Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет47/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

1-тапсырма.
Сөздіктерден «адамдық», «адалдық», 
«борыш» сөздерінің анықтамасын тауып, оқыңыздар. Олардың 
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыздар. 
АДАМДЫҚ БОРЫШ – АСЫЛ ҚАСИЕТ


70
2-тапсырма.
Мақал-мәтелдерді оқып, негiзгi ойын анықтап, бүгiнгi 
өмiрмен байланыстырып, қорытынды жасаңыздар. 
Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
Адамның құлқы түзелмей,
Өмірдің құлпы түзелмейді.
Адамды тұрар адам қып, 
ақжүрек пен адалдық.
3-тапсырма.
Төменде берілген мәтіндерді оқып, адамдық борышқа 
қатысты түйiндi ойларды iрiктеп алыңыздар. Олардың маңыздылығын 
дәлелдеп берiңіздер.
а) Құрамында қазақтың ұлы перзенті, академик Қаныш Сәтбаев 
бар делегация Англияға барады. Сонда атақты Уинстон Черчилль аса 
бойшаң, ірі қазақ ғалымын көріп: «Қазақтардың барлығы сіздей биік 
пе?» деп сұраған көрінеді. Сонда Қаныш ағамыз саспастан: «Жоқ, 
менің халқым менен де биік» – депті. 
ә) Адам өмірге келеді, зейнет іздейді, бақыт табады. Дүниенің 
шалқар теңізін өктем адыммен кешіп өтпестен тұтқиылдан соққан 
асау толқын жаңқа секілді жағаға лақтырып тастайды. Сондықтан 
әрдайым бекем, әрдайым берік болуың керек. Өмір сенің еркелігіңді 
көтермейді. Әр адамның өмірлік мұраты, мақсаты болуы тиіс. Өзіне 
жүктелген міндетті дұрыс ұғыну қиын нәрсе, ал оны қалтқысыз 
атқару – одан да қиын. Сол себепті де әркім дүниеге ашық та ойлы 
көзбен қарауға, өзінің адамдық парызын жете түсінуге міндетті. 
Бұлай болмайынша негізгі мақсатқа жету мүмкін емес. (Ы. Жақаев 
«Ақылдың кені»).
б) ... Адамзат бойына берілген қандай жақсы қасиеттердің барлығы 
қазақтың бойынан табылады. Қонақжайлылығы, кеңпейілділігі, 
ақкөңілділігі тағы басқа толып жатыр.
Менің қазақ ауылында өскенімді бәрі біледі. Мені бірде-бір рет 
ренжіткен қазақ болған жоқ. «Гера, Геражан» ауылдың сүйіктісі 
болдым. Менің адам болып өсуіме қазақтар көп әсер етті. Той-
томалақтан қалмадым. Шалдар тәттінің тәуірін, дәмдісін, жіліктің 
майлысын маған беретін. Менің жүрегімді мейірімділікке толтырған, 
ыза-кек, қызғаныш, өшпенділік дегеннен аулақ сақтап қалған осы 
«қазақ ауылы» болды деп ойлаймын. Мен қазақтың алдында осы үшін 
де қарыздармын. Адами қасиеттеріммен қалдым. Барды қанағат 
тұту, міне, бұл да қазақтан жұққан қасиет маған. (Г. Бельгер).
АДАМДЫҚ БОРЫШ – АСЫЛ ҚАСИЕТ


71
4-тапсырма.
Өзіңіз «жақсы адам» деп санайтын адамдардың бірімен 
сөйлесіп, сұхбаттасып, жақсы адамның бойындағы қасиеттерді байқап, 
анықтап, дәптерге жазыңыз. Түйген ойыңызды сыныптастарыңыздың 
пікірімен салыстырып, қорытынды жасаңыздар. 
Әрбір адамның өзіне, ата-анасына, халқына, мектебіне, 
сыныптастарына, өз үй-ішіне, отбасына адамгершілікпен 
қарым-қатынас жасауы адамдық борыш. Ондай адамдар өзін 
ғана ойламай, өзгелер үшін адамдық танытып, борыш, міндет, 
парызын адал орындайды. 
Осы тұрғыда Бауыржан Момышұлы «Адамгершілігі жоғары 
адамның алдында жат қылықтар жасауға ешкімнің батылы бармайды. 
Себебі, оның мысы болады, жан жүрегі таза, рухы биік адамды ешкім 
басына алмайды» дейді. 
Адамдық борышқа адалдық адамның адамға және қоғамға қарым-
қатынасында жақсы қасиеттер, игі істер арқылы көрініп отырады. 
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет