4-тапсырма.
Өзіңіз үлгі санайтын отбасы туралы әңгімелеп беріңіз.
Бұл отбасы мүшелерінің қандай өнегелі істері, қол жеткізген жетістіктері
туралы айта аласыз?
5-тапсырма.
«Отбасым – менің тірегім» тақырыбында ризашылық
шарасын өткізу үшін төмендегі қадамдарға сәйкес бағдарлама
әзірлеңіздер:
•
тақырыпқа сәйкес ашық хаттар дайындау;
•
мерекелік шараның сценариін құру;
•
қатысушыларға сыйлық жасау.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Бала Шоқан
Сапарғали Бегалин
Шыңғыс өзі оқып білім алған және келешек ғылым-білім өрісі орыс
мектебінде екенін біле тұрса да, баласына шығыс әдебиеті мен тарихынан
ОТБАСЫ АЯСЫНДА
85
хабардар болсын деп, Әубәкір молданы әдейілеп Орынбордан көшіріп
алып келген-ді. Алдымен балаларын ана тілінде сауаттандырып және
өзімен өмірлес шығыс елдерінің мәдениетімен де таныс ету ниеті
болған. Сондықтан да ол:
– Шоқанға өзің білетін барлық
оқуыңды үйрет. Бұларға енді жеті
жұрттың тілін білу керек, – дейтін.
Шыңғыстың бұл тапсырмасын Әубәкір
бұлжытпай қолға алды. Шығыстың атақты
ақындары Әбілқасым Фердоусидың
«Шаһнамасын», Жәмидің, Омар Хайямның рауаяттарын
25
, Науаидың
дастанын, әзірбайжан ақындары Низами, Ғанжауи, Физулилардың
шығармаларымен таныстырды. Шоқанның өте-мөте қызыға оқығаны
Ләйлі-Мәжнүн жыры, Хайямның рауаяттары болды. Әсіресе Омар
Хайямның ислам діні жөніндегі жансыз сопылық, жалған мүлгушілікке
қарсы жазылған өткір хиялы
26
рауаяттарын ұнататын.
Қысқы үйге кіргелі Шоқандардың оқуы құнтты жүрді. Әубәкір
молда да, бұрынғыдай ауыл арасының шақыруынан босап, Шоқанға
парсы тіліндегі кітаптардан уақиғалы хикаяларды оқытып білім өрісін
кеңейте түсуде. Анадағы әжесі айтқан: «Байлық та, бақыт та тыянақсыз,
ең тыянақты қасиет өнер-білім. Жеті жұрттың тілін білмеген адам
шалағай» деген сөзді өзінің естелік дәптеріне Шоқан жазып қойған-
ды. Шоқанның күзден бергі оқуға деген ыждаһатына
27
Әубәкірдің өзі
де іштей таңданатын. Ол тек жай оқып қоймайды. Оқыған кітабының
уақиғасын бажайлап, түпкі мағынасын білуге ізденеді. Шоқанды аса
қызықтырған Жәми ақынның «Ескендір намасы» болды. Әубәкір өзі
оқып, Шоқанға мағынасын түсіндірсе, кейбір жерлерін жаздырып
отырды. Ескендір Зұлқарнайын туралы шығыс елдері аңыз әңгімелерімен
қатар, Жәми жырлаған дастан
да сондай қызықты екен. Жас
Ескендірді
анасының
үлкен
данышпан ғалымға беріп оқытқаны
Айғаным әжесінің «білім-оқуда»
деген насихат сөзіне ұштасып
жатты. Осыны оқығаннан кейін
Шоқан бір күні әжесіне келгенде:
– Әже, сіз Жәми ақынның
«Ескендір намасын» оқыған ба
едіңіз? – деді.
– Қарағым, оны неге сұрадың?
«Байлық та, бақыт та
тыянақсыз, ең тыянақты
қасиет - өнер-білім. Жеті
жұрттың тілін білмеген
адам -шалағай»
25
Ақыл.
26
Сөзді.
27
Сабыр.
ОТБАСЫ АЯСЫНДА
86
Шоқан жымиып:
– Әже, Ескендірдің шешесі ақылды болған екен. Ескендірді ең
үлкен данышпан ғалымның қолына беріп оқытыпты. Сол оқу білімінің
арқасында бар әлемді билемек болып үлкен жорық жасапты, – деп
Шоқан әжесінің өңіне қарады.
