Шынында, біз өмірлік тәжірибемізде ескі мақалдардың біршамасын қолдана білсек, көп нәрсені түйсінген болар едік. Тек түйсініп қана қоймай, оны өмірде жүзеге асыра да білу керек. • Мәтіндегі «Көпірге жетпей жатып, одан өттім деме», «Төгіліп қалған сүт үшін көз жасыңды төкпе» деген мақалдарды қалай түсінесіздер? • «Жонылған ағаш жоңқасын қайта жонамын деп әуре болмаңыз» деген ойдың маңыздылығын қалай дәлелдеуге болады? • Мәтінде жасалған түйіндермен келісесіздер ме? Өздеріңіз қандай түйін жасайсыздар? • Күнделікті өмірде өздеріңізге сабақ болған жағдайларды еске түсіре отырып, тағы қандай ереже қосуға болады деп ойлайсыздар?