13-14 ӨНЕГЕЛІ ӨМІР
Назары әдемінің ой-санасы әдемі, ой-санасы әдемі
адам өмірдің рақатын көреді.
Халық нақылы
• Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Ақиқаттан аттауға болмайды
(Үзінді)
Дінмұхамед Қонаев
Сол жылы менің есімнен ешқашан шықпас және ерекше бір
кездесудің куәсі болдым. Омар Һайям айтқандай, жақсылармен әрбір
жүздесуің жылға бергісіз өмір ғой.
Ой, қайран Мұхаңның мүлде жөні бөлек еді ғой. Ондай ұлы адамның
әр сөзі, әр қимылы, әр ісі жанға азық, жастарға ғибрат. Көшелі кісіні
көргеннің өзін айта алмай отыратын қазекемді, онымен тонның ішкі
бауындай сыйлас, сырлас болған менің Мұхаң жайындағы естелігім
енжар қалдырмас деп білем.
Жұмыс бабы сіңбіруге шама келтірген бе? Кеңсеге бас сұқсаң болды,
алдың босамайды. Оның үстіне жеке шаруасымен келген кісілерді
қабылдайтын күнім, уақытқа шек қойып, пәлсініп жату жоқ. Кімнің
де болса құдайдан бір үміті бар, шаруам тынса деп, ол күпті көңілмен
табалдырығынан аттайды, алдыңа келген адамға қолыңнан келген
жақсылығыңды жасап, риза қылып аттандырсам деп, сен намысқа
тырысып отырасың. Сондай бір қарбалас күн еді. Хатшы қыз асығып
кіріп:
– Жазушы Әуезовпін деп бір кісі қабылдауыңызға келіп отыр.
Жазушы дейін десем, жұпыны киініпті. Қарапайым. Түсінсем
бұйырмасын, жұмысшылармен пәленбай жылдан аралас-құралас
жүрген адамдай емен-жарқын әңгімелесіп отыр, – деді.
– Мен де өз құлағыма өзім сенбедім. «Апыр-ау, ұлы суреткер ат
арытып, тон тоздырып бір шеттегі күнгей елге де ат ізін салады екен-
ау», – деді бір ой қуаныш отын үрлеп. Сонда да секемшіл көңіл:
– Рас айтасыз ба? – деп қайталап сұратты.
Мұхаңды естуім болмаса, шығармаларын оқығаным болмаса, өмірі
көрген жан емеспін. Алматыда №14 мектепте оқып жүрген кезімде,
60
шамасы, тоғызыншы кластың
оқушысы шығармын, ойдың да,
бойдың да өсіп айналаңа іңкәр
көңілмен көз тастап, сұлулық
әлемінен сыр сабақтай бастаған
шағымыз. «Қаракөз» сахнадан
түспей,
үлкен-кіші
түгел
жапырлап кеп, театрға барып жатқан. Қызық көріп мен де бардым. Әлі
көз алдымда. Онан кейін «Қаралы сұлуды», «Қараш-қараш оқиғасын»,
«Қорғансыздың күні», «Кінәмшіл бойжеткенді», «Көксеректі» оқып,
Мұхаңның жазғандарына бауыр басып кеткен едім. Міне, енді ол кісінің
өзімен жүздескелі тұрмын.
Жасыратын несі бар, тірі жазушымен тұңғыш рет бетпе-бет келуім,
қуанышым қойныма сыймаған да шығар, қызығу да жоқ емес еді, құштар
көңіл мені қабылдау бөлмесіне қарай дедектете жөнелтті. Директорлық
лауазым жайына қалды.
Шынында да, ол кісі бір топ жұмыскердің ортасында әңгіменің
қызығына түсіп, дүниені ұмыт қалдырғандай әдемі бір көңіл күйде отыр
екен. Қайдан тапқанын білмеймін, үстінде жұмысшы киімі, аяғында
керзі етік.
Біз ұзақ әңгімелестік. Кеудемді мақтаныш сезімі биледі ме, әлде жеті
қат жер астында жүріп, кен қазған қазақ өмірден шет қалмай, оның да
өнерді, әдебиетті сүйетінін аңғартқым келді ме, әйтеуір, сөз орай келген
тұста ол кісінің жоғарыда аты аталған шығармаларын оқығанымды
айттым.
– Пәлі, қазақтың көркем әдебиеті өндіріс ошақтарын аралап, тау
қопарып, тас жарған құрыш білекті азаматтардың рухани әжетіне жарап
жатқаны жақсы нышан, – деп саусақтарының ұшымен оң жақ танауын
елеусіз көтеріп қояды.
– Өкінішке орай, қазақ жұмысшылары саусақпен санарлық.
Солардың қатарын қайтсек арттырамыз деп, намысқа тырысып
жатырмыз, – дедім.
Ол кісі бұған елең ете қалды. Кітаптарыңызды оқыдым дегеннен
бетер қуанды.
– Бұл баршамызға ортақ міндет. Санын да, сапасын да арттыруға
ұмтылсақ еді. Кәсіпке бейімделіп қана қоймай, көкірек көздері ашылар,
сілкініп, дүниеге сергек қарай бастар еді.
Соңынан ерген бала-шаға соған бауыр басып, жұмысшы әулетінің
жаңа ұрпағы өсіп шығар еді. Өздеріңдей ел тізгінін ұстаған жігіттер,
ендігі бар аманат өздеріңе...
...ауыр істен қорықпа, ауыр сөзден
қорық» дейді екен, үлкен салмақ
салып отырсыз. Қара бастың
бабын емес, елдің жайын ойлай
келген соң, маңдайы жарылған
батырдай намысқа тырысамыз.
ӨНЕГЕЛІ ӨМІР
61
– Мұха, қазақ: «ауыр істен қорықпа, ауыр сөзден қорық» дейді екен,
үлкен салмақ салып отырсыз. Қара бастың бабын емес, елдің жайын
ойлай келген соң, маңдайы жарылған батырдай намысқа тырысамыз.
Азды-көпті әрекетіміз өздеріңіздей ой тоқыған ағалардың қиялына
қанат байлардай нәр болса, одан асқан оздырарымыз бар деп айта алман.
– Тура айтпасаң да, тұспалдай отырып маған да салмақ салып
тұрғаныңды түсіндім. Уақыт жазса, дәм-тұзы тартып, құйысқан
көтерткен Риддер қаламға да қайрат бергендей, желпініп қайтып
барамын...
Біз сол жерде төс қағыстырып, құшақ айқастырып, қимай қоштастық.
•
Автор неліктен «Жақсылармен әрбір жүздесуің жылға бергісіз
өмір» дейді?
•
Автордың уақытпен санаспай, парасатпен елге қызмет етуі
оның бойындағы қандай қасиеттерді аңғартады?
•
Мұхтар Әуезовтің жұмысшылармен қарым-қатынасынан нені
байқадыңыздар?
•
Мәтіннен Мұхтар Әуезов пен Дінмұхамед Қонаевтың
адамдарға, елге, жерге деген риясыз махаббатын, азаматтық
істерін тауып әңгімелеп беріңіздер.
•
Өздерің өмірде осындай жақсы адамдармен кездесіп,
сұхбаттасқаннан соң қандай сезімде боласыздар?
Достарыңызбен бөлісу: |