– Қарағым, ол дастанды мен оқығам. Сен де жақсы түсініпсің.
Білімділік жақсы, мансапқорлық жаман емес пе. Ол әлемді аузыма
қаратам деген озбырлықтан апатқа ұшырады ғой, – деп әжесі сөзін
аяқтады.
Шоқан ойланып қалды. Айғаным да сүйкімді немересіне әдеттегі
мейірбан ықыласынан басқа ешнәрсе айтқан жоқ. Ханымға амандық
айтуға ауыл арасының үлкен кісілері келген кезде ол әжесіне қош айтып
қайтып кетті.
•
Шоқанның азамат болып қалыптасуына отбасы қалай ықпал
етті?
•
Шоқанның тәрбиесіндегі әжесінің орны қандай болды?
•
Шоқан өскен ортаның, отбасының құндылықтары туралы не
айтасыз?
•
Шоқанның әжесі: «Білімділік жақсы, мансапқорлық жаман
емес пе. Ол әлемді аузыма қаратам деген озбырлықтан апатқа
ұшырады ғой», – дегенде не айтқысы келді деп ойлайсыз?
Ойыңызды дәлелдеп беріңіз.
•
Шоқанның өмір жолын адамзатқа қызмет ету жолы деп атауға
бола ма? Неліктен?
•
Қазіргі уақытта бірнеше тіл білу қаншалықты маңызды?
Ойыңызды нақты мысалмен түсіндіріңіз.
•
Мәтін бойынша Шоқан оқыған кітабының уақиғасын бажайлап,
түпкі мағынасын білуге ізденеді. Ал сіз кітап оқисыз ба? Қалай,
қандай кітап оқисыз? Неліктен?
•
Өз отбасыңыздағы әжеңіздің, атаңыздың сізге берген үлгі,
өнегесі қандай? Олардың қандай жақсы қасиеттерін бойыңызға
сіңіріп өскіңіз келеді?
6-тапсырма.
«Отбасым – менің тірегім» тақырыбында
ризашылық шарасын өткізіңіздер.
Төменде берілген ойды оқып, «көзқарас – себеп – мысал –
қорытындылау» әдісімен талқылаңыздар: «Байлық та, бақыт
та тыянақсыз, ең тыянақты қасиет өнер-білім. Жеті жұрттың
тілін білмеген адам шалағай».
ОТБАСЫ АЯСЫНДА
87
«Менің үйім – менің қорғаным» – дейтін ағылшындар
үйінің қабырғасының қалыңдығын ғана емес, сонымен қатар,
үйінің, отбасының рухани және адамгершілік беріктігін
айтады.
Нағыз отбасы кез келген қиындыққа, сынаққа тосқауыл бола алады,
өмірдің қандай да болсын талқысына шыдай алады, төтеп бере алады.
Отбасы аясында адам әдемілік әлеміне сапар шегеді, табиғатты сүюге,
музыканы, әдебиетті түсінуге, өзін бағалай білуге, өзгелерді бағалап,
құрметтеуге, сыйлауға үйренеді. Әрбір үй, әрбір отбасы мәдениеттің
шынайы ошағы болуы тиіс.
Ана
Сөзі Жұбан Молдағалиевтікі
Әні Александр Зацепиндікі
Солғанша гүлім күзде тоңып,
«Ана!» деп ән салам.
Жүрейін мейлі жүзге толып,
Бөбекпін мен саған.
Қайырмасы:
Мама, мама, мама,
Мәңгі дос сен ғана,
Абзал ана, ана,
Көңілің – кең дала.
Данасың сен,
Данасың сен,
Дарасың сен.
Мақтанатын,
Мархабатың
Махаббатың.
Ардақтайды есіміңді
Ел-ана, деп адам,
Жер-ана, деп адам,
Тербеп мәңгі бесігіңді.
Анажан аңсаған
Арналды ән саған.
Қарызбын әжім, ақ шашыңа,
Көзіңнің жасына.
Өзіңсің бақыт бақшасы да,
Өмірдің басы да.
Қайырмасы.
ОТБАСЫ АЯСЫНДА
|