122
материалдық жағы, жас ерекшелігі, қайда тұратындығы кедергі
келтірмейтінін, өзіне осы жағдайдың ұнайтынын айтты.
в) Рамазан досы Қайраттың әлеуметтік желідегі парақшасына
қарап таң қалады. Ол түр-келбетіне қанағаттанбайтынын айтып, өз
суреттерін қалағанынша өзгертіп қояды немесе өзге біреудің суретін
енгізеді. Өзі туралы ақпаратқа шындыққа жанаспайтын жетістіктер
туралы қоя салды. Достары да күнде өзгеріп тұрады. Қалаған
адамымен тез араласып, тез араларын үзе салу оған қиын емес. Мен
досымның әрекеттеріне қарап оның шынайы өмірден алшақтап бара
жатқанын сезіндім. Енді не істеу керек екенін ойлап бас қатырып
отырмын...
4-тапсырма.
Facebook, Instagram, Twitter желілерінен рухани-
адамгершілік бағытындағы
парақшалардың көлемін, сипатын қарап,
талдап, өз қорытындыларыңызды шығарыңыздар.
Адам баласының табиғаты, жан дүниесі басқа адамдармен
сөйлесуді, танысуды, пікір алмасуды,
яғни қарым-қатынас
жасауды жақсы көреді. Демек, кез-келген адамға басқа
адамдарсыз, олардың қарым-қатынасынсыз өмір сүру қиынға
соғады. Сондықтан адамдар бір-бірімен қарым-қатынас
жасауға талпынады.
Қазіргі таңда көптеген жастар, тіпті ересектер де тікелей бетпе-бет
қарым-қатынас жасаумен қатар, әлеуметтік
желілер арқылы қарым-
қатынас жасауға жүгінеді. Әлеуметтік желі – адамдардың бір-бірімен
интернет арқылы қарым-қатынас жасайтын құралы болып табылады.
Әлеуметтік желі арқылы қарым-қатынас жасаудың өзіндік
артықшылықтары да бар. Алайда қарым-қатынасты көбінесі интернет
пен әлеуметтік желілер арқылы жасау адамдармен шынайы қарым-
қатынасты шектейді. Ал адамдардың тікелей бетпе-бет,
қоян-қолтық,
шынайы қарым-қатынас жасауы олардың бір-бірін тереңірек түсінуіне,
сезінуіне, қамқорлық танытуына мүмкіндік береді.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: