132
елтаңбаны жүрек тұсына аялай тағып, ұлттық нақышты сый-заттар мен
«Батыр», «Алма», «Мақсат», «Өнер» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік
бағдарламаларды ғарыш кемесіне жайғастырып, тұңғыш Қазақстан
президентіне «Ұшуға дайынмын!» деп серт беріп, «Қазақ перзентінің
иісі болмаған» тұңғиық кеңістікке «Сәт сапар!» деп аттанып кетті.
Қазан айының 10-шы жұлдызында ақ түйенің қарны жарылып,
тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров қасиетті Торғай даласына жерге
қонды. Сөйтіп, Табиғат-Анаға, Жер-Анаға, Күн-Әкеге, Айға, Жұлдызға,
Тәңірге, Көкке қадым заманнан қасиеттеп қараған қазақ, құпия-жұмбағы
шешілмес «Он сегіз мың ғаламға» бір мәрте кеңістікке көтеріліп тұрып,
көз тастап, ғарыштық өлшеммен алғанда өрісін кеңейтті.
•
Тоқтар Әубәкіровтың топырақты, жусан мен қазақ әнін,
елтаңбаны өзімен бірге ғарышқа алып ұшуының себебі неде?
•
Ғарышкердің орнында болсаңыздар, сіздер ғарышқа не алып
ұшар едіңіздер?
•
Ғарышкер жастарға қандай тілек айтты?
•
Ғарышкерді осындай жетістіктерге жеткізген қандай
қасиеттері деп ойлайсыздар?
•
Ақпарат көздерінен ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің
еңбекқорлығы, азаматтығы жайлы ақпараттар жинап,
әңгімелеп беріңіздер.
Егер адам шын ниеттенсе, қолынан көп іс келеді. Ізгі ниет,
адал ой ойлап, талаптанып, еңбек еткен адамның жетпейтін
жетістігі, алмайтын асуы жоқ.
Қойған мақсатыңа, аңсаған арманыңа жету үшін ең алдымен
мақсатың өзіңе және өзгелерге пайдалы, ізгі іске бағытталуы керек.
Ең бастысы адамның жан-жақты ізденіп, білім алуы, адал, тынымсыз
еңбектенуі және өзіне деген ішкі сенімінің берік болуы мақсатына
жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: