Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет60/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

Қазір ойлап қарасам
әкем өз отбасына ғана 
емес, бүкіл бір ауылға 
«Мейірімділік» деп 
аталатын пәннен мықтап 
дәріс беріп кеткен екен.
МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН


91
көлеңкесінде шалқасынан аспанға қарап жатқан сәттерінде бүркіт, 
қаршыға, қырғи, ителгі хақында қызықты аңыз-хикаялар айтатын. 
Солардың бірі әлі есімде. 
– Бүркіт көп өмір сүреді, – деп бастады әңгімесін әкем. Бірақ ол 
өзінің ұзақ өмірінде ұяда жатқан әр балапанын небәрі бір рет қана 
ұшырып үйретеді. Енді ғана темір қанат болып келе жатқан балапанын 
бүркіт тістеп алған күйінде көз жетпес биік аспан тұңғиығына самғап 
ұшып шығады да, кенет аузындағы балапанын төмен қарата лақтырып 
жібереді. Әлі бір рет те қанат жазып, ұшып көрмеген өз балапанын 
аямайды екен-ау деп қаласың. Бірақ қас-қағым сәтте әлсіз қанаттарын 
ашуға шамасы келмей, жерге қарай құлдырап бара жатқан балапаны 
соңынан ана бүркіт құйындай ағып келеді. Егер балапан жерге 
жақындағанша қанатын аша алмаса, онда ана бүркіт шүйіліп кеп оны 
қағып алады да, қайтадан биік шың басындағы өз ұясына апарып қояды. 
Бірақ ана қыран шексіз аспан әлемінде өз күш -қуатымен бірден самғап 
кете алмаған темір қанат балапанына қайта мойын бұрып қарамайды 
екен.
Енді әлгі балапан өзінің жер бауырлап жүретін жылан емес, аспан 
әлемінде құйындап ұшатын қыран екенін тек өз қайратымен, ерік-
жігерімен ғана дәлелдей алады. Егер оған рухы жетпей қалса, онда 
қайырымсыз қанаттарына қарғыс айтып, үн-түнсіз мына жарық 
дүниемен мәңгілікке коштасады екен, – деп бітірді әңгімесін әкем.
Иә, қыран құстар хақындағы бұл аңызды әкем маған текке айтып 
отырмағанын ішім бірден сезді. Бұнда бір гәп
29
бар деп түйдім. Ақыры 
әкемнің астарлап меңзеген
30
ойын ұқтым. Ол маған: «Өмір сүргің келсе 
– өз бетіңмен тіршілік етуді қазірден бастап үйрен. Өмір аспанында өз 
қанатымен ұша алатын қыран екеніңді балапан кезіңде көрсет. Мен сені 
сақалың шыққанша сүйрей бермеймін. Жетелеген ит ауға жарамайды. 
Өз әрекетіңді өзің жаса», – деп отыр. 
Міне, содан бері арада талай жылдар өтті. Мен қыран боп өз 
күшіммен көкке самғап шықтым ба, жоқ па? Оны басқалар айта жатар. 
Бірақ мәңгі-бақи аспанға ұша алмай, темір қанат күйімде қалып қоймау 
үшін барымды салып, жан аямай әрекет жасап келе жатқаным даусыз. 
Ешкім ешқашан қолтығымнан демеген емес. Өз биігіме өзім ұшып 
шықтым. Саған да соны тілер едім, ұлым. 
• 
 Автор өзінің әкесін неліктен шамшыраққа ұқсатады?
• 
Автордың «Қазір ойлап қарасам, әкем өз отбасына ғана емес, 
бүкіл бір ауылға «Мейірімділік» деп аталатын пәннен мықтап 
дәріс беріп кеткен екен» деген сөздерінен не ұқтыңыз?
• 
Автордың әкесінің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыз?
29 
Бip нәpсенiң сыpы, мәнi.
30 
Нұсқау, көрсету, сілтеу.
МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН


92
• 
Әкесі неліктен әрқашан айналасына көмек көрсетуге дайын 
болды?
• 
«Өмір аспанында өз қанатымен ұша алатын қыран екеніңді 
балапан кезіңде көрсет» деген тұжырымға өз өміріңізден мысал 
келтіре аласыз ба? Алған асуларыңыз, шыққан биігіңіз қандай? 
Қалай жеттіңіз? Кімге (неге) сүйендіңіз?
• 
Қыран құс туралы аңыздан өзіңіз қандай ой түйдіңіз? 
• 
Адам мақсатына қол жеткізуі үшін не істеуі керек?
• 
Сіз ата-анаңызға қалай көмектесесіз? Нақты мысал келтіріп, 
сыныптастарыңызбен ойыңызды бөлісіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет