Қақырықты зерттеу.
Зерттеуге жаңа бөлінген қақырық алынады, оны құрғақ таза шишаға жинайды.Тәуліктік қақырықты ауызы жабылатын оңқаға жинап тоңазытқышта сақтайды. Қақырықты жинау алдында ауызды сумен шаю керек.
Қақырықтың физикалық қасиеттері. Қалыпты жағдайда болар болмас қақырық бөлінеді. Жедел бронхитте 2 - 5мл, 200-300 мл және оданда көп болса - өкпе абсцессі, бронхоэктазиялық ауру. Өте көп бөлінген кезде үш қабатқа бөлінеді:
Төменгі қабат – ірің, детриттер, ортаңғы - шырыш талшықтары, үстінгі - көбікті қабат. Іріңді қақырық екі қабатқа бөлінеді.
Қақырықтың сипаттамасы. Патологиялық процесске қарай қақырық осындай болады: шырышты, іріңді-шырышты, қанды/тәтбасқан түсті/.
Консистенциясы қою - шырыштан, жабысқақ- фибриннен, сүйық - серозды сүйықтықтан. Сүйықтау - шырышпен серозды сүйықтық араласқанда.
Қалыпты жағдайда қақырықта иіс болмайды. Өткір иіс - өкпе абсцессінде, өте шыдамсыз шіріген иіс - өкпе гангренасында, қатерлі ісіктің ыдырауында..
Жай көзбен қарағанда Куршман спиральдарын, фибрин ұйықтарын, Дитрих тығындыларын, өкпенің ыдыраған ұлпаларын, тамақ қалдықтарын көру болады.
Достарыңызбен бөлісу: |