Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Эндоскопиялық зерттеу әдістері



бет37/155
Дата26.12.2021
өлшемі210,23 Kb.
#105939
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   155
Байланысты:
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы

Эндоскопиялық зерттеу әдістері
Эндоскопия - ағзадағы қуысты мүшелердің ішкі қабатын тікелей арнайы эндоскоп деген аппаратымен көру.

Эндоскоп - бұл әйнек талшықтарының жіптерінен құралған қозғалатын жылжымалы түтікше, басында шамы бар, сол арқылы ішкі қабаттың бейнесі көзге көрінеді.



Эзофагоскопия - өнешті қарау.

Гастроскопия немесе фиброгастроскопия – асқазанды қарау.

Дуоденоскопия - ұлтабарды қарау.



Фиброгастродуоденоскопия (ФГДС) - асқазанмен 12 елі ішекті қарау.

Трахеобронхоскопия - трахеямен бронхты қарау, көбінесе бронхоскопия жүргізіледі.

Цистоскопия - қуықтың шырышты қабатын қарау.

Колоноскопия - тоқ ішектің шырышты қабатың қарау.

Лапороскопия – іш қуысын қарау.

Ректороманоскопия – тік ішекті қарау.

Эндоскоптар зерттелетін мүшенің атымен аталады: гастроскоп, бронхоскоп, цистоскоп, колоноскоп, ректороманоскоп, лапоросоп. Олардың мүшеге қарай айырмашылығы болады: ұзындығы, жуандығы, бірақ принципі бірдей.

Эндоскопияның диагностикалық маңызы өте зор, өйткені мүшенің ішкі шырышты қабатын тікелей көру болады, одағы өзгерістерді және патологиялық ошақтан гистологиялық зерттеуге ұлпадан шымшып алу /биопсия/ және фотосүретке түсіріп алу болады.

Эндоскопия диагностикалық және емдеу мақсатымен жүргізіледі.

Емдеу мақсатымен: эндоскоп арқылы бөгде заттарды, полип, кисталарды кесіп алу болады, ойық жараларды күйдіру немесе тікелей дәрі еңгізу, жағу болады. Эндоскопиядан кейін пациентті бақылау керек.

Зерттеуді мына жағдайларда жүргізу болмайды: психикалық аурулар, миокард инфарктісі /жедел кезеңі/, инсулинге тәуелді қант диабеті, ВИЧ-инфекция.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет