Байланысты: Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы
Қан ағу уақытын анықтау
Мақсаты: гемостаздын көрсеткіштерін анықтау
Жүргізу әрекеті: Қанды сол қолдың саусағынан алады. Спиртке малынған мақта шаригімен саусақты өңдеп болған соң, залалсыз ланцетпен 4-ші саусақты тесу қажет. Тесілген жерде қан өздігінен ағуы қажет. Тесілген жерді қысып қан шығаруға болмайды. Бірінші тамшыны құрғақ мақтамен сүртеді де, 30 секунд сайын салфетканы батырып отырады, қан тоқтаған уақыт қан ағу уақыты деп есептеледі. Ол 2 – 5 минутқа тең. Тромбоцитопения кезінде, тромбогеморрагиялық синдромның ауыр түрінде, гемофилия ауруы кезінде бұл көрсеткіш ұзарады.