БІЛІМДІ БЕКІТУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТІЛЕУ
1-тест
Адамның ішкі дүниесін жақсартатын:
а) Ізгілік.
ә) Өз жеке мақсатына ниеттеніп, іс-әрекет ету.
б) Табысқа қол жеткізу, іс-әрекеттің марапатталуы.
2-тест
Адамға өзін-өзі тәрбиелеу не үшін қажет?
а) Адамның ойын, сөзін, ісін жүйелі түрде реттеп, жақсылыққа
бағыттап, бойындағы жақсы қасиеттерін жетілдіріп,
кемшіліктерін жоюға деген саналы және мақсатты іс-әрекет
жасау.
ә) Айнала қоршаған ортамен ортақ тіл табыса алу.
б) Жетістікке қол жеткізу.
3-тест
Қуанышты, мәнді, мағыналы өмір:
а) Өзгенің жетістігіне өз жетістігі мен игілік-бақытындай
қуанып, ар-ұят пен адамшылыққа жүгініп, адамдарға,
қоршаған ортаға, еліне-жеріне ізгі ниетпен құрмет,
жанашырлық таныту, қоғамға риясыз қызмет ету.
ә) Адамдардың қажеттілігі: тамақ, киім-кешек, тұрғын үй,
демалыс, көңіл көтеру, денсаулық сақтау.
б) Ақыл-ой арқылы мәдени, материалдық игілік жасау.
4-тест
Адамдық борыш:
а) Ар-ұят пен адамшылыққа жүгініп, ешкімге, ешнәрсеге қиянат
жасамау, айнала қоршаған ортасына, бүкіл адам баласына,
отбасына, Отанына адал қызмет ету.
ә) Жеке адамның кемелденген іс-әрекеті.
б) Сыртқы жағдай мен әлеуметтік ортаның өзгеріп отыруына
қарай бейімделіп тіршілік ету.
|