Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет82/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

5-тапсырма.
Жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап 
беріңіңіздер. 
Атасы мен немересі компьютердің пайдасы мен зияны туралы сөз 
қозғады. Немересі компьютердің пайдасын санамалай жөнелді. Одан 
ақпараттарды тез өңдеуге болатынын, интернет арқылы бәрімен 
және барлығымен байланысуға болатынын, әртүрлі есептеулер 
жүргізетінін, құжаттарды безендіру мүмкіндіктерінің зор екенін, 
уақыт үнемдейтінін және жүздеген адамның жұмысын бір компьютер 
атқара алатынын айтып тауыса алар емес. 
Атасы: «Балам, сенің айтқандарыңның барлығы да дұрыс, еш 
таласым жоқ. Тек қана әрбір жақсы дүниенің де шегі, шекарасы 
болатынын біліп, ондағы өте көп ақпараттардан жақсы мен 
жаманды, ақиқат пен шындықты ажырата алып, оған тәуелді 
болмасаң болғаны. Компьютерде тұрған ештеңе де жоқ, тек оған 
сенің қалай қарағаныңда, оған деген қатынасыңда», – деді. 
Алайда немересі атасының сөзін толықтай түсінбей, ойланып 
қалды...
• 
Сіздер немересіне жағдайды қалай түсіндірер едіңіздер?
• 
Өздеріңіз интернеттегі жақсы мен жаманды қалай ажырата 
аласыздар? 
6-тапсырма. 
Құрбы-құрдастарыңыздың арасында «Әлеуметтік 
желіні не үшін пайдаланам?» және «Әлеуметтік желідегі ақпараттардың 
«жақсы-жаман», «дұрыс-бұрыс» екенін қалай ажыратам?» тақырыбында 
сауалнама жүргiзiңіздер. Сауалнама нәтижесi бойынша қорытынды 
жазыңыздар.
АДАМ ВИРТУАЛДЫ КЕҢІСТІКТЕ


126
7-тапсырма.
«Ғаламтор кітапты алмастыра ала ма?» тақырыбында 
эссе жазыңыздар. 
«Ешқандай техника адами құндылықты алмастыра 
алмайды» тақырыбында пікір алысу жүргізіңіздер.
8-тапсырма. 
Facebook, Instagram, Twitter желілерінде 
рухани-адамгершілік 
бағытындағы 
парақшалармен 
бөлісіңіздер. Осы желілерде рухани-адамгершілік бағыттағы 
өз парақшаларыңызды ашып, сыныптарыңыздағы «Асар» 
тобының қызметімен бөлісіңіздер. 
Компьютерде уақытының басым бөлігін виртуалды әлемде 
өткізу денсаулыққа қауіп төндіріп қана қоймай, адамды 
компьютерлік тәуелділікке, психологиялық күйзеліске 
ұшыратады.
Ең дұрысы виртуалды өмір мен нақты өмірдің арақатынасын дұрыс 
ажырата алып, өзіңе шек қоя алу. 
Ал адам виртуалды өмір мен нақты өмірде дұрыс таңдау жасай 
алмаса, виртуалды кеңістіктің тұтқынына айналады. Бұл адамның өзіне 
және қоршаған ортасына үлкен қауіп-қатер әкеледі. 
Адам
Сөзі Тұманбай Молдағалиевтікі
Әні Әсет Бейсеуовтікі
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.
Сәл қайғырса, ол ұғына түседі,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Қайырмасы:
Адам боп өтейік,
Адам боп туған соң.
Мақсатқа жетейік,
Мақсатты қуған соң. 
Адам күліп қарсы алады таң нұрын,
Адам жырлап ұзартады әр күнін.
Сәл қуанса, шығарады ол естен,
Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.
Қайырмасы.
АДАМ ВИРТУАЛДЫ КЕҢІСТІКТЕ


127


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет