Зәрді глюкозуриялық профильге жинау.
Мақсаты: диагностикалық, несептегі қанттың (глюкоза) мөлшерін анықтау.
Қуықты түнгі зәрден 600 босатып, 1-ші порцияны сағ 600 сағат 1400 дейін жинау
Екінші порцияны сағат 1400 сағат 2200 дейін;
Үшінші порцияны сағат 2200 сағат 600 дейін жинайды;
Келесі күні жиналған несепті өлшеп, араластырып, әр ыдыстан 100 мл құйып алып, мөлшерін белгілеп, жолдаманы ыдыстарға жапсырып, зертханаға жіберіледі.
Копрологиялық зерттеу/ нәжісті зерттеу/
Нәжістің жалпы анализіне /копроцитограммаға/ нәжістің физикалық, химиялық қасиеттері және микроскопиялық зерттеу кіреді, нәжісті құрғақ, таза, шыны ыдысқа, несеп және жыныс жолдарының бөліністерін тигізбей жинайды. Нәжісті бөлінгеннен кейін 8-12 сағаттан асырмай, зерттеу керек. Пациент нәжісті зерттеу алдында дәрі ішпеу керек және нәжісте жасырынды қанды анықтағанда 3 күн бойы ет, балық, жасыл жеміс – жидек қабылдамау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |