Кредит технологиясы негізінде оқытудағы сабақты жобалау мәселесі Ташаева Ә. М



Дата22.06.2017
өлшемі80,22 Kb.
#19500
ОӘЖ 378
Кредит технологиясы негізінде оқытудағы сабақты жобалау мәселесі
Ташаева Ә.М.

Алматы университетінің аға оқытушы,

Алматы қ
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында «кредиттік технология -білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдау және дербес жоспарлау негізінде оқыту» талабын қоюмен бірге «жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту» ұстанымы қарастырылған.

Кредит жүйесінің оқу үрдісіне енуімен қатар оқытудың жаңа технологиялары да білім беру үрдісіне дендеп орнығып келеді. Өйткені кредит жүйесінің талаптарына жауап беру, жаңғыру үстіндегі қоғам талаптарын қанағаттандыру- осы қоғамда өмір сүріп қызмет ететін, талапқа сай білім, білігі бар кадрлар даярлау, жоғарғы оқу орындары студенттері мен мектеп оқушыларына білім беру мазмұны, сипаты мен технологиясын жаңғырту қажеттігін туындатты. Білім субъектілері- мектеп, орта және жоғарғы оқу орындарының арасындағы тығыз байланыстар дидактикалық технология негіздерін бүгінгі студент болашақ ұстаздың да жете меңгеруі керек екендігін көрсетеді.

Оқытудың кредит жүйесіне көшуі оны ұйымдастыру мәселесіне де жаңаша жуықтауды талап етеді. Осыған орай бірқатар М.В.Буланова-Топоркова, А.А.Вербицкий сынды т.б. ресейлік ғалымдар сабақты бұрынғыдай жоспралау емес жобалауды бүгінгі күн талабы ретінде қарастыра келіп оның ішкі тетіктерін анықтауға ұмтылыс жасаған. Ал біздің пікіріміз бойынша осындай жобаланған сабақ оқытушының шығармашылық ізденістері мен өз мүмкіндіктерін кең пайдалануына мүмкіндік береді.

Белгілі болғандай қазіргі укезде «оқыту технологиясы», «дидактикалық технология» деген ұғымдардың мазмұны дәстүрлі әдістерді жоққа шығармайды, керісінше соларды қамтиды. Бірақ оларды пайдаланудың жаңаша сипатын, нұсқасын табу оқытушының білім, білігі мен шығармашылық дағдылары мен әлуетіне байланысты. Педагогикалық жобалаудың туындауы оқытудың жаңа технологиясын оқу үрдісіне ендіруімен тығыз байланысты. Өйткені қазіргі кезде оқыту әдіс, тәсілдері ұғымынан кең ауқымды қамтитың «оқыту технологиясы» деген ұғым ендірілуде.

Кезкелген оқытудың әдіс, тәсіл, амал, жолдарын технологияға айналдыру үшін алдымен оқыту үрдісінің тұжырымдамасын - концепциясын немесе басты жетекші пікірін анықтау керек. Одан соң сол концепция негізінде оқытуды ұйымдастырудың жобасы жасалып оның құрылымы анықталып, жүзеге асыру амалдары белгіленеді. Бұны педагогикалық жобалау дейді. Педагогикалық жобалаудың қызметін- сабақты ұйымдастыру, болжау, сол негізде белгілі бір мазмұнды оқушыларға жеткізудің әдіс, тәсілі, құралдарын, оқушылармен қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыру деуге болады.

Сабақты педагогикалық жобалау дегеніміз – педагог пен оқушының белгілі бір білім мазмұнын меңгеруге бағытталған іс-әрекетінің тетіктері мен элементтерін алдын-ала анықтау. Педагогикалық жобалаудың мәні- болашақ іс-әрекеттің әр түрлі нұсқаларын жасау және оның нәтижесін болжау.

Дәстүрлі оқытуда ұстаз болашақ сабақтың мақсатына байланысты оны жоспарлайды, мысалы ол аралас сабақ болса, онда ұйымдастыру кезеңі; өткен тақырып боынша оқушылардың білімін тексеру; жаңа тақырыпты өту; оның пысықтауы, үй тапсырмасын түсіндіру; сабақты қорытындылап, оқушыларға баға қою; Осы сияқты оқытудың басқа түрлерінде де жоспары түзіліп, оқу үрдісінде солай іске асады.

Дәстүрлі оқытудың жетістіктерін жоққа шығармай –ақ, оның кейбір тұстарын жаңа заман талаптарына сәйкестендіріп пайдалану мүмкіндігі де бар. Алай да әлемдегі білім беру кеңістігіндегі жетістіктерді ендіру бұгінгі оқытуды ұйымдастыру үрдісін қайта қарастыруды талап етеді. Дәстүрлі оқытудың құрамды бөлігіндегі кейбір маңызды тұстарын қарастырамыз: айталық дәстіүріл оқытуда оның басты кейіпкері мұғалім, ал оқушы соның айтқандарын орындап отыруы тиіс; дәстүрлі оқытуда мұғалім осы үрдістің негізгі қозғаушы күші, ал оқушы оған бағынышты; дәстүрлі оқытуда мұғалім оқушыға мынадай басты пікірмен жуықтайды: сен оқушысың, мен мұғаліммін; сен білмейсің, мен білемін, мен саған үйретемін, ал сен үйренуің тиіс т.с.с. Дәстүрлі оқытуда алдын-ала белгіленіп қойған және барлық мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында және барлығы ұстануы тиіс оқыту формалары мен құрылымы бар; дәстүрлі оқытуда негізгі міндет оқытушыға жүқтеледі; оқушы оның айтқанын орындаса ғана білімді болады-деген секілді басқа да ерекшеліктер бар. Түптеп келгенде олардың барлығында оқушыдан гөрі оқытушыға көбірек салмақ түседі.

Оқытудың жаңа технологияларын пайдалану осы үрдісті мүлде басқаша ұйымдастыру талабын қояды. Өйткені мұндағы басты кеиіпкер мұғалім емес, оқушының өзі. Ал ұстаз оқушының іс-әрекетін бағдарлап, бағыт беріп, көмектесіп, түрткі беріп, қозғау салып, сабақтың тынысын көтермелеп, психологиялық жағымды ахуал түзіп, ынталандырып, сол арқылы олардың оқу әрекетінің ұтымды болуына шарт түзумен шұғылданады. Ал бұлар оқытушыдан кең ауқымды шығармашылық әлуетті талап етеді.

Жоба негізгі бір кнцепцияға немесе басты пікір, наным, көзқарасқа негізделеді. Бұлар тақырыптың мазмұнына байланысты және пән ерекшеліктеріне қатысты анықталады. Концепция – латын сөзі болып ол түсіну дегенді білдіреді. Бұл жерде концепция – белгілі бір құбылыс, зат не ой санаға болған көзқарас, ұстанымдар жүйесі; белгілі бір іс-әрекеттің, жұмыстың, шағырманың негізгі пікір немесе жалпы ой жүйесі. (Краткий педагогический словарь, М, 2005 с. 61) Педагогика үрдісіне бұл ұғым ендірілгені мен педагогикалық сөздіктер мен оқулықтарда әлі күнге «педагогикалық концепция» немесе «педагогикалық тұжырым» деген ұғымға әлі анықтама беріле қойған жоқ.

Жалпы тұжырымдама, ой немесе негізгі пікір; белгілі бір салаға қатысты көзқарас немесе ұстанымдар жүйесі. Алайда осыған орай сөздіктердегі және оқулықтардағы кейбір пікірлерді негізге ала отырып педагогикалық тұжырымдама дегеніміз – педагогикалық үрдістің маңызы, заңдылықтары, оны ұйымдастыру ұстанымдары мен әдістері, белгілі бір теориялық негізде құрылымдауға қатысты пікірлер жүйесі. Осыған орай, белгілі бір теорияның, моделдің, технологияның негізін қалайтын «ой тұжырым» деген ұғымдар педагогикада кеңінен қлданылады.

Дидактикалық технологияда сабақ(дәріс) жобаланады. Дәстүрлі оқытуда бұл жоспарланады. Жоспарды мұғалім жүзеге асырады, ал жобада оқушының өзінің танымдық іс-әрекетін мұғалімнің ұйымдастырыу шаралары қарастырылады. Кесте 1. Бұл жердегі маңызды мәселе оқытушының тақырып мазмұнына қарай оқыту технологиясын алдын-ала таңдауы. Жаңа технология негізінде мұғалім сабақты жүзеге асырыады. Ал дәстүрлі оқытуда мұғалім сабақ өтеді.


Кесте-1 Жоспар және жобаны салыстыру


Сабақтың жоспары

Сабақтың жобасы

Ұйымдаситыру кезеңі

Өткен тақырыпты тексеру

Жаңа тақырып өту

Жаңа тақырыпты пысықтау

Үй тапсырмасын беру

Сабақты қорытындылау

Оқушының білімін бағалау


Сабақтың жобасы: І- кезең а)моделі; ә) құрылымдау; мақсат – сабақтың басты пікрі; наным, көзқарас; сабақ өту жүйесі; сабақ өту ахуалы; сабақ өту үрдісі; оқушы мен оқытушының іс-әрекет моделі; ІІ-кезең, сабақты жүзеге асыру тетіктері, басты пікірді орнықтыру; эмоционалды-психологиялық тыныс қалыптастыру; ІІІ-кезең- әдіс, амал, тәсіл, жолдары, іс-әрекет шарттары т.б. технологиясы; жұмыс нәтижесін қорытындылау;

Көріп отырғанымыздай оқытушының міндеті жобаланған сабақ барысында оқушылардың іс-әрекетін түзетіп, реттеп, көмектесіп, нұсқау беріп отырады. Бұл жердегі басты мәселе оқушының өздерінің жұмыс істеуіне шарт түзу басқаша айтқанда іскерлік ахуал орнату, мүмкіндік туындату.

Осыған орай қазіргі жаңа технологияларды толыққанды пайдалануға кең жол ашу үшін бұрынғыдай сабақтың мақсаты міндетімен ғана шектелмей оның түгелдей ой тұжырымды (концеспциясын) жасауды ұсынамыз. Жалпы концепция - бұл ғылыми зерттеулер нәтижесінде туындайтын негізгі көзқарас, пікір не басты наным ретінде педагогикалық үрдісті жобалаудың негізінде жататын басты пікірлер жүйесі. Сондықтан сабақты жобалаудан бұрын алдымен оның концепциясын ойластырып, анықтап алып одан соң жобалау, модельдеу, құрылымдау іске асырылады.

Оқытуды жобалаудың басты мәселесі- ой тұжырым(концепция) негізінде оқушылардың өзін оқу іс-әрекетіне жұмыслдыру арқылы білімді меңгеру, өздестіру мен бірге өздігінен ізденіп білім алуға бағдарлау. Ал бұл оқытушы тарапынан үйрету жолдарын жобалау мен бірге оқушының үірену жолдарын да қарастыруды талап етеді.

Педагогикалық жобалау – басты пікірді(идеяны), көзқарасті, наным, сенімді жүзеге асыруды жақындата беретін, бірінен кейін екіншісі ретімен келіп отыратын нақты іс-қимылдардан тұрады.

Бұл ретте мынадай үш кезеңді қарастыруға болады:

І кезең – модельдеу;

ІІ кезең –жобалау;

ІІІ кезең –құрылымдау;

Осы кезеңдердің әр қайсысын жекелеп қарастыратын болсақ – педагогикалық жобалау –басты пікірді немесе ой тұжырымды анықтау, оны жүзеге асырудың жүйесін жасау, оған қол жеткізудің жолдарын белгілеу. Екінші кезең, педагогикалық жобалауда – жасалған моделді ары қарай дамытып, практикалық қолдану деңгейіне жеткізу. Үшінші кезеңде, педагогикалық құрылымдауда – жасалған жобаны нақты оқушының не болмаса оқытушының нақты жағдайда қолдануына мүмкіндік беретіндей етіп бөлшектеу(тегершік, тетіктерг-детальдау).

Сонымен қазіргі сабақта алдымен оның ой тұжырымы анықталады. Одан соң І-кезеңде а) сабақтың моделі түзіледі; ә) сабақтың құрылымы жасалады; б) одан соң мақсаты мен міндеттері – сабақтың басты пікрі; нанымы, белгілі бір көзқарас белгіленеді; сабақ өту жүйесі; сабақ өту ахуалы; сабақ өту үрдісі; оқушы мен оқытушының іс-әрекет моделі қарастырылады; ІІ-кезең, сабақты жүзеге асыру тетіктері, басты пікірді орнықтыру және оған қол жеткізу жолдары белгіленіп, эмоционалды-психологиялық тыныс, іскерлік ахуал орнықтырылады; ІІІ-кезең әдіс, амал, тәсіл, жолдары, іс-әрекет шарттары, оқытушының іс-әрекеті мен оқушының іс-әрекет траекториясы белгіленеді, сабақты ұйымдастырудың басқа да ең майда тегершіктері мен тетіктері нақтыланып көрсетіледі. Осылардың барлығы оқыту технологиясын құрайды.

Қазіргі қоғамда адамға қойылатын талаптардың өзі білім берудің мазмұны мен білім беру үрдісін ұйымдастырудың өзіне басқаша жуықтау жолдарын қарастаруды керек етеді. Осыған орай ҚР «Білім беруді дамытудың 2015 ж. дейінгі» тұжырымдамасында «денсаулыққа нұқсан келтірмейтін және ақпараттық технологияларды ендіру» міндеті қойылған. Мемлекет тарапынан білім беруге қойылатын талаптар оқу үрдісін ұйымдастыруды қайта қарау қажеттігін туындатты.

Әдебиеттер:

1.ҚР Білім туралы Заңы. /Егемен Қазақстан, 2007, 14 тамыз.

2.Вербицкий А.А. Активное обучение в высшей школе. М.,1991г.

3.Кашлев С.С. Современные технологии педагогического процесса. М., 2000.



4.Кролеснокова И.А. и др. Педагогическая праксеология. М., 2005 г.
Түйін

Мақалада кредит технологиясы негізінде оқытудағы сабақты жобалау мәселесі қарастырылған

Резюме

В статье рассматриваются проблемы проектирования урока на основе кредитной технологии.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет