Рентгенологиялық зерттеудің түрлері және науқасты дайындау.
Холецистография - өт қабымен өт шығаратын жолдарын тексереді. Зертеу алдында кешкісін сағат 1800 ге дейін жеңіл тамақтану, 2000 –да құрамында йод бар препараттарды ішкізеді немесе көк тамырға енгізеді (йопогност, билитраст). Ертенгісін ашқарынға R – кабинетке келу. Өзімен 200 грамм сметаны, 20 грамм май, 2 шикі жұмыртқа.
Урография - бүйрек тостағаншаларын рентгендік зерттеу. Зерттеу алдында кешкісін сағат 18.00 ге дейін жеңіл тамақтану.Аш қарынға барып, көк тамырға урографин енгізіп түсіреді.
Бронхография - бронхтың ішіне йодолипол препаратын жіберіп, бронх тарамдарының рентгендік сүретін түсіру.
Ирригографияға дайындау – тоқ ішекті рентгендік зерттеу. Зерттеу алдында кешкісін сағат 18.00 ге дейін жеңіл тамақтану. Кешкісін және ертенгісін жақсы тазалау клизмасын жасап, R - кабинетке келу.
R- кабинетте зерттеу алдында 1 л барий клизма ретінде еңгізіп, тоқ ішекті R-ге түсіреді.
Асқазан R -скопияcы ашқарынға жүргізіледі. 1 стакан барий ішкізіп түсіреді.
Ирригоскопия – аш ішекті рентгендік зерттеу. Зерттеу алдында кешкісін сағат 18.00 ге дейін жеңіл тамақтану. Кешкісін және ертенгісін жақсы тазалау клизмасын жасап, R - кабинетке келу. 3 стакан барий ішкізіп түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |