды сүйе біл» мәтінін оқып келу.




3. Сабақтың дәйексөзі.

Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын.

Абай

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақынағартушыжазба қазақ әдебиетініңқазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер

Сұрақтар:

  1. Адамды жақсы ететін қандай қасиеттер?

  2. Нағыз Адам болудың сыры неде деп ойлайсыз?

  3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?




  1. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

МӘШҺҮР-ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ



(1858 - 1931)
А.И. Ахметова

Мәшһүр Жүсіп 1858, қой жылы, қыс мезгілінде қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қызылтау өңірінде Найзатас деген жерде дүниеге келген. Оның шын есімі Жүсіп, бірақ халық оны Мәшхүр (араб тілінен аударғанда «атақты, әйгілі, даңқты, бақытты») деп атаған. Бұл жөнінде ақын кейіннен «Өмірбаян» атты өлеңінде былай жазады:



Жасымда қойылған ат адам Жүсіп,

Жұрт кеткен сүйгенінен Мәшһүр Жүсіп.

Қолыма қағаз ,қалам алған шақта,

Кетемін қара сөзге желдей есіп.

Бес жаста «бісміллә» айтып жаздым хатты,

Бұл дүние жастай маған тиді қатты.

Сегізден тоғызға аяқ басқан сәтте,

Мұса еді қосақтаған «Мәшһүр» атты!

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы ақын, ойшыл, тарихшы, этнограф, шығыстанушы ретінде адамзат бақытының мәнін түсіндіруде өз үлесін қосқан. Ол адамзат болмысының және бақыттың мәнін, адам қылығы мен мінез-құлығы түрткілерін түсінуге ұмтылып, руханилық пен адамгершіліктің мән-мағынасын зерттеген.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мен Шәкәрімнің дүниетанымдық көзқарастары жалпыадамзаттық құндылықтардың мәңгі табиғатына негізделіп, ұқсас болып келеді. Олар - замандастар, өз заманының жұлдыздары. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлы тіпті бір уақытта туылып, бір уақытта дүниеден озады.

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы ілімінің негізінде адамның қоршаған дүниеге жауапкершілігін қалыптастыру және осы дүниеде өз орнын анықтау идеясы қарастырылады. Көпейұлы адамзат болмысының мәнін түсіндіруде келесі тұжырымды ұсынады: руханилық – бұл адамды мейірімді істерге бағыттайтын адамгершілікпен көрінетін жанның жарығы, ал мейірімділік адамның өз өмірі мен қоршаған дүние үшін жауапкершілік қатынасын айқындайтын оның маңызды қасиеті1.

Сонымен қатар, ол жүрек пен ақылдың бірлігін сипаттайды, яғни әлемге деген адамның жолы руханилық пен ақыл-ойдың бірлігі жолындағы үнемі ізденістердің болуымен айқындалады2.

М.Ж. Көпейұлының тұжырымдамасында арлы адамның үлгісі үлкен маңыздылыққа ие. Өйткені адамгершілік негізіндегі жауапкершіліктік қатынас ар-ұжданның болуымен айқындалады. Арлы адам әлемге деген өзінің терең рухани көзқарасымен әлемнің үйлемсімділігін сақтап қалады. Осы тұжырымдаманың негізінде кемелденген адам – бұл адамгершіліктік жауапкершілігінің ақиқатын ашуға қабілетті адам. Өзін-өзі танудың басты шарты ретінде адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қарастырған, оның барысында адамдар бір-біріне мейірімді қатынас орнатып, ақиқат жолына бағытталатын болған.

Көпейұлының пікірінше, адамзаттың руханилығы риясыз сүйіспеншілікпен айқындалады, жүрегінде риясыз сүйіспеншілігі бар адамдар бір-біріне риясыз қызмет көрсетеді. Осылайша, Көпейұлының пікірі бойынша, әр адам үздіксіз кемелдену жолындағы істерге өзі жауапты саналады.

Көпейұлы адамдар тұлғааралық қатынастарының үйлесімділігін өздері бұзатынын айтқан, өйткені олар өздерінің бейнесін басқа адамның бойынан көре алмай, өз өздерімен алпарысып, күресетін болған. Ол «адам өзіндегі ақиқатты көре алмағандықтан өмір жолында көп қателесетін болған» деген пікірді қалдырады. Сонымен бірге, мейірімділікке және зұлымдыққа бағыттылық әр адамда болады, ол жолды таңдауға өзі құқылы.

Сонымен, қанағатшылық ұстанымы негізінде, адамгершіліктік таңдауда адам өзіндегі рухани тұтастылықты сақтап қалады. Рухани кемелдену жолындағы биік шыңға жалпыадамзаттық құндылықтарды бойымыздан жарыққа шығару арқылы жете аламыз.

Сұрақтар:


  1. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы «жанның жарығы» деп нені айтқан? Неліктен?

  2. Әлемдегі үйлесімділікті сақтап қалу үшін адам нені ұғыну керек?

  3. Сендердің пікірлеріңше, жүрек пен ақылдың бірлігі болғанда адамның іс-әрекеті қандай болады?

  4. Ақиқатты ұғынумен байланысты өз тәжірибелеріңнен мысалдарды сипаттау арқылы адамдар қарым-қатынасындағы үйлесімділіктің табиғатын түсіндіріңдер.




  1. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

1 – топ: «Адамгершілік»

2 – топ: «Ізгілік»

1-тапсырма. Сөздер мен олардың анықтамасын салыстырыңыздар. Әр сөздің өзiне сәйкес келетiн анықтамасын табыңыздар.

2-тапсырма. Берілген мәтіндерді оқып, оған өз пікірлеріңізді білдіріп, ой қорытындысын жасаңыздар.

1 – топ. Тобықты елімен көршілес төлеңгіттен шыққан Меңаяқ би қайтыс болғанда, жиналған елге Абай: – Меңаяқ өзінің атын өзі алып жүре алатын адам еді, – дейді. Азалы елдің бір үлкен адамы: – Абай ау, сен дана емес пе едің. Ол не дегенің?! Меңаяқ өз атын ғана алып жүрген емес, рулы елді билеген адам емес пе?! – дейді. Оған Абай: – Елді билеуден адамның өзін-өзі билеуі қиын. Жағдайы келгенге бақ көтеріп, таққа отыру бола береді. Бірақ соның буымен өзін-өзі ұстай алмай, абыройын шашатындар көп. Меңаяқ содан аулақ жан еді. Оның зор адамдығының өзі сонда еді, – депті. (Ел аузынан).

2 - топ ... Өмірдің алдында бәріміз шәкіртпіз. Адам деген атқа лайық өмір сүру үшін адамға білім керек, ыждаhат керек, білік керек. Оны игеру үшін ғасырлар бойы аузы дуалылар жақ жаппай баршамыз үшін – бүгін жер басып жүргендеріміз үшін де, бұл дүниеге бізден соң келетіндер үшін де қапы жібермей қадағалай тыңдайтындай ғып айтып келе жатқан ғибрат сабағын бойға сіңіру керек. Есті құлақ замандастарының ауызына, есті көз бұрынғылардың жазуына үңіліп, оны талдап-түсіне білгенде жетілу келеді. Өмір ғибраттарын танып-білу арқылы өзін-өзі тану бір басын емес, көптің қамын қамдай жүретін қайырымды пиғыл иесіне тән келеді. (Әбіш Кекілбаев).





6. Топпен ән айту.

Ырзамын


Мұқағали Мақатаев

Тағы да көрдім,

Тағы да көрем таң нұрын!

Аязын қыстың,

Аяулы жаздың жаңбырын.

Алтынға, мейлі, толмай-ақ қойсын сандығым,

Ырзамын саған!

Ырзамын саған, тағдырым!

Шаршаған шақта,

Шақырып сені жекпе-жек,

Басыма менің,

Бақыттан басқа төкпе деп,

Тағдырым, саған

Жүріппін босқа өкпелеп.

Өшпестей етіп,

Өмірдің жазған бұл заңын,

Түсінбей кейде,

Тосырқап менің жүр жаным.

Кеудемде мына,

Өзің сыйлаған бір жалын,

Лапылдап жатыр,

Тағдырым, саған ырзамын






7. Үй тапсырмасы.

1. №2 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №3, «Жеті сұраққа жауап» мәтінін оқып келу.





8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.








1Г.Г. Ахметова, Т.К. Айтказин Этическое и эстетическое в творчестве М.Ж. Копеева, С. Торайгырова и Ж. Аймауытова: учебное пособие для студентов специальности 050204 Культурология/ Г.Г. Ахметова, Т.К. Айтказин. – Павлодар: Кереку, 2010 – 98с. - С.13.

2Канапьянов К.Н. М.Ж.Копеев. Избранное. Перевод с казахского. 3 том – Павлодар: Кереку 2008. - 116с. - С.21.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет