17-18 ОТБАСЫ АЯСЫНДА
Отбасы – бақыт бастауы.
Халық нақылы
• Дәйексөзді оқып, мағынасын түсініп алыңыздар.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Менің әкем
Ерлан Бекхожин
Әкем Қалижан Бекхожиннің туған жері – Баянауыл, Қызылтау
Кереку, яғни Павлодар өңірі халқымызға ежелден-ақ құтты қоныс болған
қасиетті мекен. Сол өлкеден қазақ тарихының төрінен орын алатын
небір өнер дүлділдері мен жүйріктері суырылып шыққан. Атақты
Бұқар жырау, Жаяу Мүса, Мәшһүр-Жүсіп, Сұлтанмахмұт, Иса, Естай,
Майра сияқты өнер тарландарының көкіректерінен шыққан көрікті
сөздерін зердесіне тоқып, ән-жырларын кұйма құлағымен тыңдап,
жауһар қазына – асыл мұраларынан мейлінше сусындап, рухани шөлін
құмарлана қандырып өскен әкеміз қыран құстай қанатын ерте қомдап,
ғұмырлық һәм шығармашылық жолында үлкен бел-белестерге шығуға
талпынған өршіл ақын.
Алдына үлкен мақсаттар қоя білген кез келген жұмыр басты пенде
өз мұратына жететіні бесенеден белгілі. Менің әкем де сондай алдына
үлкен мақсаттар қойған қаламгерлердің бірі. Талмай ізденудің, індете
оқудың, ерінбей еңбек етудің, аянбай тер төгудің арқасында өз мұратына
жетіп, қазақ елінің қабырғалы қаламгеріне айналғаны ешбір жан аттап
өте алмайтын шындық. Артына, өсер ұрпағына, іздер қауымына, еліне-
жұртына өлмес-өшпес мол мұра қалдырып кетті. «Өлді деуге сыя ма
ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», – деп ұлы ақын Абай
атамыз айтпақшы, әкеміз өлсе де, оның өнері, өлеңі, жыр-дастандары
өлген жоқ. Елі барда, ұрпағы барда, халқы барда мәңгі жасыл шыршадай
көркейіп жасай бермек.
Әкеміз текті елдің, текті жердің, текті атаның баласы. Зерделеріне
құйып өссін деген ойы болған шығар, оны көзі тірі кезінде бізге жыр
ғып айтып отыратын.
Әкеміздің ең алғашқы тізгін
22
ұстатқан ұстазы өз әкесі Нұрғожа
атамыз болыпты. Көзі ашық, көкірегі ояу, оқыған-тоқығаны көп,
23
Ерік, бостандық.
80
сөзге шешен атамыздың айтқан әңгімелері, бұрынғы би-жыраулардың
сөздері, діни қисса
23
, дастандар мен ғибратты
24
хикаяттар әкеміздің бала
кезінен-ақ ой қиялында берік ұялап, рухани
жетілуіне ықпал еткен.
Қазақ
әдебиетінің
өркендеуіне
атсалысқан ғұлама тұлғаның бірегейі
біздің әкей. Сол отызыншы жылдардағы
жастардың айтар әңгімелері, шертер күйлері
өздерінің жаңадан жазған поэзиялары
болғандықтан, сол жас таланттардың
табысып-танысқан достықтарын, бір-біріне өте адал болғандықтарын,
бір-біріне аялай қарағандықтарын маған үнемі айтып отыратын.
«Жаңадан жазған жырларымызды бәріміз бірге оқып, бастарымызды
қосуға асығатынбыз», – дейтін. Менің әкем өзінің замандастарымен,
тұрғыластарымен салыстырғанда, талант ретінде үлкен эпиктігімен,
лириктігімен айрықша көзге түскен ақын еді.
Ол – ақындығы өз алдына, оқулықтардың авторы, зерттеуші,
сыншы, шебер аудармашы және драматург. Әлем әдебиетінен Байрон,
Гете, т.б. шығыс әдебиетінен Низами, Манас және Қытай, Азия-Африка
ақындарын қазақша сөйлеткен ақын. Ол орыстың, Украинаның, басқа да
бауырлас елдердің үлкен ақындарының үздік шығармаларын аударуға
көп еңбек сіңіріп, оларды өзіміздің ана тілімізде сөйлетті.
Әкеміздің отбасымыздағы орны туралы да азырақ тоқтала кетсек,
артық болмас деген ойдамыз. Үлкен жүректі адам еді марқұм. Әкенің
мейірімі күн шуағындай төгіліп тұратын. Біз бала шағымыздан сол
жылылықты сезініп өстік. Үнемі қамқорлығын танытып, бәйек болып
жүретін. Әлі күнге дейін сол жылылықты сағынамыз, сағына отырып
аңсаймыз. Бірге болған күндерді, бірге жүрген сәттерді ойласақ
жүрегіміз сыздап, жанымыз мұңға оранып, көзіміз жасқа толып, ерекше
бір қимас сезімдерге бөленеміз. Бұл да сол әкеміздің әкелік парызын
өтеп кеткендігінен шығар. Қанаттыға қақтырған жоқ, тұмсықтыға
шоқыттырған жоқ. Көйлегіміз көк, тамағымыз тоқ болды. «Не ішеміз,
не киеміз?», – деп тарыққан кезіміз болған жоқ.
Әкеміз өте балажан адам еді. Асты-үстімізге түсіп, бәйек болып
жататын. Бала тәрбиесіне аса мән беретін, жүріс-тұрысын да сырттай
бақылап жүретін. Оқуымызға да көп көңіл бөлетін. Үнемі сабағымызды
сұрап, қадағалап отыратын. Осындай әкелік қамқорлықтың арқасында
қатарымыздан қалғанымыз жоқ. Етегімізді жаптық, ес білдік. Орта
мектепті бітірдік, жоғары оқу орнын тәмамдадық. Қызмет істедік.
Жер көрдік, ел таныдық. Азды-көпті жетістіктерге жеттік. Ел ауызына
Әкенің мейірімі күн
шуағындай төгіліп
тұратын. Біз бала
шағымыздан сол
жылылықты сезініп
өстік.
23
Дастан.
24
Тәрбиелі.
ОТБАСЫ АЯСЫНДА
81
іліндік. Бұның бәрін мақтаныш үшін айтып жатқан жоқпын, әрине. Тек
біздің өмірде болсын, қызметте болсын, жеткен жетістіктеріміз бен
шыққан биіктеріміздің өзі осы әкеміздің арқасы деп білемін.
Кез келген бала үшін әке мен ананың орны ерекше екенін білеміз.
Біздің осындай ел қатарына
ілігуімізге әкеміз бен бірге
шешеміздің
де
еңбегі
орасан зор. Әкеміз Қалижан
мен шешеміз Зайда екеуі
өте тату-тәтті ғұмыр кешті.
Жалғанның жалғандығын
түсінгендіктен
болар,
қатты
сыйласты.
Әй-
шәй деспейтін, ыдыс-аяқ
сылдырламайтын.
Міне,
балаларына осылай үлгі-өнеге көрсетіп, түсіністікпен, сыйластықпен,
бір-біріне деген ыстық сезіммен, жылы жүрекпен, ерекше құрметпен
өмір сүрді. Бұның да біздің өмірімізге сәуле түсіргені, шуақ шашқаны
анық. Әкеміз шешемізді Зайдахан деп еркелетіп атайтын. Әкеміз бен
шешеміздің арасындағы осындай ерекше бір сыйластықты біз бала
болсақ та сезетінбіз, сезінетінбіз, тәтті қиялға шомып, кеудемізді
мақтаныш сезімі билеп, қуаныштың айқара ашылған күндей ыстық
құшағына бөленетінбіз. Мен әкемнің кітабын қолыма алған сайын
«Тереземді бүркемеші» деген өлеңін іздеймін. Оқимын. Оқимын да
жұбанамын... Жаныма сондай жақын осы бір жыр жолдарын оқыған
сайын көңіл құсым кұйқылжып, ән салып қоя береді
Жан дүнием асау теңіздің толқындарындай толқып, жансарайым
раушан гүлдің қауызындай ашылып, жадырап сала береді. Ол өлең –
мынау.
Тереземді бүркемеші, Зайдахан,
Күлімдеген жұрттың жүзін көрейін.
Тындап бақтан бұлбұл дауысын сайраған,
Бәйтеректей көтерілсін мерейім.
Әйнегімді бүркемеші, Зайдахан,
Батар күннің шырайына қарайын,
Нажағайдың, бұлтты қуып ойнаған,
Жанарыма түсірейін арайын.
Тереземді ашып қойшы, Зайдахан
Түнде тұрып жұлдыздарды байқайын.
Бір досымның талайына жайнаған
Жұлдыз көрсем, соны жыр ғып айтайын.
Әйнегімді айқара ашып, Зайдахан,
ОТБАСЫ АЯСЫНДА
82
Шолайыншы шың-құздарды ерте мен.
Самал таудан, толқындасын ой маған,
Биіктесін жырмен өрлеп мәртебем.
Осынау қысқа ғана өлең шумақтарында әкеміздің бүкіл болмыс-
бітімі, өр тұлғасы, кесек келбеті, кісілігі, мұң-наласы, сағыныш саздары,
сезім толқындары, арман-мақсаты, жарық дүниеге деген ынтықтығы...
бәрі-бәрі толық көрініс тапқан. Қалауын тапқан кірпіштей шебер
өрнектелген. Міне, біздің әкеміз өмірге осындай көңіл көзімен қарайтын,
жан жүрегі нұрдан жаралған адам еді. Амал не, тағдырдың жазмышы
шығар, ажал құрғыр арамыздан ерте алып кетті. Ерте айырылып
қалдық. Тек, көңілді демейтініміз, арты жақсы болды, ұрпақтары атына
кір келтірмей жетіліп келеді. Ошағы бүтін, үйінің түтіні түзу шығып
жатыр. Артында қалған ұрпақтары да сыйластықпен, татулықпен,
түсіністікпен ғұмыр кешіп жатыр.
Арамыздағы асыл қазынамыз да, бағалы байлығымыз да –
Анамыз. Сондықтан қашан да анамыздың амандығын тілей отырып,
балаларыңыздың қуанышын қызықтап, шаршамай-талмай жүре беріңіз
дегіміз келеді.
Сөз соңында айтарымыз, егер қолымыздан келсе әкемізді ажал
құрығынан арашалап алып қалар едік. Ол қолымыздан келмеді. Жұмыр
басты пенденің қолынан келетін іс емес. Біздің қолымыздан келері –
жақсы әкенің атына кір келтірмей, әр кез рухына тағзым етіп жүру ғой!
Біз осы жолмен жүріп келеміз!.. Әке рухы риза болсын деп...
•
Автор әкесінің қандай қасиеттері туралы айтады?
•
Бекхожиндердің отбасын бақытты, өнегелі деп айтуға бола
ма? Неліктен?
•
Аталған отбасының қандай құндылықтары жөнінде білдіңіз?
•
Қазіргі заманғы отбасы құндылықтары қандай деп санайсыз?
•
Сіздің ойыңызша, өз отбасының тарихын білу керек пе?
Неліктен?
•
Сіздің ұғымыңызда өнегелі отбасы қандай болуы керек?
Достарыңызбен бөлісу: |