Байланысты: Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы
Пациентті зерттеудің қосымша тәсілдері Пациентті қосымша зерттеу әдістерін үлкен 3 топқа бөлуге болады.
Зертханалық тәсілдер. Оларға лабораторияда жүргізілетін анализдер жатады. Мысалы: әр түрлі қанның, асқазан сөлінің, нәжістің, қақырықтың анализі және т.б
Аспаппен зерттеу тәсілдер. Бұл тәсілдерді пайдалану үшін әр түрлі аспап, құрал - саймандар қолданылады. Мысалы рентгенмен тексеру, электрокардиография, эндоскопиялық ультрадыбысыспен зерттеу әдістер/УДЗ/, радиоизотопты зерттеу, температураны өлшеу т.б.
Дәрігерлік манипуляциялар мен диагностикалық операциялар. Олар: плевраның, перикардтың, төс сүйегінің пункциясы, трепанобиопсия, тері, бұлшық ет биопсиясы, лапоротомия т.б.