Проблемалық оқыту технологиясы



Дата16.01.2022
өлшемі22,56 Kb.
#112369
Байланысты:
Бастауыш сыныптағы математика сабағында оқытудың əртүрлі əді1


Бастауыш сыныптағы математика сабағында оқытудың əртүрлі əдіс-тəсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда, математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде мұғалімдердің математикалық білімдері терең болуы қажет. 

Бүгінгі күнгі басты мәселе - білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы - білім беру жүйесінде түрлі технологияларды қолдану. Мектептің бастауыш сатысындағы математика пәнін оқытуда кеңінен қолданылып жүрген оқытудың қазіргі технологиялары өте көп, солардың бірнешеуіне тоқтала кетсек: 

-дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П.М.Эрдниев) бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгеруге көмектеседі және ірілендіру қағидасына сүйеніп құрастырылған жаттығулар жиынтығы білімді саналы да берік меңгеруге көмектеседі; 

-математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р.Г.Хазанкин) есептерді шығаруда әртүрлі әдістерді қолдану және оқушылар бірін-бірі тексеру арқылы есептің дұрыстығына көз жеткізулеріне болады;

- дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов) дамыта оқыту жүйесі жеке тұлғаны жеделдете қарқынды, барлық сапалармен сәйкестікте жан-жақты дамытуға бағытталған;

- оқытудың модульдік технологиясы (В.М.Монахов) оқу үрдісін мақсатты жобалап, құруға болады. 

- оқытудың компьютерлік технологиясы компьютермен жұмыс істеу техникасын меңгеру, сыныпта белсенділік көрсету, жеке жұмыс істеу, жекелеп көмек көрсету;

- проблемалық оқыту технологиясы;

- тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов) теория және практиканы блок түрінде топтау, тірек-схема, тірек-конспект түрінде берілген теориялық материалдарды сыныпта меңгеру, үйде өз бетімен іздену, жұмыс істеу;

- түсіндіре басқарып – оза оқыту (С.Н.Лысенкова) алынатын білімнің алғашқы бөлігін алдын ала оқыту;

- деңгейлік саралап оқыту технологиясы бірнеше деңгейде тапсырма беру;

- жүйелік негізде оқыту технологиясы (Ғалиев Г.Г.);

- шоғырландырып – қарқынды оқыту технологиясы (Әбдіғалиев Қ.А., Нұрахметов Н.Н.);

-  блоктық-модульдық технологиясы (Жанпейісова М.) қазіргі таңда қолдау табуда.

Оқушылардың білім деңгейінің арттыруын, яғни білім сапасын көтеру мақсатында қазіргі заман талабы шығармашылық мүмкіндіктерді іске асыратын жаңа технологиялардың бірі «Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» жобасы. 

Бұл технологияны қолдана отырып сабақ барысында төмендегі мәселелерді шешуге болады:

- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту;

- ой-толғанысқа белсенді араласу;

- білімді игеруге жауапкершілікті арттыру.

Математика сабағында СТО-ның бірнеше стратегияларын қолдануға болады: «Ассоциация», «Венн диаграммасы», «Бес жолды өлең», «жұпта, топпен, жеке жұмыс», «Кең ауқымды дәріс».

Мысалы, 1-сыныптағы «7 саны мен цифры» тақырыбын өткенде «Кең ауқымды дәріс» стратегия бойынша элементтерін колдансақ:

1-кезең «Ой қозғау»

а) қызығушылықты ояту: сұрақтар қойылады.

1. Сан дегеніміз не? Цифр дегеніміз не?

Тапсырма: 

- білетін мәліметтер айту;

- жұппен талдау, содан кейін кіші топта;

- топбасшының сөз алуы.

«Ассоциация» стратегия бойынша 7 саны нені көз алдына елестетеді, немесе осы сан бойынша бұрын қандай білімі бар. Мысалы, қазақ халқына тән қазақ баласының 7 атасы, 7 қазынасы, аптаның 7 тәулігі т.б.

Математика сабағында дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор. Біріншіден-дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

Екіншіден-дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы», «Жаман оқушы» ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден-оқушының жеке басын дамытатын басты құрал- ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден- дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы -  «орындаушы», «мұғалімнің тасасындағы» объект емес.

Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде:

- оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды;

- мәселені шешу жолын іздестіреді;

- жаңаны өздері табады;

- ақылдасады, кеңеседі;

Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының мәселені  шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. 

Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа жаңа педагогикалық технологиялар, компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Жаңа технологияларды қолданудың ерекшелігі –оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.

Бастауыш сынып математика сабағында компьютермен жұмыс істеу тиімді. Компьютер - технологиялық құралдардың бірі, оның көмегімен сабақты қызықты, тартымды етіп түрлендіруге болады. Компьютермен өткен сабақ баланың көңіл-күйін көтеріп, нашар деген оқушының компьютермен жұмыс істеуде қызығушылық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді және шеше алмаған жауапты мұғалімнің көмегімен шешуге тырысады. Мұндай сабақтар оқушылардың білімін, мүмкіндігін толығырақ бағалауына және оны түсінуге, жаңаша шығармашылық тәсілдермен жұмыс істеуіне, ізденуіне сан алуан әдіс-тәсілдерді таңдауына жол ашары сөзсіз.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

- интерактивтік тақта;

- мультимедия;

- Интернет кеңістігі;

- электрондық оқулық.

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдаланып қана қоймай оны жасау және  пайдалану. Сондықтан білім беру жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Соның нәтижесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапсының өсуіне мүмкіндік туғызады.

Мұғалім үшін электорндық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжірибесінде материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.

Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электорндық оқулықтардың атқаратын ролі зор. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сұлба тәсілдері арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түсініп және мида бекіту үрдістері ұтымды болады.

Электрондық оқулықтар осы модульдік технологиясы негізінде жасақталады. Әр сыныптың білім мазмұны модульдерге бөлініп, әр тақырып бірізділікпен, жүйелі түрде беріледі. Оқушылар электрондық оқулықтағы интерактивті тапсырмалармен жұмыстана отырып сабақта алған білімдерін кеңейтеді, өз бетімен шығармашылықпен жұмыстануға дағдыланады. Алған білімдерін өзбетімен тексеру үшін тест тапсырмаларын орындайды.    

Ал модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады. 

Математика пәнін оқытуда модульдік технологияны пайдалану жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады.

АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:

- Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;

- Ақыл - ойын дамытады;

- Шығармашылық белсендігін арттырады;

- Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;

- Тіл байлығын жетілдіреді;

- Жан - жақты ізденушілігін арттырады.

Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте – мөте  қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны   жан - жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

Іс тәжірибемізде, қала мектептеріндегі байқау практикасы кезінде студенттердің математика пәнінен АКТ-технологиясын қолданып өткізген сабақтарында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары, белсенділігі артып, шығармашылық даралығы қалыптастырылып, білім деңгейлерінің өскендігі байқалды. 

Сондай сабақтардың бірі - 4-сыныптағы математика пәнінен «Кездесу қозғалысына берілген есептер» тақырыбында берілген сабаққа тоқтала кетсем. (сабақ)

Оқушыларға терең білім беру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн:

- мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны балаларға жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет;

- мұғалім оқушылардың жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп, әр оқушының жүрегіне жол таба білуі қажет;

- мұғалім әр оқушыға, бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек;

- мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі;

- мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі;

- балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру;

- сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалану;

- әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.

Әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастыруы, оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыруы керек. Әр сабаққа дайындық – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі, сабақты ыңғайына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданса, сабақтың мазмұны ашылады. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін.



Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу-тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру, педагогикалық ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет