Кенеттен өлім синдромы
Кенеттен өлім синдромы (коронарлық) – тұрақты қалыпта болған (диагноз қоюға басқа аурулар белгілерінің болмауы) науқастарда, ауырсыну ұстамасы, демікпе басталғаннан 1 сағат көлемінде дамыған жүректің біріншілік тоқтауы.
Кенеттен өлім себептері:
85-90% жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия, миокард инфарктісі); оның әртүрлі клиникалық варианттары және симптомсыз ағымы – бұл кезде кенеттен өлім аурудың бірінші және соңғы клиникалық белгісі болып табылады;
Миокардтың гипертрофиясын тудыратын аурулар: гипертрофиялық кардиомиопатия, аорталдық стеноз т.б.;
Әртүрлі себепті жүрек жетіспеушілігі;
Кардиогенді шок;
Жүрек тампонадасы;
Өкпе артериясының тромбоэмболиясы;
Біріншілік электрофизиологиялық бұзылыстар: Q-T интервалының ұзару синдромы, синустық түйіннің әлсіздік синдромы т.б.;
Жүрек аритмиялары;
Жүректің қабыну аурулары;
Жүрек шайқалуы (жарақат алу);
Аорта және коронарлық артериялар аурулары.
Кенеттен өлімнің тікелей себептері:
Қарыншалар фибрилляциясы – бұл бұлшықет талшықтарының ретсіз қозып, минутына 200-500 ретке дейін жиырылуы, нәтижесінде асистолия дамып, қан ағысы тоқтайды;
Жүрек асистолиясы - синустық және атриовентрикулярлық түйіндердің автоматизм қызметінің бұзылуына байланысты дамиды.
Кенеттен өлім физикалық немесе нервтік-психикалық тітіркену нәтижесінде кейде ұйқы кезінде дамуы мүмкін. Науқастардың жартысында өлім алдында ауырсыну ұстамасы және өлімнен қорқу сезімі пайда болады.1/4 жуық жағдайларда кенеттен өлім бірден «найза» тәрізді дамиды, қалған науқастарда 1-2 апта бұрын әртүрлі белгілер пайда болады: демікпе, әртүрлі ауырсынулар – жүрек тұсында атиптік, жалпы әлсіздік, еңбекке қабілетінің төмендеуі, жүректің қатты және шалыс соғуы.
Кенеттен дамыған қарыншалар фибрилляциясында немесе асистолияда науқаста кенеттен күрт әлсіреу, бастың айналуы пайда болады. Бірнеше секунд ішінде ми қанайналымы толық тоқтауынан науқас есінен танады, бұлшықеттерідің құрысуы, шулы тыныс пайда болады.
Обьективтік: тері жамылғылары сұрғылт, салқын, көз қарашықтары тез кеңейе бастайды – 1,5 минутта максимальды кеңейеді – бұл уақыт клиникалық өлім деп аталады, ұйқы артерияларында пульс анықталмайды, жүрек тондары естілмейді, көз қарашығы рефлекторлы жойылады, тынысы тез арада сиреп, агональды түрінде айдалады, 2,5-3 минутта тынысы толық тоқтайды, қарыншалар фибрилляциясы немесе асистолия дамуынан 3 минуттан кейін ми қырытысы жасушаларының қайтымсыз өзгерістері дамиды – биологиялық өлім деп аталады. Бұл жағдай бірден жүректік-өкпелік реанимацияны қажет етеді:
Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру;
Өкпенің жасанды вентиляциясы;
Жүректің тікелей емес массажы;
Электрлік дефибрилляция;
Медикаментоздық терапия.
Достарыңызбен бөлісу: |