Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Психологиялық өлшеудің классикалық теориясы қалай жүзеге асады?
2.Теория бөліктері қандай?
3.Шкалалар типтері қандай?
4.Шкалалар типреті жəне түзілістер типтерін ата?
№17 Дəріс.
Тақырып: тестілеу.
Дəрістің мазмұны.
1.тестілеу жəне өлшеу теориясы.
2. Классикалық эмперико-статикалық тест теориясы.
3.Тестілеудің стохастикалық теориясы.
Мақсаты: Тестілеу жəне өлшеу теориясы, классикалық эмперико-статикалық тест теориясы, тестілеудің
стохастикалық теориясы жөнінде білімдерді тееңдету.
Тест – бұл диагностикалық əдіс. Қазіргі уақытта көптеген мектептерде қабылдау алдында балаларға
психологиялық тексеру жүргізеді. Бір жағдайларда бұл белгілі бір мамандықтарға үйрету немесе арнайы бағытқа
салу, басқа жағдайда – балаларды оқыту қарқыны əртүрлі деңгейлі сыныптарға бөлу үшін жасалады.. мұнда
психолог арнайы тест қолданады. Тестілер – бұл стандартталған, жекелей психологиялық айырмашылықтарды
анықтауға арналған, уақыт жағынан шектелген сынақ түрі. Сонымен бірге тестілер баланың ақыл-ойын дамыту
бағдарламасын жасауға, оларды мектепке оқуға дайындауға жəне психикалық даму деңгейі сəйкес болмаған
жағдайда түзету бағдарламаларын жасауға негіз бола алады.
Тест-стандартталған, белгілі бір белсенділік қалпын ынталандыратын, тапсыр маны орындау уақыты шектеулі,
қорытындысы санақ түрінде бағаланатын жəне тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктерін анықтауға
мүмкіндік беретіінансамбль деп түсіндіріледі.Сынақ, тексеру аймағында кең қолданысқа ие «тест» термині көне
тарихқа ие.
Р.Пэнта жəне М.Гравитс (1972) бойынша «тест» сөзі ежелгі француз сөзінен шыққан, «кесе», «аяқ» сөздерінің
синонимі болып табылады. Күйдірілген саз балшықтан жасалған, аса үлкен емес ыдыстарды алхимиктер
тəжірибелерін өткізетін болған.Орыс тіліне «тест» сөзі ұзақ уақыт бойы екі мғынада қолданылып келді.
1. Қоғамдық қызметке тұратын əрбір адам,өзінің жасырын католик емес екендігін көрсету үшін беретін діни
ағылшын анты.
2. Алтын немесе күмістен қалайыны ерітіп, бөлуге арналған жалпақ ыдыс.
Қазіргі мазмұнға жақын «тест» термині- психологиялық термин мазмұнына ХІХ ғасырдың аяғында ие болды.
Психодиагностикада тесттердің əртүрлі классификациясы белгілі. Олар тест тапсырмасының ерекшелігіне қарай
вербальді жəне тəжірбиелік, сынақ процедурасының формасына қарай –топтық жəне жеке тест болып,бағытына
қарай –қабілет, тұлға жəне жеке психикалық функциялардың тесті болып, уақыттың шектеуіне қарай жылдамдық
тесті жəне қорытындылық тесттері болып бөлінеді.Сонымен қатар тесттер құрастыру принципімен де
ерекшеленеді. Соңғы 10 жылдарда көптеген тесттерді компьютер ортасына бейімдей бастады. Ол тесттерді
компьютерлендірген деп атайды. Қазіргі есептеуіш техника мүмкіндігіне сай компьютердік тесттер
құрастырылуда.
Тесттің кез-келген тану құралы сияқты нақты зерттеу жағдайында оның кемшілігі немесе жетістігі ретінде
қарастырылатын ерекшеліктері бар.Тестті эффективті қолдану көптеген факторларды есепке алуға байланысты,
солардың ішінде ең маңыздысы-теоретикалық концепцияны қолдану аймағы. Тест қолдануға оңай, «қарапайым»
болу керек деген көзқарас шындыққа жатпайды.
Күрделі психикалық зерттеу құралы бола отырып, тест «жеңіл» тапсырма болуы мүмкін емес.Тестті ғылыми
қолдану жалпы психологиялық білімсіз, психодиагностикалық зерттеулердің теория жəне тəжірибе аймағындағы
біліктіліксіз мүмкін болмас еді. Тестілеуде психодиагностиканың этикалық нормасын қабылдау да аса маңызды
жəйт.
2.Əдістемелерді жасау жəне бейімдеу технологиясы.
Ерекше əдістемені жасау жəне шетелдік əдістемені бейімдеу тек қана бөлек психометрикалық қасиеттерін,
репрезентативтілікті, сенімділікті, валидтілікті тексеруден ғана тұрмайды. Бір жағдайда жұмысты бір этапынан
бастау дұрыс болса, басқа жағдайлада басқасынан бастау дұрыс болады. Шындығында кез-келген тестті қолдану
жағдайы тек қана «жобалау» немесе «қолдануға» жатпайды.
Сонымен қатар тестілеудің барлық аспектілерінің өзгеріссіз жəне зерттелген, қалыпты қолдануға дайын тесттің
жағдайларын табу да қиын. Жағдайлардың көп қырлылығын, барлық тəуелсіз параметрлер комбинаторикасын
психолог-практиктер, екі-үш белгілі жағдайға əкелуге тырысды.
1.Қолдану жағдайы. Тестті біреу құрастырған, белгілі бір тіл мəдениетінен алынған тесттік нормалар
бар.(стандарттау таңдауының жəне жас-жыныстық құрылымға қолдану таңдауы кəсіби-мəдени белгілері
бойынша мəнсіз саналады).
2.Бейімделу жағдайы. Тестті біреу құрастырған, сенімділігі мен валидтілігі тексерілген, бірақ тесттік нормалары
жоқ.Бейімделудің басты мақсаты тесттік нормаларды құру болып табылады
3.Құрастыру жағдайы. Психикалық қасиетті концепция бар,бірақ оны өлшейтін уақыт, орын, санақ анализі жəне
басқа ресурстардың кедергілеріне талапты қанағаттандыратын процедурасы жоқ. Сондықтан өлшейтін
процедураны тауып, оның сенімділігін, валидтілігін тексеріп, тесттік нормаларды құрастыру керек.
Аударма тестілердің бейімделу сұрақтарына тоқтала кетсек. Дайын шетел əдістемелері арқылы отандық
əдістемелер репертуарын толықтыру көптеген психологтар үшін психодиагностикаға арзан, қысқа, валидті жол
болып табылады. Бірақ, бейімдеу тек қана тесттік ұпайда нормативті бөлуге теңестірілсе, онда бейімделген
əдістеменің валидтілігі мен сенімділігі жаңа жағдайда сенім оятады, ал авторлардың тесттік концепциясы жəне
оның қолданған валидтілік критериінің мазмұны біздің жағдайға өзгерісіз енеді. Мұндай ауыстыру қалыпты
психикалық қасиеттерді тестілеуде елемейтін қателіктерді береді (жүйке жүйесінің қасиеті, функционалдық
жағдайы, сенсомоторлық параметрлері, қалыпты когнитивті функциялары).Тұлғаның интегралдық психикалық
қасиетін жəне жеке сезінуді (түрткілер,өз-өзін бағалау,жалпы қабілеттер,қарым-қатынас стилі, құндылыққа
бағдарлануы, қызығушылықтыры), сонымен қатар кез-келген лингвистикалық құралдарды қолдануды жəне
мəдени спецификалық критерилердің қорытындысын бағалауды тестілеуде бейімдеудің тесттік нормаларын ғана
жинастыруға болмайды.
Жаңа əлеуметтік-мəдени жағдайда, көлемі бойынша ерекше əдістеме жасауға жұмыстың сенімділігі мен
валидтілігін тексеру үшін эмпирикалық жұмыс қажет. Бұл жол саналы түрде немесе білместіктен психометрика
принциптерін елемейтіндер үшін ғана қысқа болып табылады.Аударылған көп деңгейлі сұрақнама-тестін
бейімдеудегі жұмыста эмпирикалық-статистикалық сатыларды атап кету жөн.
3.1.Тесттің ішкі валидтілігін талдау. Бұл талдау барлық эмпирикалық индикаторлардың қиылысында жатқан,
жалпы диагностикалық қасиет барын көрсетуге арналған. Мұндай анализ барлық факторлық анализ бойынша
алынған тесттік шкалаларға міндетті саналады. Мысал ретінде Айзенктің EPI сұрақнама-тестін жəне Кеттелдің 16
факторлық тестін атап кетуге болады.Ал «бақылау локусы» немесе ММРІ клиникалық шкалалары сұрақнамасына
ішкі келісімділікті талдау талабын қойып қажеті жоқ, өйткені бұл шкалалардың пункттері сыртқы критерий
бойынша таңдалған жəне бір ортаға жинақталмаған.Ішкі келісімділікті талдау бірдеңгейлі жəне көпдеңгейлі
тестке тесттерге қолданылады. Бірінші жағдайда жай ғана калькулятор ғана қажет болса, көпдеңгейлі тесттерге
арнайы компьютерлік «пункттерді талдау бағдарламасы» қажет. Біртекті емес шкалаларға қарағанда ішкі
келісімділікті талдау пункттердің ақпараттандырылғандығын тексеруге мүмкіндік береді(дұрыс жауап автордың
ерекше версиясына сай келуі керек).
2. Қайта тестілеуге тұрақтылығын тексеру. Бұл сынақ теоретикалық тұрғыдан уақытқа инварианттылық
күтілетін қасиеттерді диагностикалауға қажет. Ретестті сенімділікті талдау тесттің бөлек пунктінің ақпараттанды-
рылуымен қатар бөлек пунктінің тұрақтылығымен де қатар жүргізіледі. Ретесттік сенімділік ақпаратынсыз
психолог кез-келген тестті элементарлы статикалық экстраполирлік болжам құру үшін қолдануға құқы жоқ.
3. Сыртқы релевантты кореляция критериін талдау. Егер тест басынан критериалды-бағдарланған болып
құрастырылса бұл бейімдеудің деңгейі өте қажет. Мысалы, мұндай жұмысты Ф.Б.Березиннің ұжымы ММРІ-дің
қысқартылған модификацияланған түрін жасау үшін атқарған.
4. Тесттік нормаларды тексеру немесе рестандартизациялау. Бұл этап жайында жоғарыда айтылып кеткен
болатын. Өкінішке орай, тесттерді бейімдеу жұмысында осы деңгейді ғана психологтар қажет деп келген
болатын.Бірақ бұл жағдайда да таңдауды ыдыратуға тесттік ұпайды бөлудегі тұрақтылықты тексеруге қажетті
жұмыс үнемі атқарылған жоқ.
5. Көпдеңгейлі тесттерге спецификалық деңгей- шкалалар арасындағы орын басу құрылымын тексеру болып
табылады. Мысалы Айзенк тесті үшін ортогональдық, статистикалық тəуелсіздік тəн. Тіпті аталып кеткен 5
сатыны қысқаша қарастырып өтудің өзі шетел тесттерін бейімдеу ерекше əдістемелерді жасаудағы эмпирико-
статистикалық жұмыс көлеміне кем түспейді.Бұл жерде «бейімдеу» терминін қолданғаннан гөрі «шетел
əдістемелерін отандық таңдауда зерттеу» деген дұрыс болар еді. Дегенмен айтылғанды шетел шетел
əдістемесімен жұмыс істеуге қарсы шығу деп түсінуге болмайды. Жоқ, əрине мұндай жұмыс интенсивті жəне
жоспар бойынша жүргізілуі тиіс. Бұл əлемге тараған кроссмəдениетті, əмбебаптылығын дəлелдеген, көп елдерде
қолданысқа ие,бейімделген тесттерге қатысты. Халықаралық тесттердің отандық эквивалентін жасау
халықаралық валидтеу, теоретикалық мазмұндылық жəне тесттерді қолдану тəжірибесін пайдалануға мүмкіндік
береді.
Психологтардың алдына тестті жас-жыныс немесе кəсіби-мəдени ерекшеліктері стандартталған таңдаудан
жаңа популяцияға «ішкі мəдени ауыстыру» жағдайы ерекше міндет қояды. Бұл жағдайда қажет:
1.
Əдістеменің валидтілігін, əдістеме өз мағынасы бойынша кəсіби немесе аймақтық ерекшеліктерге жақын
болса, тексеру қажет. Бұл мүмкіндігінше максималды экономды валидтілікті тексеру процедурасын таңдау
керек. Таңдаудың көлемі экспериментте валидтілікті тексергенде статистикалық байланыстарын алуға
күтілетіндей болуы тиіс.Егер валидтілікті тексеру қорытындысы қанағттанарлық болмаса, онда жиналған
қорытындылар бойынша жай ғана пункттерге талдау жасау керек: кейбір пункттер ақпараттандырылғандығын
тексеру керек, кейбір сұрақтар мағыналылығын,осы жағдайға қолдануға маңыздылығын қарастыру керек. Тесттік
ұпайды санағанда қажетсіз пункттерді алып тастағанда валидтілік анықталады.
2.
Тесттік нормалардың сай келуін анықтау. Валидтілікті тексеруден кейін жағымды қорытынды алынғанда
ғана таңдауды кеңейтіп, тесттік ұпайларды эмпирикалық бөлуді қайта құрастыруға болады.Бұл бөлудің
квантилиясын нормативті бөлудің квантилиясымен салыстыруға болады, егер қайшылықтар өлшеу қатесінен
аспаса əмбебап тесттік норма популяциясына жатқызу туралы қорытынды шығаруға болады.Бірақ практикада
маңызды өзгешеліктер жиі пайда болады. Бұл жағдайда психолог жеке тесттік тəжірибесінде ғана емес, отандық
психодиаг-ностиканың ақпараттық-əдістемелік бланкін толтыру үшін де қажет. Əдістемені жасауда өткен
бөлімде айтылып кеткендей, шешуші рольді психологтың мəртебесі мен əдіснамалық бағдары атқарады.
4. Мəртебе мағынасы бұл жағдайда зерттеу мекемесінде жəне тəжірибелік мекемедегі жұмыс атқаратын
психологтың əрекет өнімдері нормативті талаптарының айырмашылықтары деп түсініледі. Егер бірінші жағдайда
психолог өзінің құрастырған əдістемесінің ішкі психологиялық валидтілігін қорытынды өнімі санаса, екінші
жағдайда ол өзінің психодиагностикалық бағдарламаларының тəжірбиелік эффективтігін қамтамасыз етуі керек -
диагностикасының статикалық маңызды байланысын - əлеуметтік құнды көрсеткіш критериін көрсетіп, осы
байланыс негізінде психологиялық «əсер ету» концепциясын құрастыруы керек. Көрсетілген психолог-зерттеуші
жəне психолог-практик мəртебелерінің бастапқы ерекшеліктері тестті жəне тесттік батареяларды құрастыру
стратегиясындағы аяқталған ерешеліктерді көрсетеді. Психолог-зерттеушіге басты құндылық-бұл конструктты
валидтеуге аяқталған бағдар бойынша қол жеткізген диагностикалық, конструкттылық дəлелденуі жəне
эмпирикалық бір мағыналылығы болып табылады. Теоретикалық , эклектикалық - ғылыми қатал конструктты
жоқ эмпирикалық құрал көмегімен алынса да психолог-практик үшін басты құндылық бұл- эффективтілік болып
табылады.
Психодиагностика- басқаратын сақина түрінде жүзеге асырылатын «ғылым-тəжірибе-ғылым-тəжірибе...»
түріндегі спецификалық институт сияқты, егер кез-келген тесттерді құрастыру,қолдану мүмкін болса өз
жұмысында оптимальді режимге ие болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.тестілеу жəне өлшеу теориясы дегеніміз не ?
2. Классикалық эмперико-статикалық тест теориясы қалай жүзеге асады?
3.Тестілеудің стохастикалық теориясы қандай?
№18 Дəріс.
Тақырып:Экспериментальды психологиялық зерттеулер нəтижелерінің интерпретациясы.
Дəрістің мазмұны:
1.Интерпретация жəне қорытындылау.
2.Зерттеу нəтижесінің формасы.
3. Ғылыми мақалаға қойылатын талаптар.
Мақсаты: Интерпретация жəне қорытындылау, зерттеу нəтижесінің формасы, ғылыми мақалаға
қойылатын талаптар жөнінде түсіндіру.
1. Интерпретация дегеніміз латын тілінен алынған (interpretation) сөз ғылыми тілмен айтқанда –
мазмұнын ашып түсіндіру , талқылау, ал, өнер тілінде көркемдік шығарманы творчествалық орындау, автор-лық
шығармашылық жəне сценариі деген мағынаны білдіреді. Ин-терпретация ол өзі көбірек шыншылдыққа , бір
нəрсенің мазмұнын ашуға жақшырақ келеді. Біздің жобалауымыз бойынша айтқанда, бұл сөздің арғы жағында
бір нəрсені ашу,яғни жаңалық ашу деген-ді білдіреді деп ойлаймыз.Мыс: оқушының оқу үлгерімінің күрт
төмендеуі неліктен екенін анықтау, соны неліктен олай болды екен деп бақылау отырып мазмұнын , себебін
табу, ашу оны көбіне төмен класс оқушыларының жоғары класқа ауысуынан байқауға болады.Себебіолардың
көбі жоғары классқа барғанда яғни 5 сынып оқушысы болғаннан кейін, бұрынғыдай бір оқытушы емес , əртүрлі
оқытушылар əртүрлі пəндерден сабақ берген кездеалғашында, оған үйрене алмай көп қиналады.Олар өздерін
қорғаушы, қамқоршылары-нан айырылғандай сезініп далада, қараусыз қалғандай болып, ыңғай-сызданып,
сабақтарына біріне үлгерсі, біріне үлгере алмай қиналып, сабағы, ынтасы бəрі төмендейді.Міне сондықтан
балаға көбірек мəн беріп, соның тілінде ата-анасы, жаңа класс жетекшісі мектеп ұжымы бəрі көмектесуі керек.
Осыдан кейін ғана бала əрі қарай қайтадан қалпына түсе бастайды.
Жұмыстың апробациясы.
Бір нəрсенің жұмыстың кемшілікті болдырмай алдын-алудың апробациясы.Сенімді апробация-ол
алдын-алу, кеткен кемшіліктерді түзету болып саналады.
Апробация сөзі латын тілінен алынған. Ол бір нəрсені қолдау дегенді білдіреді. Оны доклад,
дискусияларда, бір жұмыстарды тал-қылағанда пайдаланамыз.Ол мысалы: курстың жұмысы, диссертация, отчет
жасағанда, соны талқылай отырып, жазған, жасаған жұмысын қолдауын айтамыз.
2.Жұмыс апробациясының өзі неше бір түрлерге бөлінеді деп айтуға болады.Соларды зерттейтін
болсақ олар:
1.Ғылыми-техникалық есеп.
2.Доклад жəне жаңалық .
3.Стсатья.
4.Рецензия .
5.Брашюра.
6.Методикалық бағдарлама беру
7.Диссертация.
8.Кіріспе.
9.Теориялық .
1.Ғылыми есеп дегенге қысқаша мінездеме берер болсақ , ол жасалған ғылыми жұмыстардың
қорытындысы болып келеді.Оған методика бір затты байқап көруге арналған жұмыстар жатады.
2.Доклад мысалы: жаңалыққа ол хат түрінде жазылады бірақ оны тек дауыстап оқыту керек.Оны
халық арасында түгелдей айта алмаймыз, тек қана қысқа түрде айтылады.
3.Статья көбіне қысқаша түрде, тек қана қысқаша ескертулер, солардың қорытындылары ғана
беріледі.
4.Рецензия-ол қиындау шығармаларды, не шығарманы міндетті түрде қарау болып есептеледі.
5.Брошюра-ол дегеніміз 4 немесе одан көп бетке жазылған шығарманы қарау.
6.Методикалық бағдарлама беру .Ол өте қысқаша ғана, практика түрінде бағыт бағдар беру жəне
көрсету деп есептеледі.
7.Диссертация латын тілінен алынған (dissertation)-бақылау, қысқаша айтып беру. Диссертацияны
кандидаттар немесе ғылым докторлары қорғайды.Диссертацияны алдын-ала дайындалып, бүкіл коммисия
алдында оқи отырып соның ішіндегі жазғандарын солардың алдында қорғап шығуы керек .
8.Кіріспе-дегеніміз бір əңгіменің берілуі,соны қысқаша көрсетіп, практика жүзінде өткен
шаралардың қысқаша қортындыларының не мағына беретін білдіреді.
9.Теориялық жағынан қортындылау ол бір əдебиеттің немесе қызықтырған бір қиын жағдайды
зерттеу, іздену болып келеді.Содан кейін тəжіриебе жүргізуге немесе байқап көруге арналған жұмысына қысқаша
тоқталып өтеміз .Қорытындыға осы барлық жүргіген жұмыстың соңындағы қалай аяқталғанын жазу жəне де
соған қай жерінен артық , кемшілік кеткенін айтып, ескертулер мен түзетулер болып есептеледі .
Библюграфия- дегеніміз осы жұмысқа қолданған əдебиеттер.
Стиль-дегеніміз осы өткізілген немесе өткізілейін деп отырған ғылыми жұмыстың қатаң түрде оқылуын,
жазылуын қадағалап отыру, өз тілінде жақсы , нақты түрде түсіндіру болып есептеледі.
3.Ғылыми нəтижелердің мəтіндік көріннісінің бірнеше нұсқалары болады. Ғылыми басылымның негізгі
формасы ғылыми мақала болып табылады. Мақалаға қойылатын талаптар төмендегіше болады.
Мақаланың мұқаба бетінде автордың аты-жөні мен оның жұмыс орны қысқаша көрсетіледі.(15 сөзден көп
емес.) Ол оқырманға зерттеу туралы қысқаша мəлімет беруі тиіс. Мақаламен қатар 100-175 сөзден көп емес
қысқаша мəлімет болады. Онда зерттеу проблемасы , пəні, зерттеушілер, əдісі туралы жəне нəтижелер мен негізгі
қорытындылары туралы жазылады. Алғашында кіріспеден басталады. Кіріспенің бас жағында проблеме
ұсынылады. Кейін осыған дейінгі жүргізілген зерттеулерге шолу жасалады. Бұрынғы зерттеулерде қолданылған
негізгі əдістер , нəтижелердегі кездескен қарама-қайшылықтарға талдау жасалады. Автор өзінің зерттеулерінің
теориялық негізін ұсынады. Болжам жəне оны тексеру жолы көрсетіледі. Зерттелетін жəне бақыланатын
айнымалылықтардың тізімі келтіріледі. Жəне зерттеу нəтижесі туралы болжам жасалады.
Келесі бөлімі əдіс. Зерттеу əдістері туралы негізгі мəліметтер кіріспеде келтіріледі. Осы бөлімде зерттеу
процедурасының барлық ерекшеліктері толығымен ашылады. Зерттелушілерді таңдау сипаты топтарды
қалыптастыру стратегиясы туралы айтылады. Зерттеуді жүргізудің сыртқы жағдайлары, уақыты туралы мəлімет
беріледі. Зерттеу процедурасы толықтай сипатталады. Оқырманға экспериментатордың жұмыс алгоритмі мəлімет
береді. Зерттелушіге берілген нұсқаутолық жазылады. Тəуелсіз айнымалыны басқару тəсілдері, тəуелді
айнымалыны өлшеу, сыртқы айнымалыларды бақылау тəсілдері туралы айтылады.
Əдістемелер мен аппаратура.
Əдістеме мен аппаратураны сипаттауда моделінің нақты атауы мен оның спецификасын көрсеткен жөн.
Көбіне
ерекше
аппаратура
деталды
түрде
суреттеледі.
Стандартты
техника
мен
стандартталған
əдістемелерді(тест) жан-жақты суреттеу міндетті емес. Бірақ қолданылған тестерді сипаттаған кезде олардың
атауын , өткізу мерзілін, орнын валидизация мен ревалидизация авторларын негізі псиметрикалық
сиппаттамаларын,с.қ. тестті жасаушының мекен-жайын көрсетіп кету міндетті. Р.Кеттелдің Мəдени ерікті
интеллект тестісі –А.Ф. Денисов, Г.Д.Дорофеев ГП « ИМАТОН»-баспасы СП-1994
Нəтижелер Мақаланың басты бөлімі нəтижелерді ұсыну мен талдауға аврналады. Бұл бөлімнің басында
проблема мен болжам туралы еске түсірген жөн. Кейін қысқаша түрде негізгі қорытындылар келтіріледі.
Нəтижелердің жалпы құрылымы мен оның статистикалық мəні туралы айтылады.
Қорытындыларды нақтылап суреттеу үшін кестелер мен суреттер келтіріледі. Кестелер мен сызбаларды
мақала мəтініне емес, мəтін соңына орналастыруы тиіс. Əрбір кесте немесе сурет бөлек бетте көрсетіледі.
Нəтижелерді талдау . Бұл бөлімдже мақала авторы алынған мəліметтер туралы қорытынды жасап,
оларды болжамман байланысмтырып отырады. Автор теориялық жəне əдіснамалық мəліметтерді пайдалана
отырып эксперимент нəтижесін түсіндіруі тиіс. Зерттеу барысында сүйенген теорияны жетілдіру немесе кері
теріске шығару үшін шығарылатын ұсыныстарды түсіндіру үшін қосымша болжамдар беруге болады.
Мəлімет көзіне сүйену. Қолданылған əдебеттер тізімі бөлек бетте көрсетіледі. Соынмен мақала
барысында əдебиеттерге сілтеме жасалады. Маңызды деген сілтемелер бірінші бетте болуы тиіс. Əрбір кесте
бөлек-бөлек бетте берілуі керек. Алдымен кесте нөмірі кейін аты. Əдетте қатар бойында зерттелушілер
тобы, ал жол бойында эксперимент шарты беріледі.
Мақалада сөйлем құрастыру барысында енжар сөздерден қашу керек.
Басылымды шыққан нəтижелер əрбір қолданылуға жететін ақпарат ағынына кіреді. тҒылымның күші-
біліксүйгіштік, қызғаныш, тəкапарлық секілді субьективті əсерге бағынбауында. Қоғамның ашықтығы
тұлғалық өсуді қолдап, бірақ ғылыми бірлестіктерге ғылыми емес принциптерді жүктеп отыр. Эксперимент
бұл ғылыми бірлестікке жүктелетін кез-келген идеяны сынға алатын күшті құрал.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Интерпретация жəне қорытындылау қалай жүзеге асады?
2.Зерттеу нəтижесінің формасы қандай?
3. Ғылыми мақалаға қойылатын талаптар қандай?
№19 дəріс.
Тақырып: зерттеу нəтижелерін бейнелеу мен безендендіру түрлері.
1. мақала
2. доклад
3. Ғылыми есеп.
4. Рицензия
5. Əдістемелік құрал.
Мақсаты: мақала, доклад, ғылыми есеп, рецензия, əдістемелік құрал туралы түсініктер беру.
1.Бұл нақты сұрақтар немесе зерттеу нəтижелері бойынша автордың көзқарасы көрсетілген шағын көлемдегі
арнайы публикациялар. Студент зерттеушілер үшін тағы бір ғылыми ақпарат көзі, түрлі ғылыми ақпараттарда
жарияланған материалдар.
2.Кез-келген рефераттарды, мақалаларды əр түрлі саладағы жиналыстарда баяндау, теориялық мазмұнды
ретінде жеткізіледі.
3.Дисертация, қол жазба, есептер, орталық кітапхана немесе ғылыми мекемелердің ақпараттарын сақтау
бөлімдерінде болатындықтан оларды зерттеуге студенттердің қолдары жете бермейді. Дисертация бұл
монографиялық еңбекке ұқсас ғылыми жұмыс (кандидаттық, докторлық дисертация) магистрлік дисертация,
докторлық Пиамти, докторлық. Əрбір дисертацияның мазмұны қысқаша түрде авторефератта көрініс табады.
Зерттеу жұмысын дұрыс білікті жəне нəтижелі жүргізу үшін осы кезге дейін жарияланған мақалалармен ғылыми
еңбектерді зерттеу қажет. Бұл жұмыс «зерттелетін мəселенің жағдай зерттеу» деп аталады. Зерттеуші ең алдымен
кітапхана ақпарат орталықтарында, зерттеу институттарында ақпаратты жинақтайды. Педагогика жəне басқада
ғылыми зерттеу нəтижелері кітаптар мақалалар ғылыми жұмыстар жинағы дисертация баяндама есептермен
көрініс табады. Əдебиет көздерін зерттеу ең оңай тəсілі бұл ақапаратты бөлек карточкаларға түсіріп алу жəне
анотациялау. Оқылған мақала немесе кітаптардың қысқаша мазмұны жазып алудың бірнеше түрлері бар: тезис,
реферат, цитата жəне т.б.
Аспирантура, докторатура – оқу орындары мен мекемелерде біліктілігі жоғары білімі жəне ғылыми педагог
нысандар дайындау нысаны.
Бакалавр, магистр – жоғары кəсіптік білімнің тиісті білім берген адамға академикалық дəреже мен біліктілік.
Гимназия – негізгі жəне қосымша жалпы білім беру бағдарламасы іске асыратын оқушылардың білімділігі мен
қабілетіне сəйкес бейімдеп саралап оқытатынды. Көздейтін жалпы білім беретін оқу орны.
Лицей – негізгі жəне қосымша жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын жоғарғы сатыдағы оқушыларды
кəсіби бағдарламалап оқушыларды жүзеге асыратын жалпы оқу орны. Шағын жинақталған мектеп – сынып
жинақ аралас жəне оқу сабақтарын ұйымдастырудың нысандары бар, оқушылардың саны шағын жалпы білім
беру мектеп.
Колледж – орта кəсіптік білімі бар мамандықтар даярлаудың білім беру бағдарламасын іске асыратын жалпы оқу.
Оқу бағдарламасы - əрбір оқу пəні бойəынша тең келуге тиісті білімнің шеберлігін дағдыларының мазмұны мен
көлемін айқындайтын құжат.
Оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пəндерінің тізбесімен көлемі оларды зерделеу тəртібімен
бақылау нышандарын регламенттердегі негізгі құжат.
3.Ғылыми ізденістің нəтижелі болуы шын жемісті нəтижеге қол жеткізу үшін зерттеу логикалық түрде құрылу
керек. Психикалық зерттеулердің негізгі айналысатын саласы дамушы ортаның қарым-қатынасы жəне тұлғаның
көптеген əлеуметтік байланыстылығы. Зерттеуші объект адам болған соң зерттеу логикалық жүйелі құрылу
қажет. Зерттеу логикасының құрылуы 3 кезеңін бөліп көрсетуге болады. 1 бастапқы кезең, 2 зерттеушілік кезең,
безендірушілік кезең. 1 – тақырып анықталады, зерттеу міндеттері қойылып гипотезі өнделеді. Зерттеу мынадай
логикалық құрылымда жүзеге асады. I – бастапқы кезең – проблема, тақырып, объект, пəн, мақсат, міндеттері,
гипотезі. Зерттеушілік кезеңінің логикалық кезеңі əдістемелік таңдау гипотезді дəлелдеу. Алғашқы
қорытындыны шығару қорытындыны нақтылау. Безендірушілік кезең: 1 қорытындыны талқылау, 2 қоғамға
жариялау, жұмысты безендіру (есеп баяндама, кітаптар шығару, дисертация шығару), 4 зерттеу нəтижесін
практикаға енгізу. Зерттеу жұмысы объектіні таңдай бастады. Бұл психологиядағы адам əлі шешілмеген маңызды
проблема. Мектепке дейінгі тəрбие, орта немесе жоғарғы мектеп оқу процесі, ақпараттау, үздіксіз білім беру.
Зерттеуші біліміне қызығушылығына өмірлік тəжірибелер қабілетіне сəйкес зерттеу болып келеді. Бір-бірімен
тығыз байланысты қадамдардың бірі – зерттеушінің проблемасымен тақырыбын анықтау. 4.Проблема
дегеніміз – проблемалық міндеттерді шешу. Мысалы: баланың бос уақытын ұйымдастыру проблемасықиын
тəрбиеленетін баланың алдын алу проблемасы. Белгілі бір проблеманы анықтау үшін зерттеушінің білімі мен
тəжірибесі мол болу керек. Зерттеу объектісі танылушыдан тəуелсіз қасиеттермен қарама-ққатынастың белгілі
бір жиынтығы. Психологиядағы белгілі бір объектісі таным субъектісінен тыс өмір сүретін құрылыс. Мысалы:
зерттеу объектілері жаңа білім беру жүйесінің қалыптасу процесі тұлғаның əлеуметтік дамуы белгілі бір
техниканың тиімділігі. Зерттеу пəні ұғымы, мазмұны бойынша нақты болып келеді. Зерттеу пəнінде терең
зерттеуді қажет ететін объектідегі қарым-қатынаспен қасиет бейнеленеді. Бір ғана объектінің өзінің əртүрлі
зерттеп пəнін бөліп алуға болған. Зерттеу пəнінде зерттеу жұмысына қатысты мəселелер бейнеленген.
Психологиялық зерттеу пəніне ұжымдық қарым-қатынас біріккен іс-əрекеттер ересект-н балалық ұжымын
қалыптастыру, танымдық қызығушылық дамуына қоршаған ортаның əсері жатады. Зерттеу басталмас бұрын
мүмкіндігіншще ізденістің жалпы нəтижесін алдын-ала нақты ойлап оның мақсатын айқындау қажет. Мақсатқа
бағыттаушылық – адам əрекетінің маңызды сипаты белгілі бір мақсатпен жету үшін адам болашақтағы істерін
ойша бейнелейді, миында талдайды. Сол сияқты психологиялық зерттеудің мақсаты зерттеушілердің жалпы
аралық немесе соңғы нəтижелері туралы негізделген. Зерттеудегі ең маңызды жəне қажетті кезең жалпы
мақсаттың зерттеу міндеті жүйесінде нақтылануы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |