Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Пальпацияның тәсілдері /техника/



бет125/155
Дата26.12.2021
өлшемі210,23 Kb.
#105939
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   155
Байланысты:
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы

Пальпацияның тәсілдері /техника/. Пациентті арқасына немесе бүйіріне жатқызады. Фельдшер пациенттің оң жағына отырады. Сол жақ бүйректің пальпациясында фельдшер оң қолын бел аймағына 12 қабырғаға жақын қояды. Сол қолын ішіне қабырға доғасынан төмен және оған перпендикулярлы іштің тік бұлшық етінен шетке қарай орналастырады. Пациентті бұлшық еттерін босатып терең демалуын сұрайды. Ауа шығарған кезде фельдшер сол қолын ішке қарай төмен басып артқы қабырғаға тіреледі, ал оң қолымен сол қолға қарай басады. Қолдарын жақындатып фельдшер пациентке ішпен терең демалуын сұрайды, егер бүйрек төмен орналасқан болса, онда бүйректің төмен жағы сол қолдың астымен өтеді. Бүйректі сипап анықтау мүмкін болған жағдайда оның түрін, консстенциясын, үстінің сипатын, ауыратының және жылжымалығын анықтау керек. Сау, өзгермеген бүйректің түрі- ірі бұршақ тәрізді, консистенциясы - шымыр серпінді, үсті тегіс, өзі жылжып, орнынан қозғалып тұрады.

Бүйректі пациент тұрып тұрғанда анықтауды Боткин С.П ұсынған. Ол пациент жатқан кездегідей ережелермен жүргізіледі. Пальпация бүйректің төмен түсүін нефропатозды анықтауға мүмкіндік береді. Нефропатоздың үш кезеңі анықталады: біріншіде- бүйректің төмен жағы анықталады, екіншеден бүйрек тұтас анықталады, үшіншіден бүйрек ары бері еркін жылжыйды, өте төмен түседі немесе омыртқаның басқа жағына өтіп кетуі мүмкін.

Пальпация әдісімен қуықтыда анықтау болады. Қуық толып тұрған кезде қасаға үстінде эластикалық былқылдаған ісіну анықталады, өте толып кеткенде кіндікке дейін көтеріледі.

Перкуссия. Бүйрек үсті ішекпен қапталған, сондықтан перкуссия кезінде тимпаникалық дыбыс беріп, шекара анықтау мүмкін емес, тықылдату әдісі ғана үлкен маңыз береді. Фельдшер сол қолын пациенттің беліне қойып, оң алақанының қабырғасымен не жұдырығымен жәйләп үстінен ұрады. Пациент ауырсыну сезсе, симптом оң болып саналады, Пастернацкий симптомы деп аталады. Пастернацкий оң симптомы тынжытаста, пиелонефритте, паранефритте, миозитте, радикулитте анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет