Зәр шығару жүйесі ауруларының негізгі синдромдары.
Зәр синдромы:
Несеп түсінің өзгеруі. Бүйрек ауруларында пациенттер несептің түсінің өзгеруінеде шағым айтады. Жедел диффузды гломерулонефритте несептің түсі «ет жуындысындай» болады /микрогематурия/, несеп тас ауруында несептің түсі қан араласқаннан қызарып кетеді /макрогематурия/ бұл жағдай бүйректің ісіктеріндеде кездеседі.
Несептің түсі дәрі- дәрмектердің әсеріненде өзгеруі мүмкін: қызғылт- қоңыр несепте қышқыл тұздар /ураттар/ болуынан, сыра түс - бауыр сарғаюынан, қою-қоңыр түс- бауыр үсті сарғаюдан.
Несептің түсі ұзақ уақыт турғаннан, лейкоциттер,шырыш, қан араласқаннан лайланған болуы мүмкін. Тұздар араласқан несеп тура мөлдірленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |