Оң қарыншалық жетіспеушілік. Бауырда венозды қан іркілісі дамиды. Оң жақ қабырға астында ауырлық сезім пайда болады. Сипау кезінде ауырғандық анықталады. Ұзақ іркіліс бауырдың дистрофиялық өзгерістеріне әкеледі, кейін дәнекер тін өрбіп өсіп – кардиальды цирроз дамиды.
Бүйректегі іркіліс – тәуліктік диурездің төмендеуіне әкеледі.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің сатылары:
Сатысы – демікпе, жүректің қағуы физикалық күш түскенде пайда болады, кешке қарай аяқтары ісінеді, таңертең қайтады.
А сатысы – демікпе, тахикардия жүрген кезде пайда болады, аяқтары ісінеді, бауыры ұлғаяды, дәрілік препараттардан қайтады, цианоз болады, өкпе үстінен ылғалды сырыл естіледі. Жетіспеушілік бір қанайналымда болады – кіші немесе үлкен.
ΙΙ . Б сатысы – үлкен және кіші қан айналым жетіспеушілігі.
ΙΙΙ. Сатысы – дистрофиялық. Қанайналымның ұзақ бұзылыстарына байланысты ішкі мүшелерде терең дистрофиялық өзгерістер дамиды. Науқас зорығады, асцит, анасарка дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |