Функциональды әдістер.
Зимницкий әдісімен бүйректің қызметін анықтау үшін несепті тексереді, бір тәулік бойы 3 сағат сайын, тәуліктік диурезді 8 рет бөліп жинап (4 рет күндіз, 4 рет түнде), әр байқаудың мөлшерімен салыстырмалы тығыздығы анықталады. Зерттейтін күні ішетін сүйықтығы 1-2 литрден аспау керек.
Несепті қантқа жиыстыру.
Мақсаты: Несепте глюкоза бар жоғын анықтау.
Таңғы сағат 6-да қуығын босатуын сұрайды (ол есепке алынбайды). Келесі несеп тәулік бойы жиналады (келесі таңғы сағат 6-ға дейін). Келесі күні жалпы жиналған несепті өлшеп, араластырып, 100 мл ыдысқа құйып алып, жолдаманы ыдысқа жапсырып, зертханаға жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |